ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАР
Сабақтың тақырыбы : Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу. Қатты дененің ілгерлемелi және айналмалы қозғалысы
Мақсаты: Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу. Қатты дененің ілгерлемелi және айналмалы қозғалысын меңгеру, ауызбіршілікке баулу, өз пікірлерін еркін айту.
Оқыту нәтижесі: Пікірлерін еркін, сенімді айта алады, өз бетімен ізденеді, қарым – қатынастары қалыптасады, білімдері кеңейеді
Әдіс-тәсілдер : Сыни ойлау, АКТ, көзбен көретін айғақ, «Елші» әдісі, «Бірге ойлаймыз», күнделік жазу, Блиц – кездесу, дарынды, талантты балалар
Сабақтың мазмұны:
Амандасу
А) Оқушылармен амандасу,
Ә) Пәндер бойынша 3 топқа бөлу. Қағазға жазылған пәндердің аттары бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді
Үй тапсырмасын сұрау
Блиц – кездесу арқылы өткен тақырып бойынша сөздер беріп, бір – біріне түсіндіру сұралады. әр топтан бір — бір оқушылар шығып, қарама-қарсы жаққа қарап отырады, өткен тақырыпқа қатысты сөздерді көрсетеді, ал оқушылар мұғалім көрсеткен сөзді біріне сол сөзді айтпай мағынасын түсіндіреді, ал екіншісі сол сөзді табады. (Шапалақ арқылы)
Қызығушылықты ояту.
«Көзбен көрінетін айғақтар» бойынша оқушыларға суреттер беру арқылы топтастырылған мәліметтер бойынша бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып аламыз..
Мағынаны ашу.
А)3 топқа Термодинамиканың ІІ заңын «Кезбе тілші» әдісі арқылы топтық жұмыс жасайды
І топ, ІІ топ тақарыпшалар,
ІІІ топ тілші ретінде тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындайды
Оқушылар алдымен тақырыпты жеке жеке оқып, дәптерлеріне керекті материалды жаздыру, одан кейін жұп бойынша талқылап, кейіннен топ бойынша талқылап, таныстырылым жасату. «Елші» әдісі бойынша топтан 2 оқушы әр топқа барып жаңа мәліметтер әкеліп, өздерінің топтарына таныстарады (Бағалау парақшалары арқылы)
Ә)«Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы сұрақтар беріп жауап алу
Топтағы оқушылар 1 – 6 сандарына санайды. осы санға сәйкес келетін оқушылар тақтада жазылған сұраққа жүгіріп барады, кім бірінші жеткен оқушы тақтаға жазып, жауап береді (Жетон бойынша бағалау)
Б)Бүгінгі сабақтың мақсатын аштыру
Әр топ осы сабақтың мақсаты қандай екенін анықтап, талқылатып, сабақтың бір мақсатын жазу (3 шапалақ)
В)Қатты дененің ілгерлемелi және айналмалы қозғалысы сәйкес интернеттен видеороиктер немесе басқада мәліметтер жинақтаттыру.
Оқушылар интернеттен термодинамиканың ІІ заңы туралы мәліметтер, видеороиктер алып, топта талқылап, класқа түсіндіреді (2 жұлдыз 1 тілек)
Рефлексия
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша Оқушылар бүгінгі сабақта не үйренгені, не істегені, не білгені туралы күнделік жазады
Үйге тапсырма
Қатты дененің ілгерлемелi және айналмалы қозғалысының өмірде көп кездесуі жайлы эссе жазу