Басы » Ғылыми жобалар » Омарта шаруашылығы арқылы отбасылық бизнесті дамыту

Омарта шаруашылығы арқылы отбасылық бизнесті дамыту

       Қызылорда облысы ,Жаңақорған ауданы ,
Сүттіқұдық ауылы
№52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің 
жоғары санатты биология              
 
                                   пәні мұғалімі .Т .Жұпарбаев
                     7 сынып оқушысы : Ақтөреұлы  Хантөре

 1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

А) Бал араның түрлері.

Б) Бал араның тіршілігі.

В) Бал араның зерттелуі.

Г) Ара балының түрлері

Д) Аралар туралы қызықты мәліметтер

3.Ұсыныс

4.Қорытынды

Оқушыларды отбасылық өмір сүруге, шағын кәсіппен айналысып, әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын үйрету негізінде оқушыларды нарықтық экономикамен  байланысы жайлы білімдерін жүйелеу қажет . Ол үшін  бизнесті дамыту барысында 3 бюағытты айқындау керек:

Бірінші бағыт. Алдағы уақытта отбасылық бизнес ашу және жүргізе білу.

Екінші бағыт Өмірде кездесетін әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешудің жолдарын үйрету

Үшінші бағыт:Заманауи сұранысқа ие мамандықты таңдай білу:

Ол үшін оқушыларға ара өсіру шаруашылығының қыр сырын және  араны асырау арқылы отбасылық табыс көзін табудың жолдарын  үйрету  қажет

Бал араның түрлері.

Бал арасы (латынша Apis millifera),(орысша Пчела)-жарғаққанаттылар отрядына жататын бунақдене.Ұзындығы 1-1,5см.Бұл өте пайдалы, үйірімен топтанып ұшатын бунақдене.Бір семьяда бір ұрғашы,бірнеше жүз еркек бал ара,жүз мыңға дейін жұмысшы бал ара болады.Бұлардың бәрі бір ұяда мекендейді.Ұрғашы бал ара күн сайын 1000-2000 жұмыртқа салады.Жыл өткен сайын жұмыртқалауы кемиді.Сондықтан 1-2 жылдан соң оларды жас бал аралармен алмастырып отырады.Небәрі 5-6 жыл өмір сүреді.Еркек бал ара шірне жинамайды,ұя тазаламайды. Тек ашық күндері ұшып ойнайды. Оның аяғында гүл шірнесін жинайтын « кәрзеңкесі» де болмайды. Жыныс қабілеті 3-4 аптада жетіледі. Ұрғашы бал араға жанасқан соң ол бірден өледі.Ұрғашы балара секілді еркек бал ара да тек омарташының балымен қоректенеді. Еркек бал ара небәрі 3 айға жуық өмір сүреді.Жұмысшы бал ара жыныс қабілеті жетілмегендіктен шағылыспайды,сондықтан 30-35 күн өмір сүреді. Бұлар 3-4 күндігінен бастап – ақ дернәсілдерін қоректендіреді, ұрғашы бал араны күтеді. Сондай –ақ алысқа ұшып, «барлаушылық» қызметін атқарады,гүл шірнесін жинайды, балауыз бөліп ұя салады және ұяларын қорғайды. Бал араларының түрлері: Орталық орыс бал арасы,Кавказдың сұр тау бал арасы, Кавказдың сары бал арасы, Карпат бал арасы, Украиндық далалық бал ара және Далалық бал ара т.б. Орталық орыс бал арасы  көбінесе орманды алқаптарда кездеседі. Орташа балының салмағы 25,9 кг. Көбінесе бал аралар бал жасау үшін шірнені иваншай, жөке ағашы және қарамықтан жинайды. Жұмысшы бал аралары мен аналық бал аралары өте үлкен болып келеді. Бір күндік ара 100 – 110  мг ұрықтанбаған аналық 190 -200 мг тартады. Кавказдың сұр тау бал арасы көбінесе Кавказдың таулы аймақтарында кездеседі. Жұмысшы бал ара салмағы 90 мг, ұрықтанбаған ұрғашысы 180 мг.Орташа балының салмағы 29,1 кг. Кавказдың сары бал арасы Армения, Азербайжанда кездеседі. Аналық бал аралары ерекше үлкен болып келеді. Карпат бал арасы Украинаның таулы аймақтарында кездеседі. Жұмысшы бал араның салмағы 110 мг, ұрықтанбаған аналықтың салмағы 205мг.

Бал араның тіршілігі.

Қазақстан Респуликасында тараған Далалық бал аралары. Олар Қазақстанның Шығысында және Оңтүстігінде көп кездеседі. Менің зерттеп жатқан бал ара түрі – осы Далалық бал аралар түріне жатады. Бал араларының тіршілігі климатқа байланысты болып келеді.Біз қоңыржай климатта орналасқандықтан бір жыл төрт мезгілге бөлінеді. Осы төрт мезгілде бал араның тіршілігі әр түрлі болады. Бал аралары 2 негізгі кезеңге бөлінеді: біріншісі – активті  жұмыс  істеу кезеңі. Бұл кезде бал ара семьясы бал жинап, тамақтарын қорытып, көбею үрдісі жүреді. Екінші кезең бұған қарама – қарсы , күз бен қыс ұйқысы кезеңі. Бұл кезде олар ұрықтанып, көбеймейді,шіріне жинамайды. Керсінше,активті жұмыстағы қорек қорымен қоректенеді. Бал араларының тіршілігі ерте көктемнен басталады. Бұл кезде бал аралар гүлден – гүлге қонып, шірне жинап оны балға айналдырады.  Көктем мен жаза кезінде бал аралар активті жұмыс істейді. Қысқы ұйқыдан тұрған бал аралар бірнеше күн әлсіз болады. Одан кейін бал аралар кәрездерін тазалап,дернәсілдерін тамақтандарып, шірнелерді жинап, оларды сілекейлерімен араластырып балға айналдырады.Он екі күндігінде, егер ауа-райы жақсы болып тұрса, олар ұяларынан шығып қызу еңбектерін бастайды.Семьяларының жасына және азды- көптілігіне байланысты алынған балдарының салмағы әр түрлі болады. Күніне 9-10 рет ұшады. Бір ұшқанда 30-40мг шірне немесе 10-15 мг тозаң жинайды. 1 кг бал жасау үшін жоқ дегенде 25000 рет ұшу қажет. 19 күнде ол жөке ағашынан 900-950 мг шірне жинайды.Бір ұяшықты балға толтыру үшін 1-2 минут уақыт қажет.

Күз бен қыс кезеңінде олар қыстауға жиналады.Осы кезде ұя салып,қысқа көптеп жұмысшы бал араларды өсіріп,бал қорын қысқа сақтайды.Бал араларының қорегі кәріздерінің жоғары жағында, артқы тақтайларына жақын орналасады.Ара ұясыгың төменгі жағында,аналықққққ бал аралар ұрықтарын өсіреді.Қыстап шығуының бірінші айларында бал аралар күніне 20-25 г қорекпен қоректенеді немесе 600-700 г қорекпен бір айда қоректенеді.Қыстың соңында 1-1,2 кг балмен қоректенеді.Қорытындылай келсек,1кг балдан 2720 кал жылу,1448 г көмірсулар және 502 су ыдырайды.Бал аралар денелеріне майды көп жинамайды.Олардың бар болғаны денесінің 2 пайызын ғана май алады.Бал аралар қыста бірігіп эллипс тәрізді орналасады.Еркін жүреді.Балы бар кәріздерге отырыпбал қатпас үшін оны жылытып отырады. Ұяның температурасы 25 – 30o С. Бұл температура бал аралардың тынбай ішінде жүргендігінен пайда болады.

Бал араның зерттелуі.

Бал араларын арнайы жасалған ұяларда өсіреді. Бізде 12 балара ұясы бар. Бал ара ұясы – бал араларды сыртқы ортадан қорғауы қажет. Ұялардың өлшемдері: 12 рамалы 1қабырғалы,ұяның қабырғаларының арасы 7,5 мм, рамалардың ені 12мм. Бал ара ұясы омарташыларға ыңғайлы болу керек. Бал ара ұясы қарағайдан, май қарағайдан,шыршадан,самырсыннан,қызыл талдан жасалуы қажет. Біздің ұяларымыз қарағайдан жасалған стандартты раманың аумағы 425х300 мм. Рамалық ұя жеңіл, берік, арзан,қолдануға,әр бал араны күтуге ыңғайлы болып келеді. Баларалары бал жинау үшін гүлдерден шірнелер жинайды,біздің жеріміздегі шірнесі мол өсімдіктерге: күнбағыс ( helitanthus annuus L),беде (Medicago sativa L), қызыл жоңышқа (Trifolium hybridum L),ақ жоңышқа (Trifolium repens L),қызғылт жоңышқа (Trifolium pretense L),таңқурай (Rubus idaeus L),иваншай (Epilobium angustifolium L) және т.б. өсімдіктер жатады.

Өсімдіктердің шірнелерінің құрамы

Өсімдік аты

     Шіріне құрамы пайыз бойынша
Ақуыз көмірсу Май

Су

Күл

Басқа заттар
Бақбақ

Жоңышқа

Алхоры

Жүгері

11,12

22,33

28,66

20,30

 34,93

26,89

28,29

26,59

 14,44

4,15

3,15

3,67

 10,96

 11,56

 9,76

 5,53

  0,91

  3,14

  2,62

  2,55

    27,64

    31,30

    27,49

    31,34

 

Көріп отырғандай, өсімдік шірнелерінің құрамы өте күрделі. Шірнеге қарап балдың сапасының өте күрделі,әрі денсаулыққа пайдалы екенін көруге болады. Өсімдіктердің шірнелерін жинағаннан кейін бал жинау үрдісі басталады. Бұл 3-4 аптаға созылады. Бал жинау – бір бал семьясының бір маусымда гүл шірнесі мен тозаңынан жинайтын балы. Бал араның  бал жинауы бал араның  семьясының күйіне, ауа райына,өсімдіктердің ерекшелігіне және омартаға алыс жақындығына, шірненің бөліну дәрежесіне байланысты болады. Бал жинау бал ара семьясының күшті немесе әлсіздігіне де байланысты болып келеді. Әлбетте күшті семьялар  әлсіз семьяларға қарағанда балды екі – үш есе көп жинайды. Күшті семьядағы бал аралар дене  салмағы бойынша үлкен,шірне жинайтын тұмсықтары ұзын және бал таситын қоржындары үлкен болады. Мұндай бал аралар шірнемен тозаңдарды көп тасиды. Бал туралы. Бал – гүл шірнесінен бал ара арқылы алынған қантты сұйық зат.Бал өте қоректі(1 кг – да 3150 – 3350 кал бар), әрі ағзаға сіңетін, шипалы тағам. Бал ара балының 80 пайызы глюкозадан тұрады. Оның құрамында адам ағзасына қажетті 70  — ке  жуық зат бар. Оны мына кестеден көруге болады.

Бал ара құрамындағы ағзаға қажетті кенеулі заттар

Дәрумендер Органикалық заттар Микроэлементтер  Тұздар
А , В, С Хош иісті заттар, органикалық қышқылдар,ақуыз және ферменттер Маргенец,кальций,натрий ,магний,калий. Темір және фосфор тұздары.

 

Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі-қоймалжың,тәтті сұйықты бал деп атайды.Және де бал арасынан фармацеввтика,электротехника,авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат-балауыз алынады.Аралардан ара желімі прополис,ара уы,гүл тозаңы,биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады.Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге,байқағыштыққа,еңбексүйгіштікке баулиды.Мұнан өзге бал туралы қызықты мәлімет  «Халқымның асыл қазынасы-қазақ халқының дәстүрлі шипагерлігі»сайтынан алынган мына мәліметтермен толықтырамыз.

Ара балының химялық құрамы шрын жинаған өсімдіктердің түріне,ол өскен топыраққа,сол жердің ауа-райының  жағдайына және балдың түрлерімен тығыз байланысты.Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су,0,4 пайыз белок,0,3 пайыз күл,көмір сутегі,глюкоза,жүзім қанты,сахороза,мальтоза,т.б. бар.Және де В3,В5,А,С,Н,К дәрумендері,минералды тұздар,ферметтер сондай-ақ,химялық элементтер(калий,кальций,фосфор,хлор,күкірт,натрий,темір марганец,мыс,т.б.)кездеседі.Бұларданбасқа алма,жүзім,қымыздық тәрізді қышқылдар да болады.Ара балының сапасын,негізінен,хош иісі,дәмі,түсі,тыгыздығы,ылғалдылығы,қоректік,жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды.Балдың қуаты жоғары.Оның 1 келісі 3150кал қуат береді.Ол адам ағзасын дәрумендермен,белокпен,ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып,қамтамасыз етеді.Балды құрғақ,жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.Негізінен,ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.Бір шырынды бал-тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын.Оны өсімдіктердің түріне қарай –«қарақұмық балы», «жөке ағашының балы» деп неше түрлі атайды.Көп шырынды бал-өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын.Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы,тау балы,бақ балы деп ерекшелейді.

Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес.Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады.Бұл орайда табиғи,жасанды балды ажыратуға ешкандай сараптама көмектеспейді.Жасанды балдың құрамында қант,қант крахмалы,ұн,желім,гипс болады.Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар.Ол ушін бір стақан қайнағансу аласыз да оған балды араластырасыз(бір стақан суға жарты стақан бал).Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді.Ол-балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса,соншама балдың түрлері бар.Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

Ара балының түрлері

1.Түйебұршақ(донник)балы бірінші сортты балға жатады.Ақ немесе ашық түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай.Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

2.Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал.Балдың бұл түрін әлсіздікке,жараны қайтаруға пайдаланады.

3.Жөке ( липа) балы жақсы сортқа жатады.Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар.Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол.Сондай-ақ,тыныштандыратын,ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

4.Шабындық (луговой)  балы бірінші сортты балға жатады.Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады.Бұл бал арқылы тыныс алу,жүйке,жүрек және асқорыту жүйесін емдеуге болады.

5.Таңқурай (малина) балы қою ақ түсті болады.Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу ушін пайдаланылады.

6.Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады.Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар.Қарақұмық балы темірге,магний,мысқа бай болғандықтан,түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады.Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем.Тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

Аралар туралы қызықты мәліметтер

Аралардың ең соңғы технология саналатын компьютерден де жылдам жұмыс істейтіні анықталды. Аралардың жұмыс істеуін компьютермен салыстырған зоологтар ғажайып мәліметтерге қол жеткізді. Ең соңғы технологиямен жасалған компьютер секундта 16 миллиард арифметикалық амал жасаса, күніміздегі аралардың осы мерзім ішінде аз ғана энергия жұмсап 10 триллиондық амал жасайтыны анықталды.

Бір гүлден екінші гүлге қонып өсімдіктердегі ұрықтануда маңызды рөл атқаратын араларға байланысты ғажайып мәліметтерге қол жеткізген мамандардың зерттеу нәтижесінде, 1 кг бал өндіру үшін жер шарын 6 рет айналатындай ұзақтыққа ұшатын аралардың 7 миллион 500 мың рет гүлге қонатындығы белгілі болды. Сонымен қатар аралардың 28 гр бал үшін ара ұясымен гүл арасында 1 600 рет барып келетінін тіркеген зоологтар араның гүлдер үшін керек болса, ұясынан 6 километрге дейін ұзап кететіндігін және бір күнде 225 мың гүлге қонатындығын анықтады.

Жұмыртқалау кезеңінде ара сүтімен қоректенетін аналық араның өз салмағынан 80 есе ауыр ара сүтін тұтынатындығы және күніне 2 мың жұмыртқа тастайтыны анықталды. Өз салмағынан 330 есе ауыр жүк тарту қабілетіне ие болған аралардың салған алты бұрышты ұясы ең аз балауыз жұмсап максимум мөлшерде бал жинауға ең қолайлы пішін екендігі белгілі болды.

Аралардың жаратылғанына 50 миллион жылдан астам уақыт өтіпті. Осыншама уақыт ішінде олардың сырт бейнесі, тамақтануы және өсіп-өнуінде ешқандай өзгеріс болмаған. Яғни аралар сол қалпында өмір сүріп келеді. Ал барлық тірлікті жаратушы табиғат ана басқалардың өмірі мен жаратылысына үлкен өзгертулер туғызып жатқанын ескерсек, бұл да бір таңғажайып жұмбақ екенін мойындауға тура келеді.

Аралар және олардың балының емдік қасиеті туралы адамдар ертеден білген. Алғашқы адамдар араларды іздеп, олардың ұяларын тауып, ішіндегі балын алып отырған. Археологтар ескі үңгірден ара аулауды бейнелейтін кескіндемелер тапқан. Бұл суреттің салынғанына кемінде 15 – 20 мың жыл болған.

Біздің дәуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдықта адамдар араның ұясына ұқсас қолдан қа­лыптар жасап, оған жабайы араларды отырғызып, балын алып, түрлі ауруларға ем ретінде қолданып келген. Жалпы, әлемдегі қай халық немесе қай дін болмасын араларға жақсы жағынан қараған. Өйткені, аралар адамның жаны деген түсінік берік қалыптасқан.

Аралардың күнделікті коғамдық құрылысы өзгеше, тіпті олар адамдардың үлгі аларына боларлықтай қоғамға біріккен. Ұядағы билікті іштеріндегі ең үлкен аналық ара жүргізеді. Ал оның негізгі міндеті ұрық шашу болып табылады. Сондықтан бұл аналықта бал жинау құрылымы болмайды. Ал аталық аралар ұяға тек күзде ғана, онда да ұрғашыларын ұрықтандыруға бола келетін көрінеді.

Аналық аралар ұрықтанып болған соң әлгі аталық араларды жұмысшы аралар өлтіріп, денесін ұядан сыртқа шығарып тастайды

Қазіргі тіршілікте де аралар өздерінің маңызын жоя қойған жоқ. Араның балын былай қой­ғанда, электротехникалық және бояу шығару өндірістеріне керекті маңызды шикізат қоры болып табылатын балауызын айтсаңызшы. Ал ара уынан бірнеше дәрі-дәрмектер жасауға болады. Бәрінен де бұрын аралар мәдени өсімдіктерді тозаңдандыруда алатын орны зор. Мәселен, АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің ғалымдары Коста-Рикада кофе плантацияларына тәжірибе жасап көргенде, жабайы аралары көп маңдағы ормандарға жақын орналасқан плантациялар басқалар­ға қарағанда өнімді 20 пайыз артық берген.

Осы уақытқа дейін ара өсірушілер олардың не үшін билейтінінің сырын аша алмай келген. Жуырда мұның сыры да ашылғандай болыпты. Яғни гүлдер көп орын ұяға жақын болса, аралар шеңбер жасап ұшады екен. Ал бұл би барлық араларды сол жаққа шақырғаны, сондай-ақ сегіздік жасап ұшатын болса, азықтық орынның алыс екенін көрсеткені болып табылады екен.

Осы жуырда ғана зерттеушілер араларды контрабанда мен лаңкестікке қарсы күресте, есірткі саудасында қолдануға болатынын анықтады. Өйткені, өзіне жағымды иісті сезген аралар тілдерін шығарып, шәрбәт нәрін іздей бастайды. Сондықтан қажет етілген иіске араларды өте жеңіл үйретуге болады.

Ол үшін аралар бірнеше иіс араластырылып жіберілген бөлмеге қамалады. Осында ол өзіне қажет еткен иісті ажыратып, тауып ала-алады. Осындай жолмен араларды жарылғыш затарды және есірткілерді, тағы басқа да нәрселерді тауып алуға үйретуге болады.

Сондай жаттығудың бір түрі ретінде үйретілген аралар далалық жағдайда минаны табу үшін ашық ауаға жіберіледі. Аралардың қай жерге жиналып жатқанын анықтау үшін лазерлі аппарат қойылады. Монтана университетінің ғалымдары осындай тәжірибелердің бірнеше түрін жүзеге асырып үлгерді.

Ғалымдардың тағы бір анықтағаны, аралар ауада улы қоспалардың барын сезсе, мінездерінде өзгерістер туындайды екен. Сонымен бірге, аралар азық-түлік тауарларының сапалылығын және контрафактілік тауарларды да анықтай алады.

Аралардың арасы

Оқыс қимыл жасадың дегенше, шабуылға ұшырадым дей бер. Мұнда ұшып жүрген бәленбай мың ара саған келіп жабысады. Бұл – араға тән табиғи құбылыс. Ұясының алдында тайраңдап жүрген аю екен деп қала ма, әйтеуір, оқыс қимылды (араны қағып жіберу, басыңды тұмшалап қашу) өздеріне төнген қауіп-қатер деп түсінеді.

 Еркек. Ана. Жұмысшы

Былай қарасаңыз, ара — басында бір шөкім миы жоқ жарғаққанаттылар отрядына жататын жәндік. Жабайысын қосқанда дүниеде қанша түрі бар екенін білмеймін, білетінім, Алланың қалауымен бір жүйеден ауытқымай  тіршілік ететін, қолға баптауға бейім бақшадағы кәдімгі бал арасы. Дүние есігін ашқан ара 5–6 ай  өмір сүреді екен.

Бір ұяда  бір аналық ара,  бірнеше жүз еркек ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол – аралардың ішіндегі ең ірісі. Ал сол ұяда екінші аналық пайда болса болды, біз секілді жеке шаңырақ болып, енші алуға асығады. Көрпе-жастығың мен қазан-ошағыңды ала кеткен секілді, аралар ұядағы жарты жұмысшы араларды ілестіре кеткенімен қоймай, шырын қорын да бал сауытына тыға кетеді.Жаңа ұшып шығатын үйірді рой атайды. Сол ройың ұядан ұшып шығып, жақын маңдағы тал-терек, өрік бұтақтары секілді жерге бас-аяғы жиналғанша, барлауға кеткен аралар келгенше жиналып отырады. Барлаушы аралар басқа жерден ыңғайлы, болшақта өмір сүре аламыз-ау деген тұрақ тауып хабар әкелем дегенше әрекетке кіріскен жөн.. Ара  ұяның тап-таза екенін, ондағы дайын су жаңа балауыз керілген рамка бар екенін көргенде, оларға да керегі сол, қайда кетсін. Ду-ду етіп ашу шақырады да, сол жерде тұрақтап қала береді. Міне, осылай балшелегіңді көбейте бересің.

 Мүлтіксіз тәртіп

Ұядағы әрбір ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Бір маусымда  ара ұясы 100-200 келі бал жинайды. Яғни дала кезіп тынымсыз сірне таситын жұмысшы ересек ара аптасына 6-7 келі балды қорға қосады. Аса шебер Алла тағала өз құдыретімен араның ауыз қуысын бал жасау үдерісінің алғашқы буыны өтетін кішігірім «цех» етіп қойған.

Ондағы қалыпты жылу деңгейі ауыз қуысындағы шырындардың біртіндеп балға айналуының алғашқы әрекеттеріне жағдай жасайды. Құдды бір ұшып жүрген тірі зауыт. Ал ұяда жас аралар сірнені тор көзшелерге салып, желдетіп, артық ылғалын жояды. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды. Көзшелер балға толғаннан кейін, оны балауыз қақпақшамен жабады.

Зер салып қарасаңыз, бал құйылатын ұя клеткаларының алты бұрышты екенін және әрбір қабырғасы мен бұрыштарының өлшемі бір-бірімен керемет үйлесімділікпен дәл келетінін байқайсыз. Бұндай дәлдікті аралар кімнен үйренді? Неге ол үш бұрыш немесе бес бұрыш емес?

Тор клеткалар бір-біріне үйлесімділікпен жабысатын балауызға бал сыйымдылығы молырақ болатынын қайдан білді? Қазіргі заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған құрылысшылар миллиметрлік дәлдікпен алты бұрышты үйлерді жапсарлап сала алар ма еді?

Еркек аралардың еркек деген атымен аналығын ұрықтандырғаннан басқа бітіретін ештемесі жоқ. Бірақ олардың көбейіп кетуі бал жиналуына көп әсер етеді. Азайып кетуі де бал арасының көбеюіне зиянын тигізеді.

Өйткені ұяның аузында екі күзетші ара тұрады. Оның міндеті ұшып келіп жатқан араларды тексеріп отырады. Өз ұясының арасы болған күнде де әкелген шырыны жоқ болса, кіргізбестен қайта ұшырып жібереді. Егер ол ара тағы бос келіп тұрса, күзетші аралар оның басын алуға толық құқы бар. Ал мұндай тәртіпті бұзам деген еркек ара сол жерде желкесі қиылады. Ұя маңына көз салып қарасаң, аралардың қаңқасын көріп, арам оймен келген бөтен ара немесе тәртіпке бағынбаған аралар екеніне куә боласың. Еркек араның шырын таситын сауыты тұрмақ, шағатын инесі де болмайды.

Жас аралар ұя ішіндегі міндетін толық өтеп шыққан соң, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинау үшін дала кезетін жауапты іске араласа бастайды. Жаратушының түйсіктеріне салуының арқасында бал аралары шырынды гүл мен шүйгінді шөп атаулыны тез-ақ табады. Және оны өз қауымдастығындағы өзге араларға жедел хабарлайды. Шуақты күндері ауа райы аяқ асты бұзылып жаңбыр жауып, құбыла қалу біздің таулы аймақта қалыпты жағдай. Осындай күндердің бірінде әкем ара ұясы тұрған жердегі ілініп тұрған шойын темірді қатты затпен бір ұрып қоятын. Әлгінің үні біразға дейін гуілдеп тұратын. Сөйтсек, жаңбырдың астында, тұманда қалған аралар осы дыбыс арқылы өз ұясын табатын көрінеді.

 Ғибрат

Күн райының құбылмалы сәттерінде адасып, суға ағып немесе түрлі құстардың тырнағында кетіп жатса да, өзінің 5-6 айлық өмірінде Алла тағала тарапынан берілген міндетін мүлтіксіз орындап жатқанын көріп, Құрандағы «Аралар» сүресінің 69-аятындағы: «…Содан кейін түрлі жемістермен қоректеніп, Раббың көрсеткен, қолайластырған жолдармен жүр. Араның қарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шын мәнінде, мұның өзі – түсінген жан үшін ғибрат»,- деген жерін оқып,   шарасыз екеніңді мойындайсың.

Аралардың тағы бір қасиеті – тазалық. Аралардың артқы екі аяғында тарақ секілді мұрттары болады олар жүрген жерін сыпырып тазалап отырады. Ал кейбіреулері жамбастарына жабыстырып алған гүл тозаңынан жасалған балауызымен ұяның кем кетік жерін бітейді. Тізіліп тұрған  ұяны кездейсоқ тышқан аралап кетсе, жағымсыз иістен қырылып қалатыны тағы бар. Сондықтан болар, ара лапастарында әкем жабайы мысықтар ұстайтын.Тамағын беріп қойсаң болды, жәшіктер арасында пысылдап ұйықтап жатады.

Спирт, әтір секілді иіспен бал арасына жақындасаңыз, ара ашуланып шағуы мүмкін. Темекі, түтін иісі де араның ашуын туғызады. Ал шаққан ара сол жерде инесін қалдырып, өзі біраз ұшып барып өледі. Оған себеп теріге кірген ине екіге айырылып у жіберілген соң, қайтып тартқанда, инемен бірге араның ішек құрылысы қалып қояды. Белгілі бір мүшесінен айырылған ара өлмегенде қайтсін.

Ұсыныс.

Аралардың тіршілігін сақтау үшін:

1Араға қолайлы ұялар жасау

2.Ара ұяларын таза ұстап,санитарлық жұмыстар жүргізу

3.Ара ұяларының төңірегіне жоңышқа өсімдігін себу

4. Ара өсіру арқылы тынбай еңбек атқару

5.Ара өсіру арқылы отбасылық бизнесті дамыту

Қорытынды

Дана қазақ халқы « Бірінші байлық- денсаулық» -деген екен. Денсаулығымыз мықты болу үшін  « Мысқылдап кірген ауруды» балмен емдеп шығаруға болады. Дертке дауа болатын ара балы денсаулығымызды сақтауға көмектеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қайымов Қ  .Биология және техника – Алматы.  Қайнар .1985 ж
  2. Қаратаев М . Қ  Қазақ Совет энциклопедиясы . 2-том Алматы. 1973ж
  3. Сыбанбеков Қ.  Биология ғажайыптары .- Алматы . Қайнар . 1973 ж
  4. Жануарлар әлемінде. Алматы . 1992 ж

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *