Басы » География » Жердің формасы мен өлшемі. Глобус жердің үлгісі

Жердің формасы мен өлшемі. Глобус жердің үлгісі

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп шағын орталығының география пәнінің мұғалімі
Билибаева Жадыра Тұрарқызы
Тақырыбы: Жердің формасы мен өлшемі. Глобус жердің үлгісі
Мақсаты: Жерлің пішіні және өлшемі туралы білім қалыптастыру.Логикалық ойлау және сөйлеу қабылеттерін дамыту. Іздемпаздыққа, мәдениеттілікке баулу. Ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
 Жердің формасы туралы біледі
 Жердің өлшемін анықтайды
 Глобуспен танысады
 Меридиан, экватор сызықтарын үйренеді
 Топпен жұмыс жасауды қалыптастырады
Көрнекті құралдар: э/о Г 6-10 сынып.
Сабақ түрі; аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, оқұлықпен жұмыс, әңгіме.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
 Сәлемдесу
 Сыныпты түгелдеу
 Жаңа сабақ тақырыбын мақсатын хабарлау
 Бар назарларын сабаққа аудару
 Сыныпты фигуралар арқылы төрт топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру
Топтарға тапсырмалар беру:
1топ: Күн сәулесінің өсімдіктерге тигізетін әсері
2-топ: Күн сәулесінің жануарларға пайдасы
3-топ: күн сәулесінің адамдар үшін маңызы
4-топ: Әль-Фарабидің еңбектеріне тоқталу
Жаңа сабақ: Қызығушылығын ояту кезеңі:
Электронды оқулықты пайдалана отырып, тақырыпқа сәйкес көрсетілім көрсету.
Мағынаны тану кезеңі:
Оқушыларға қысқаша түсіндіру
Жер Күн жүйесіндегі,күннен есептсек үшінші ғаламшар.шамамен 405-106 млрд. жыл бұрын пайда болған.
 Алғашқы кезде улы газдармен қайнап-жанып тұрған тау жыныстарына құралған аспан денесі болатын.
 Миллиондаған жылдар бойы.Жер біртіндеп суына бастайды.Жердің бетінде жатқан массаның үстіне жұқа гранитті қабат пайда болып қызған кездегі су булары нөсер жаңбырларға айналып,толассыз жер бетіне жауып тұрды.
 Жаңбыр сулары Жер бетіндегі ойыстарды төмен жатқан жерлерді суға толтырады.Бірақ уақыт өте келе су кері қайттып бұрынғы деңгейінен төмен түсті.
 Соның өзінде Жер бетінің 2/3 бөлігі сулардан тұрады.Жалпы ауданы 510млн.км;оның 71%су,қалған 29% құрлық алып жатыр.
Жер шар тәрізді Ежелгі оқымыстысы Аристотель,Пифагор Жер шар тәрізді екендігін айтқан.
Эратосфен жердің сыртқы қабатының ұзындығын нақты өлшеген 39960км.
Жер шарының кішірейтілген моделін глобус деп атаймыз .

Бекіту кезеңі Глобуспен жұмыс
 тауып көрсетіндер: меридиан,экватор,параллель,полюстерді,жарты шарларды.
 Глобусты және картаны пайдаланып қай жарты шарда өмір сүріп жатқандарыңды анықтадар.

Картамен жұмыс:
Материктер мен мұхиттарды көрсетеді.
Қорытынды: Ббб кестесі арқылы

Үйге тапсырма :
Кескін картаға материктер мен мұхиттарды түсіру
Тақырыпты оқу
Тест тапсырмаларынаи дайындалып келу
Бағалау:
 Жердің формасы туралы білдім
 Жердің өлшемін анықтай алдым
 Глобуспен таныстым
 Меридиан, экватор сызықтарын көрсете аламын
 Топпен жұмыс жасай алдым.
Әр критерийге 1-5 балл аралығында қояды
1-8 аралығы 2
9-12 аралығы 3
13-18 аралығы 4
19 дан жоғары 5

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *