Басы » Tәрбие сағаттары » Наурыз – жыл басы.

Наурыз – жыл басы.

Талдықорған қаласы

№14 орта мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Байзакова Айгуль Базарбековна

Сабақтың тақырыбы: Наурыз – жыл басы.

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Наурыз-жыл басы, күн мен түннің теңелуі, табиғатқа қамқорлық мерекесі екені жөнінде түсінік беру. Негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өз ойын қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: оқу мен жазу арқылы ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың сөздік қорларын байыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ұлттық тағам түрлерін, оның ішіндегі наурыз көженің жасалу жолдарын білгізе отырып, оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап., түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интербелсенді тақта, қима қағаздар.

Сабақтың барыс: ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақты бастамас бұрын «жылулық шеңберін» жасау

Ой ашар. Оқушыларды топқа бөлу.

Топ: Қошақан.

Топ: Ботақан.

Топ: Құлыншақ.

Әр топ өз аттарын таныстырып өтеді.

Өткен сабақты қайталау.

Алма ағашында ілінген сұрақтарға жауап беру. Әр топқа жұлдызшалар беріп отыру.

Көктемгі еңбек өлеңін жатқа айт.

Аптаның күндерін ата. Бүгін қай күн?

Көктемде қандай өзгерістер болады?

Көктемде қандай жұмыстар атқарылады?

Бір жылда қанша ай бар?

Әр жыл мезгілдерін ата. Әр жыл мезгілінде неше айдан бар?

 

Жаңа сабақ. Сабақты бастамас бұрын өлең оқу.

Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел енді

Наурыз тойы салтымыз

«Көгерсін» деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

 

Балалар, бұл өлең қай мерекеге арналып айтылған?

(наурыз мерекесіне)

Наурыз туралы  мағлұмат беру.

Наурыз парсы тілінде «жаңа күн» деген мағынан білдіреді. Ол шығыс халықтарының ортақ мейрамы, ұлыстың ұлы күні деп аталады. Наурызда күн мен түн теңеледі. Жер көгереді. Көшеттер отырғызылады. Малдар төлдейді. Ақ молаяды.

Наурыз – жыл басы өлеңін оқу.

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр, аңыз

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

 

І. Қызығушылықты ояту.

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біз бүгін наурыз мерекесіне барамыз. Наурыз мерекесі жайлауда болып жатыр екен. Ол жайлау алыста ,оған жету үшін орман-тоғай арқылы барамыз.

Балалар, орман-тоғайдың ішінде нелер бар? Әрине, жабайы аңдар мен жануарлар бар. Олар бізді жібермейді екен. Неге екенін білесіңдер ме? Олардың бізге дайындаған сұрақтары мен тапсырмалары бар екен. Соларды орындаңдар дейді. Орындаймыз ба?

Ендеше, топ болып жұмыс жасаймыз. (балалар сұрақтар мен тапсырмаларды алады)

Жолбарыс: Көктемгі мерекелерді атаңдар?

Арыстан: Наурыз деген не мағына береді?

Аю: Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар:

Қоян: Наурызда қандай салт-дәстүрлер көрсетіледі?

Бұғы: Бесікке салу деген не?

Түлкі: Тұсау кесу деген не?

Піл: Қазақтың қандай ұлттық киімдері бар?

 

Сергіту сәті

 

Арқар: Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

Ақбөкен: Жеті қазынаны және жеті атаны ата.

Көртышқан: Наурызда қандай тағамдар пісіріледі?

Борсық: Наурыз көжеге қосылатын тағамдар қандай? Тапсырманы орындаңдар.

Елік: Оқулықтағы тапсырманы орындаңдар. Әр қыздың ұлттық киіміне сәйкес кілем түрін көрсет.

 

Міне, балалар аң патшасы арыстан бізді жіберді.

ІІ. Мағынаны тану.

Балалар, біз бүгін көптеген тапсырмалар мен сұрақтарды орындадық.  Көп нәрсе үйрендік.

Венн диаграммасымен жұмыс.

 

Міне, балалар наурыз мерекесіне де келіп жеттік.

ІІІ. Ой толғаныс.

Жаңа материалды бекіту.

Бүгін біз не үйрендік?

Не білдік?

 

Үйге тапсырма. Наурыз – жыл басы өлеңін жаттап келу.

Сабақты қорытындылау. Әр топтың жұлдызшаларын санап, бағалау.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *