Қызылорда облысы
Қызылорда қаласы
Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп — лицейдің информатика пәнінің мұғалімі
Малдыбаева Алтынай Құлбайқызы
Практикалық жұмыс.
Сабақтың тақырыбы:Калкульятор. Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: Оқушыларға калькулятор бағдарламасын пайдаланып, арифметикалық және
алгебралық амалдарды қолданып есептер шығару.
2) тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
3) дамытушылық: Оқушыларды стандартты функциялармен калькулятор қолданбасында жұмысқа дағдыландыру, есептер шығару барысында қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар, Калькулятор
Техникалық құралдар:ДК-лер, бейнепроектор, интерактивті тақта
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Калькуляторды қалай іске қосамыз?
- Калькулятордың неше түрі бар?
- Блокнот бағдарламасы не үшін қолданылады?
- Арифметикалық өрнек түрлерін ата
- Тек қосу амалдарын пайдаланып, бес екіліктің көмегімен 28 санын, сегіз сегіздіктің көмегімен 1000 санын жазыңдар?
Жауабы: 1000=888+88+8+8+8; 28=22+2+2+2
ІІІ. Практикалық жұмыс
MC – жадты тазалау
MR – жадтағы санды енгізу өрісіне беру
M+ — жадтағы санға енгізу өрісіндегі санды қосу
MS – енгізу өрісіндегі санды жадқа енгізу
1 тапсырма. Тауардың әр түрінің құнын $ доллар курсы бойынша теңгемен есептеңдер.
Курс 1$=??? теңге | |||
№ | Тауар аты | $бағасымын | Теңге бағасымен |
1 | “City men” eр костюмі | 150 | ? |
2 | «Былғары империясы» күртешесі | 450 | ? |
3 | “Lumix” көйлегі | 210 | ? |
4 | “Lumix” көйлегі | 210 | ? |
5 | «Сәт» қолғабы | 40 | ? |
6 | «Акцент» фирмасының түлкі терісінен жасаған тоны | 800 | ? |
Барлығы | 2350 | ? | |
Фирма қызметінің ақысы | ? | ? |
2 тапсырма. Сандарды табу
42=
342=
3342=
33342=
333342=
3333342=
33333342=
333333342=
3333333342=
3 тапсырма. Жазбалардың екі бөлігін өзара салыстыр.
|
|
- Жаңа сабақты бекіту
Калькулятордың функционалдық батырмалары
Оқушылар бос торкөздерге терезе элементтерінің атын және калькулятор батырмаларының атын жазып шығады.
Ақпараттық диктант
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін WindowsXP-дің ………………………….. қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: ……………………………. және ………………………………….. .
Калькуляторды іске қосу үшін, мына тізбекті орындаймыз:
…………………….. – Все программы – Стандлартные …………………………………….. . Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда ……………………………………………….. калькулятор шығады.
- Үйге тапсырма беру
- 27, 28 оқу
- Қорытынды. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау