Талдықорған қаласы
№14 орта мектеп – гимназиясы
кітапханашы
Баймулдинова Сандуғаш Адилхановна
«Кітап – білім бұлағы»
Кітап білімнің қайнар көзі. Кітапсыз өмір сүру мүмкін емес. Кітап оқымаған адам яғни жас ұрпақ рухани жұтаңдыққа апаратынын білуіміз керек.
Балаға ертерек қозғау салып,оны кітап оқуға қызықтыра білуіміз керек. Кітап оқу кітапханамен оқушылар, ұстаздар, ата – аналар тығыз байланыста жұмыс істесе үйде қосымша әдеби кітаптардың оқылуын қадағалап ата–ана міндеттеп отырғаны дұрыс.
Кітап мәнді білім береді, адамды терең ойлауға жетелейді. Кітапты көп оқыған адамның ойы зерек, тілі жатық, сөзге шешен болып қалыптасады.
«Оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» деген Д.Дидро. Кітап оқымаған адам қандай болатынын дәлелдеп тұр. Жат құбылысқа ессіз еліктеу, кісі сыйлау, дөрекілік жаман әдеттер көрсететін мәдениетсіздік кітап оқымайтын ойсыз ұрпақтан шығады.
Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын әлемнің тылсым дүниесімен танысады, жаңа құндылықтарды үйренеді. «Надан мен дос болғанынша кітаппен дос бол» деп бекер айтылмаған. Ата–бабамыздың ұрпақтан ұрпаққа жеткен мұраларын, әдебиетін, тарихын, ерлігін, осы кітап оқу арқылы оқып танып білеміз.
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсаң ой ойлаудан да тиылар едік» деген Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, толғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерінізді өніп қажетіне жарата білу – әрбір адамның білімі мен білігін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі. Осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген балалардың қызуғушылығы азайды. Әдебиетке деген құлыңсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғаламтор, компьютер, қалта байланыс құралдарының әсері деп айтсақ та болады. Бала ғаламтордан дайын деректерді шығарып алады. Мұғалім ізденіс жұмыстарынан тапсырма берсе кітаптан іздемейді, ғаламторға жүгінеді немесе теледидардан дайын деректерді көреді.
Қазіргі заманда технологияның техникалық дамуына байланысты кітапхананың болашағы жоқ деуге болмайды. Кітапхананың байлығы – кітап. Кітап ортақ мүлік, халық қазынасы сарқылмас білім бұлағы.
Кітап – қымбат дос, білмегеніңді білесің, ертегілер оқу арқылы қиялыңды шыңдайсың ал батырлар жырын оқысаң, еліңе деген, жеріне деген ата–анаңа, бауыр, қарындастарына сүйіспеншілігің артады.
Қазіргі замаңда компьютерден, ғаламтордан алған деректер нағыз білім болмайды, жаттанды түрде қалып қояды. Екіншіден денсаулыққа да кері әсері бар. Бала кешке дейін компьютердің алдында отырса жүйке жүйесіне әсер етеді, ашуланшақ болады, миы шаршайды, көзі нашар көре бастайды. Сондықтан баланың көңілін кітапқа аулау керек.
«Кітапты сүйіндер, ол сендердің өмірлеріңді жеңілдетеді, ол өзіңді өзгені де сыйлауға үйретеді, ол ақыл – ойыңмен жүргізеді, бүкіл әлемге адамға сүйіспеншілік сезімімен қанағаттандырады» деген ұлы орыс жазушысы М.Горький.