Тақырыбы: Үстеу (қайталау)
Мақсаты:
- Оқушылардың білім деңгейі мен тиянақтылығын тексеру, өткен сабақтан алған білімдерін тереңдету.
- Оқушыларды оқыту кезінде танымдық қызығушылығын, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
- Өз бетінше жұмыс жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап
Типі: қайталау.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика.
Көрнекілік: слайд арқылы көрсетілетін көрнекіліктер.
Технология: топтастыру страгиясы, СТК
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу:
Қонақ күту — салтымыз,
Сәлем бердік – жалпымыз.
Сабаққа дайындық:
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бағытым, дара тілім, — деп қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Сабақтың мақсатын айту:
- Білім деңгейімізбен тиянақтылығымызды тексереміз, өткен сабақтан алған білімізді тереңдетеміз.
- Оқыту кезіңде танымдық қызығушылығымызды, шығармашылық ойлау қабілеттерімізді дамытамыз.
ІІІ. Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап-жас болып
Мен үлкен болғанда да – деп ақын Тұманбай ағамыздың өлең жолдарынан қай қаланың атын естідіңдер?
— Астана.
Яғни бүгінгі біздің сабағымыз еліміздің жүрегі, Қазақстанның бас қаласы, астанасы – Астанаға саяхат жасаймыз. Ол үшін қандай көлікпен баратынымызды анықтап алайық.
Ұшақ сағатына жылдамдығы: 900 км/сағ
Автобус сағатына жылдамдығы: 60 км/сағ
Жолаушы поезы жылдамдығы; 120 км/сағ
-Жылдамдықтарын салыстырайық. Қайсысы бізге тиімді?
-Әрине, ұшақпен ұшқанымыз тиімді.
а) Ұшаққа билет алу үшін үй тапсырмасын тексеруіміз керек.
23-жаттығу.
ә) ауызша сұрақтарға жауап алу. Үстеу дегеніміз не?
Үстеу
Мекен үстеу Мезгіл үстеу Сын-қимылүстеу
Қайда? Қашан? Қалай?
Міне, ұшақпен көкке көтерілдік. Ойымызға Сағи Жиенбаевтың «Ұшып келем» өлеңі түседі. Кәне, кімнің есінде бар? (өлеңді оқу). Осы өлең жолдарымен әуежайға да келіп қондық.
Әуежайдан Автобусқа отырып, Есіл өзенінің үстінен өтеміз. Ол үшін мынандай тапсырма: дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. 28-жаттығу. Осы үстеулерді білдіретін мағналарына қарай топтап жаз.
Жол-жөнекей, тысқары, төмен, ежелден, әуелден, ілгеріде, сонда, қолма-қол, былтыр, мұнда, үнемі, баяу, әлдеқашан, тез, әрең-әрең, етпетінен.
Мезгілді Мекенді Сын-қимыл
білдіретін білдіретін білдіретін
үстеулер: үстеулер: үстеулер:
былтыр, әуелден, Жол-жөнекей,
әлдеқашан, ілгеріден, үнемі,
күндіз, мұнда, тез
ежелден, төмен, әрең-әрең,
әуелден. сонда. етпетінен.
Есіл өзені туралы қысқаша мәлімет тыңдайық! Есіл өзені қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрғын үйлер орналасқан, сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады.
Келесі аялдама: Бейбітшілік пен келісім сарайы. Мынадай тапсырма орындауымыз керек!
29-жаттығу. Берілген сөздердің үстеу екенін дәлелде және сөйлем құра: Дереу, жаздыгүні,кенеттен, сыртта, ақырын.
Дереу-үстеу, өйткені Іс-әрекеттің мезілін, мекенін,
сын-қимылын білдіреді.
Қалай? деген сұраққа жауап
беріп, сын-қимыл үстеу болып
тұр.
Кенеттен-үстеу, өйткені Іс-әрекеттің мезілін,мекенін
сын-қимылын білдіреді.
Қалай? деген сұраққа жауап
беріп, сын-қимыл үстеу
болып тұр.
Жаздыгүні-үстеу, өйткені Іс-әрекеттің мезілін,мекенін
сын-қимылын білдіреді.
Қашан? деген сұраққа жауап
беріп, сын-қимыл үстеу болып тұр.
Сыртта- үстеу, өйткені Іс-әрекеттің мезілін,мекенін
сын-қимылын білдіреді.
Қашан? деген сұраққа жауап
беріп, сын-қимыл үстеу болып тұр.
( Бейбітшілік пен келісім сарайы туралы білімдерін бағалау) Бейбітшілік пен келісім сарайы туралы қысқаша мәлімет тыңдайық: Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай. Қазақстан халықтар ассамблеясы, ұлттаралық және дінаралық орталығы. Келесі аялдама «Бәйтерек» Тапсырма: суретке қара. Тиінге қатысты сөздерді тыңдап ал. Олар қай сөз табына жатады?
Зат есім Сын есім Етістік Үстеу
Тиін туралы әртүрлі сөз табын қатыстырып сөйлем құра.
Жауаптарын бағалау. «Бәйтерек» жайында қысқаша мәлімет. Бәйтерек – Қазақстанның даму символы. Сіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген. Зәулім Бәйтеректің биіктігі 97 м.
Келесі баратын жеріміз Астана қаласының ажарын ашатын есткерткіштердің бірі қазақтың үш данасы Төле би, Қазбек би, Әйтеке билерге арналған есткерткіш. Тапсырма: «Суретті билет» ойыны шағын әңгіме жазу.
(Жазған әңгімелерін тыңдау, бағалау).
Астанада 1999 жылы ашылды. Авторлары мүсінші М.Мансұров; сәулетшісі – Қ.Жарылғапов.
VІІ Қорытынды:
- Сонымен біз қай қалаға саяхатқа бардық?
- Астанаға қандай қаражатпен бардық?
- Сабақта қай сөз табын қайталадық?
VІІ Бағалау.
Бүгінгі сабақта қандай баға алдық, кәне өздерің бағалап жіберіңдер.
Үйге тапсырма: 25-жаттығу, ережелерді қайталау.