Басы » Бастауыш сыныптар » Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Павлодар облысы

Ертіс ауданы

Панфилов жалпы орта білім беру мектебі
Нуриденова Ырысты Борисқызы
Бастауыш сынып мұғалімі

Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.

Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік алу, сөйлем ішінен таба білу.
Сабақтың міндеттері:
А) білімділік: зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білу;
Ә) дамытушылық:өз бетімен жұмыс істеу арқылы теориялық ойлауын, ой-өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелік: елін, жерін, табиғатын сүюге және қорғай білу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, слайд
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
1. Ұйымдастыру бөлімі:
— Оқушылардың назарын сабаққа аудару
— Оқу құралдарын дайындату
— Кезекшінің жұмысын қадағалау
2. Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
3. Үй тапсырмасын тексеру
Ал енді үйге берілген тапсырманы тексеріп жіберейік.

4.-Балалар суреттегі күнге қарандаршы? ( слайд 1)

-Күнмен не болған?

-Күн көңілсіз. Күнді бұлттар жауып тұр.Әр бұлттың артында сұрақтар жазылып тұрады.( балалардың жауабы)

Балалар, күнге біздің көмегіміз қажет-Егерде, біз бұлттың тапсырмаларын орындасақ, күн ашылады.

 

 

 

  1. «Күнге көмек» ойын арқылы өткенді еске түсіру.

Сұрақтары:

-Зат есім дегеніміз не?

-Зат есімнің сұрақтары

-Адамға байланысты қойылатын сұрақ

-Жануарлар мен заттарға қандай сұрақтар қойылады?

-Жалқы есім дегеніміз не?

-Жалқы есімдердің жазылуы.

-Жалпы есім дегеніміз не?

-Жалпы есімдердің жазылуы.

-Жалпы. Жалқы есімдерге мысал келтір.(балалардың жауабынан кейін бір бұлт алынады)

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең

1.Көркем жазу.

2.Екінші бұлттың тапсырмасы (2 слайд)

-Балалар мынау не?               Мыналар нелер?

 

Мынау не?                                                            Мынылар нелер?

 

Мынау кім?                                                          Мынау кімдер?

 

Дұрыс, балалар, бұл тапсырмаларда қандай сұрақтар қойылды?

-Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтар қойылды. (екінші бұлт алынады).

3.Енді балалар сызбаға қарайық. (3 слайд)

Жекеше тек бір ғана заттарды білдіреді, көпше заттың көп екенің білдіреді.

 

  1. Оқулықпен жұмыс.

342-жаттығу. Суреттерге талдау.Әр суреттегі заттардың санын анықта.Айырмашылығы.

1 балапан, көп балапандар. Бір қоян. Көп қояндар. (4 слайд)

  1. Сәйкестендіру тесті
    Ғарыш……………………дер
    Қарындаш……………..лер
    Ағаш……………………..кер
    Әже……………………….тар

Оқушы…………………..тар

Гүл ………………………..лар
(жұмыс әдісі:жеке — жұп, жария ету)
(тапсырма орындалып болғаннан кейін, тағы да бір бұлт алынады)
6.Сергіту сәті
7.Зат есімдерді «ішіне — сыртына» кестесіне толтыру
Ішіне (з.е. жекеше түрі)
Үй
Бөлме
Орындық
Ат
Аю
Сыртына (з.е. көпше түрі)
Дәрігерлер
Сыйлықтар
Шарлар

Мектептер
8. Оқулықтағы 343-жаттығу орындауға ұсыну. Өлеңді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздің астын сызу.( күннен тағы да бір бұлт алынады).

-Енді міне балалар, сендердің көмегімен күн жарқырап ашылды.

ІІІ.Рефлексия. Қорытындылау
Балалар, бүгінгі сабағымызды «Күннің шуақтары» арқылы қорытындылаймыз. Сабақтан не алғандарын күн шуақтарына жазады.
Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу — өзіңнің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады

ІV. Үйге тапсырма беру.
344-жаттығу, 126 бет.
V.Бағалау.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *