Басы » Эссе » Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы

Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы

Teacher_291107  №15 Ж. НҰРЛЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ  ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

АБДУКАРИМОВА ПАТИМА

Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай  Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы озық  мемлекеттердің  қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойып отыр.  Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатынада  білім мазмұнына жаңаша қарау –  бүгінгі таңдағы ұстаздардың басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Қай кезде де сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар.   «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай,  озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Жаңаша оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім  күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Осы тұста мұғалімге артылар міндет өте мол. Әрбір ұстаз жаңа технологияның қыр-сырын ұғып, сабақ барысында оны қолдана алуы баланы  биік шыңдарға жетелейді. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады. Мұғалім  оқушыны оқытуға кіріспес бұрын, сабақ басталарда  оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Мұғалім үнемі  әр баланың білім дәрежесі қаншалықты екенін саралап алғаннан кейін, оның алға жылжуына ықпал етуге міндетті.

Сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:

  1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
  2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
  3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.
  4. Баланың дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
  5. Мұғалім оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

Ұстаздар  өскелең ұрпақтың ертеңі жолында биік мақсаттарға қол жеткізу үшін талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан білім саласындағы  жаңа технологияны тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *