Басы » Кембридж бағдарламасы » Біздің елтаңба. Буын

Біздің елтаңба. Буын

Ақмола облысы

Есіл ауданы

 №3 орта мектебі

Мұғалім аты-жөні Айтмаганбетова Асемгул Мерекеевна

Сабақтың тақырыбы:  Біздің елтаңба. Буын.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларда буын жайында түсінік беру.Сөздерді буынға бөлуге,буындардан сөз құрауға,өлеңді мәнерлеп,түсініп оқуға мүмкіндік туғызу; оқушылардың сөздік қорын,сөйлеу тілін дамыту; туған Отанды сүю сезімдерін қалыптастыру .

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, қайталау.

Сабақтың көрнекілігі: рәміздер суреттері, бейнетаспа, буклеттер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Кіріспе бөлім.

1.Сұрақ-жауап:

-Біз тұратын мемлекет……..

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Қазақстан Республикасы қай жылы Тәуелсіздік алды?

-Қазақстан Республикасының Рәміздерін ата.

  1. Тіл дамыту.

«Біздің елтаңба» өлеңі.

1.Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

2.Өлеңді мәнерлеп оқуы.

3.Өлеңді оқушылардың оқуы.

4.Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

-Балалар өлеңде не жайында айтылған?

-Ақын елтаңбадағы қандай бейнелерді суреттеген?

-Ол бейнелерді ақын неге теңеген?

-«Шаңырақ-жұрт панасы» дегенді қалай түсінесің?

-Халық,пырақ,аңыз,шаңырақ сөздерін буынға бөл.

5.Сөздік жұмысы:

Пырақ-ертегілерде кездесетін қанатты тұлпар.

Аңыз-халық қиялынан туған оқиға.

Ая-ауқым,көлем.

Оқулықтағы жаттығу бойынша гүл күлтешелеріне буын жасап,одан сөз құрау,оқушылармен жарыс түрінде ұйымдастыруға болады.

Сәйкестендіру тесті. Екі буындағы буындардың сәйкес келетін сәйкестендіріп сызады.

Бал                                      лам

Дәп                                      ға

Қа                                        тер

Ша                                       ға

Сыр                                     на

Оқушылардың өзіне бағалату.

Үйге тапсырма.    2,3,4 буынды сөздер құрау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *