Батыс Қазақстан облыс
Қаратөбе ауданы
Қоскөл ЖОББМ
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Түгелтаев Жанболат Бердігалиевич
«Ептілер мен күштілер» спорттық жарыс
Сыныбы:5-7
Өтетін орны: Спорт зал
Тақырыбы: «Ептілер мен күштілер» спорттық жарыс.
Мақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділлікке, сенімділлікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Түрі: жарыс
Көрнекілігі: үлкен шар, доп, қап, теннис қалағы және шары
І.Барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Кіріспе сөз
- Спорттық жарыс
- Қорытынды
ІІ. Мұғалім сөзі:
Шынықсаң шымыр боласың
Сауығып айдай толасың
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға
Болмасаңда ұқсап бақ
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті мұғалімдер және оқушылар! «Эстетика» пән бірлестігінің апталығы барысында оздыырылып отырған «Ептілер мен күштілер» спорттық сайысына қошкелдіңіздер!
Әр таңды бақытпен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Спортшы балаларды шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
«Тұлпар» тобы. Топ басшысы: Жасасынов Естай
Мүшелері:
- Батыржанов А
- Батаев М
- Бисаханов Ж
- Исмағұлова А
- Жақсылықова А
Топ ұстанымы: «Жүзден жүйрік танылады сайыста, ұмыламыз біз ешкімнен қалыспай».
«Жас қыран» тобы. Топ басшысы: Жақсылықов Махамбет
Мүшелері:
- Құмаров М
- Өтеғали А
- Қажығалиев М
- Құмарова А
- Абатова А
Топ ұстанымы: «Қыран болып самғаймыз, жарыстан еш қалмаймыз!»
«Барыс тобы» тобы. Топ басшысы: Қуандықов Наурызбек
Мүшелері:
- Әділгереев Е
- Хамидуллин Ж
- Беріков Н
- Қисметуллина Н
- Құмарова М
Топ ұстанымы: «Мақсаты бірдің-рухы бір!»
Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз! Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Ал құрметті халайық
Жарсыты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер.
Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ қазы алқасымен таныстырып кетейік:
- Тәрбие ісінің меңгерушісі-Г.Кажыгалиева
- Денешынықтыру пәнінің мұғалімі-Мқханов М
- «Эстетика» пән бірлестігі жетекшісі-Акмуханов У
Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
ІІІ. Сайыстың бағдарламасы:
- Кім шапшаң?
- Кенгуру
- Фут баскет
- Қапшық жарысы
- Құймақ пісіру
- Каптиандар сайысы
- Арқан тартыс
Сонымен бірінші ойынымыз
- «Кім шапшаң?» оқушылар кезекпен белгіленген мәреге барып келуі керек?
- «Кенгуру» допты аяқ арасына қыстыра отырып, секіру арқылы белгілі мәреге барып, кері қайтады. Ең сонғы ойыншы ойынды аяқтайды.
- «Фут баскет» барлық ойыншылар кезекпен баскетбол себетіне доп салады.
- «Қапшық жарысы» оқушылар белгіленген жерге қапшықпен тез баруы керек.
- «Құймақ пісіру» сайыскерлер теннис қалағымен шарды түсірмей барып келу керек.
- «Каптиандар сайысы» бұл сайыста топ басшылары алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап беруі тиіс:
- Қысқы олимпиада қай қалада өтті?
- Қазақстан бойынша қысқы олимпиададағы жеңімпаздарды ата?
- Дениз Тен қай спорт түрімен шұғылданды?
- «Арқан тартыс» турыснда 3 команда жеребе бойынша арқан тартысады.
Өнерге биік сенеміз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз.
Сайыстың қортындысымен таныстырып жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз кезегін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Мухановқа береміз.
Барлық кезеңдер аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері жарыстың қорытындысын шығарады. Жеңіске жеткен командалар бағалы сыйлықпен және мақтау грамоталарымен марапатталады.
Жарыстың соңында Қазақстан Республикасының гимні орындалады.