Исмагулова Г.Ж
БҚО,Жаңақала ауданы
Жаңақала ЖОББМ
тарих пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары.
Керей мен Жәнібек
Сабақтың мақсаты: — Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын анықтай алады
-Топтық жұмыс арқылы өз ойларын нақтылап,дәлелдей алады;
-Бір-бірінің топтық жұмыстарын бағалау арқылы өзіндік сын-
көзқарастарын қалыптастырады
Күтілетін нәтиже: — Қазақ хандығының құрылуының алғышартын анықтау мақсатында
оқушылар топтық жұмыстарға қатысып, өз көзқарастарын білдіреді
және шығармашылықтарымен бөліседі
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер: СТО: «миға шабуыл»
АКТ: интерактивті түсіндірілім(Lsm.nci.kz),бейнефильм
ББЖӘТ: диалогтік оқыту, «ақылды үшбұрыш»,«резюме»
Мұғалімнің әрекеті:
«Сөйлем құра!»тренингі
Сөздерге қарай топтарға бөлу
«Ақылды үшбұрыш» әдісімен үй тапсырмасын тексереді(тақтаға үш оқушы шығып, үй тапсырмасы бойынша өзара сұрақтар қойылып,оған жауап береді,қалған оқушылар оларды бағалайды)
Бейнеролик арқылы жаңа сабақ тақырыбы анықталады және оның мақсатын белгілейді
Интерактивті тақта арқылы интернеттен жаңа сабақтың мазмұны түсіндіріледі.І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзінді оқылады.
Оқушыларды топқа бөліп, жаңа сабақ мазмұнына орай тапсырмалар беріледі
Оқушылар әрекеті: