Басы » Бастауыш сыныптар » Ф.Оңғарсынова «Қанат туралы хикая» қысқа мерзімді жоспар

Ф.Оңғарсынова «Қанат туралы хикая» қысқа мерзімді жоспар

ulmekenС. Шарипов атындағы мектеп- интернатының

ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі

Избасова Ұлмекен Серікқызы

Мұғалімнің аты-жөні Пәні Сыныбы Сабақтың тақырыбы Күні
Избасова Ұлмекен Ана тілі 4 а Ф.Оңғарсынова  «Қанат туралы хикая» 2015
Сілтеме 4-сынып Ана тілі  оқулығы, әдістемелік Алматы «Атамұра» 2011 жыл. Авторлары: С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р.Базарбекова

 

Ана туралы нақыл, мақал сөздер, суреттер, презентация

 

Жалпы мақсаттар Өлеңді түсініп мәнерлеп оқуға үйрету, өлеңдегі өзекті түйінді ойды ашуға жағдай жасау.

Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып  сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Мейірімділікке, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Оқыту нәтижесі Сыни ойлауды дамыту, алған білімдерін өмірмен байланыстыра білу
Негізгі идеялар Теориялық білімді практикамен ұштастыра білу, ойларын еркін жеткізу.
Қолданылған модульдер Сұрақ — жауап, диалог, АКТ, СТО, диалогтік оқыту тәсілі, талантты және дарынды балаларды оқыту үшін бағалау, талдау жинақтау, ойын.
Сабақ бойынша жазбалар
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті уақыты
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

 

 

 

 

1,2,3- ке санау арқылы топқа бөлу

 

 

 

 

 Бір-бірімізге шаттық шеңберін құра отырып, жақсы тілектерімізді білдірейік

 

Оқушылар сол шаттық шеңберінде тұрып, 1,2,3- ке санау арқылы топқа бөлінеді.

 

2-минут
І.Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы сұралады. Б.Бұлқышев «Ана» мәтінін жатқа сұрау.

Сонымен қандай қорытынды шығаруға болады.

Ассоциация жасау

1-топ   Ана кім?

2-топ   Ана көңілі қандай?

3-топ  «Апамның астауы » мәтіні бойынша

Апа қандай?

Сонымен ана игермеген кәсіп, ана көтермеген жүк, ана алмаған асу жоқ екенін білдік

Ой қозғау

Ф.Оңғарсынова портреті арқылы сұрақ. Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

Фариза апа жөнінде мен не білемін?

Ф.Оңғарсынова ана тақырыбында лирикалық өлеңдер жазған қазақтың дарынды ақындарының бірі. Ол көптеген өлең кітаптардың авторы.

Бүгін біз Фариза апамыздың «Қанат туралы хикая»  өлеңін  оқып танысамыз.

Сөздік жұмысы. ХИКАЯ—әдебиет жанрының бір түрі. Сюжетке құрылған оқиға желісі. Повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр.

Қанат сөзін   нелерге байланысты айтамыз?. /Ұшақ қанаты, құс қанаты, киіз үй қанаты/

 

 

Оқушылар топтық жұмысты орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

10-минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ. Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

Тізбектеп оқыту

Өлеңді оқығанда қандай көңілде болдың?.

Балапанға не болды ? Көмек берілді ме?  Бала балапан қанатын көріп қандай ойға қалды?

Өлең  шумақтарымен жұмыс.  

1-ші шумақты мән беріп оқы.

Обал дегеніміз не?

Обал-қазақ халқының жас ұрпақты әдептілікке тәрбиелейтін ұлағатты ұғымы. Обал ұғымы қоршаған ортаға зиян келтіруге, жамандық жасауға яғни жандыны жәбірлеуге, жансызды бүлдіруге болмайды деген мағынаны білдіреді.

2-ші шумақта бойынша.

Автордың балапанға көрсеткен көмегі не? Балапан қанатының нәзіктігін көрсету.

3-ші шумақта балапан қанатына қарап бала қандай ойға қалды? Не ойлады?

4-ші шумақты мән беріп оқы. Неге автор осы екі сөзді тандаған деп ойлайсың? (Әке, ана) Қатер деген сөзді қалай түсінесің?

5-ші шумақты оқи отырып өзіңе ұнамаған сөзді тап. Ол сөз «мүгедек». Осы сөзді өмірде болдырмау керек.6-шы шумақ. Бала не деп тіледі?

 

Оқушы жауабы

 

Ренжідік, Аядық қуандық, таң қалдық

 

 

 

 

Оқушылар өлеңді тізбектеп оқи отырып, өлең шумақтарын сұрақтар арқы талдайды.

 

8 минут

                   Қолдану

Топпен жұмыс.

Сұрақ-жауап оқулықтағы.

Енді балалар, ана туралы мақал-мәтелдер айтайық.

Әр топтан 3-4 оқушыдан айтқызу.

Ойымызды толықтыра түсейік.

ІІІ. Ой толғаныс.

5 жолды өлең құрастыру.

  1. Зат есім. Кім?
  2. Сын есім. Қандай?
  3. Етістік. Не істейді?
  4. 4 сөзден құралған сөйлем.
  5. Балама сөз.

 

 

 

 

Анаңды меккеге 3 рет арқалап апарсаң да қарызын өтей алмайсың

 

Ана

Қадірлі,аяулы

Тербетеді,әлдилейді, жұбатады

Ана-жарық өмір сыйлаушы

Шеше

7 минут
Талқылау

Топтық жұмыс

1-ші топқа тапсырма: Өлеңнің 4-ші шумағындағы жолды қайта қарастырып мүмкіндігіңше өзгерт, не толықтыр.

Оң қанатым-………..

Сол қанатым-………

Бірі түссе қатерге,

…………………………

2-ші топқа тапсырма: Ұйқас бойынша өлең шығар.

……………………. боламын,

………………………. аламын

…………………………………..

Әкем менен анамның.

3-ші топқа тапсырма: мақал-мәтелді толықтыр

1.Ана сүтін ақтамағанды, ..—————-

2.Әкеге қарап ұл өсер,—————-

3.Баланың білегі ауырса,—————

4.Әке көрген —  оқ жонар —————

 

Топпен жұмыс:

 

 

1-топ

 

Оң қанатым-әкешім

Сол қанатым-анашым

Бірі түссе қатерге

Қайырылады қанатым

 

 

2-топ

Мен әдепті баламын,

Кілең «5»-тік аламын

Айтқан тілін аламын

Әке менен анамның

 

3-топ

Ана сүтін ақтамағанды-ешкім жақтамайды

Әкеге қарап ұл өсер

Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

5 минут
                 Жинақтау.

Ата-анамызға тілек жазайық

Алдымен оң қолыңды қағаз бетіне қой да сыз, ішіне «Анама тілек» деп жаз. Сол қолынды қағаз бетіне қой да сыз, ішіне «Әкеме тілек» деп жаз.

Сендердің  шын жүрекпен тілеген ақ тілектерің орындалсын.  Сендердің ата-аналарың туралы айтқан тілектерің маған ұнады. Әр оқушы шығармашылықпен жұмыс жасады. Сыныпта көптеген  оқушылардың ақындық қабілеті бар екені байқалды. Шын ризашылығымды білдіремін.

 

  Оқушылар ата-аналарына  өз жүрекжарды тілектерін білдіреді. 3минут
Үйге тапсырма беру Ф. Оңғарсынова «Қанат туралы хикая» 2-минут
                  Бағалау Формативті бағалау   Медальдар арқылы бағалау  5- алтын

4- күміс

3- қола

 

2 минут
 Рефлексия

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Қандай әсер алдыңдар?

Тілек ағашына

Стикерге өз ойларын жазып жапсырады.

1 минут
 

Сабақтан кейінгі рефлексия

 

Не сәтті өтті?

Неліктен?

 

Не сәтсіз өтті?

Неліктен?

 

Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін

не істеймін?

Сабақтан кейін оқушылар топпен өткізген сабақтың қызықты екенін айтты. Әсіресе зерттеуге алынған оқушылармен сұхбат жүргізілді. Осындай сабақтар жалғасын тапса екен деп өз ойларын ортаға салды Оқушылар топпен жұмыс кезінде ата-ана туралы өз жүрекжарды тілектерін бір-бірімен таласып айтып жатты. Сонымен бірге топтық жұмыс өлең құрастыруда да оқушылар шеберлік көрсетті. Мақал-мәтелдердің де жалғасын таба білді. Сабақ қызықты өтті Өлең шумақтарын талдаған кезде қиыншылықтар кездесті.себебі оқушылар сыни  ойлауға көп уақыт жұмсады.  Уақытпен санаспады. Қиындықтарды жеңу үшін  оқушыларға топтық жұмысты жүргізе отырып, тапсырма орындаған кезде уақытты үнемдеу керек, шапшаңдық керек екенін ескертемін және үйретемін.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *