Қарағанды облысы
Абай ауданы
Топар кенті
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік — асыл қасиет»
Сабақ жоспары
Сыныбы 7 «а» | Күні: | |
Сабақтың тақырыбы | Мейірімділік – асыл қасиет | |
Мақсаты | Балалардың «мейрімділік», «қайрымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту | |
Міндеттері | — мейрімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; — өзара сыйластық қарым — қатынастарын дамыту; — мейірбандылыққа тәрбиелеу. Шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту; |
|
Күтілетін нәтижелер
|
|
|
Керекті жабдықтар
|
Интерактивті тақта, оқулық, әдістемелік әдебиеттер, интернет желісі, дидактикалық тапсырма, таратпа материалдар, флипчарттар, маркерлер | |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Жаңа тақырыпқа қызығушылығын ояту, .
Жаңа тәсілдер: Зерттеушілік әңгіме, диалогтік оқыту,топтық әңгіме |
|
Сабақ барысы: | ||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе
Шаттық шеңбері Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын құру «Кімнің қандай екенін тап» Мақсаты: Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру 3 мин. Топтарға бөлу:
|
1.Ұйымдастыру (сәлемдесу)
Оқушыларға Кім ешқашан кешікпейді- Кім ешқашан айқайламайды- Кім барлығымен өте сыпайы- Кімнің даусы өте әдемі- т.б Сөздер жазылған стикерлер таратады.
Топтың ережесін еске түсіру.
|
1.Сабаққа әзірлеу
Оқушылар қолдарына бір-бір тал гүл алып, шеңберге тұрып, хормен: «Күндей күлімдеп, Айдай арайлап, Судай мөлдір таза көңілмен, Бүгінгі күнді бастаймыз!» — деп, біріне-бірі гүлді бере отырып, жылы лебіздерін білдіреді. (тілек шоғы)
Оқушылар қолдарындағы қиықшалардың түсі бойынша топтасып отырады. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді. |
Тұсаукесер
«Миға шабуыл» Мақсаты: оқушыларды уәждендіру, оқыту мақсатын бірлесе дайындауға ынталандыру және өткен тақырыппен байланыс орнату
7 мин.
|
«Жетімдер» фильмінен үзінді көрсету
Балаларда қамқорлық, жанашырлық сезімдерін ояту мақсатында әңгіме ұйымдастыру. Фильмнен алған әсерлері жайлы сұрақтарға жауап алу.
|
Оқушылар сұраққа жауап береді және бір-бірін толықтырады.
Толық жауап берген топ жұлдызша алады.
Оқушылар қолдарындағы қиықшалардың түсі бойынша топтасып отырады. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді |
Негізгі бөлім
Мақсаты: оқушыларды сыни ойлауға баулу, (7 мин)
|
«Ана махаббаты» аңыз әңгіме
Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды: -Анашым, сіз біздердің қайсымызды ерекше қатты жақсы көресіз? Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді: -Мынау- шырақ, ол — мен! Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты. — Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім.Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма? — Жоқ! -Менің шырағымның жалыны бір қалыпты. Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді… Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер! Аңыз әңгіме бойынша сұрақтар: 1.Балалар не себепті келісімге келе алмады? 2.Ана өз сүйіспеншілігін қалай білдірді?
|
Оқушылар өзара зерттеуші, таймпикер, хатшы, баяндамашы рөлдеріне бөлініп топтық жұмыс орындайды.
.
|
Дәйексөз (3 мин) | «Мейірімділікті анадан үйрен»
— Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарға мейірімін сыйлайды. Мәпелеп, аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық даналары «Мейірімділікті анадан үйрен» деген. |
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады. |
Сергіту сәті
Мақсаты: зерігудің алдын-алу, көңіл-күйлеріне жағымды әсер ету. (2 мин) |
||
Шығармашылық жұмыс
(15 мин) |
-«Мейірімділік» кестесін толтырыңдар. Бірінші бағанға-мейірімді істердің,екінші бағанға-мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар;
— «Мейірімділік» эмблемасын жасау; — «Мейірімділік жүректен» — эссе. |
1- топ: «Мейірімділік» кестесі
2-топ: «Мейірімділік» эмблемасы 3-топ: «Мейірімділік – жүректен» эссе |
«2 жұлдыз, бір тілек»
Өзара бағалау |
«2 жұлдыз, 1 ұсыныс» айтуын сұраймын, топты мадақтаймын. | Оқушылар өзара топтық бағалау жүргізеді. |
Қорытындылау
«Мейірімділік гүлі» |
Әр топтан оқушылар гүл күлтешесіне өз ойларын жазып жапсыруын сұраймын. | Тақтаға әр топтан оқушылар шығып мейірімділік гүлін құрастырады |
Рефлексия.
Мақсаты: сабақтағы алған әсерлерін білу 2 мин Жүректен жүрекке |
« Жылы сезім жүректерде сақталады,
Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады |
«Балалардың мейірімді жүрегі, Сіздерге бақыт, шаттық тілейді» Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сабақты аяқтайды. |