Басы » Ғылыми жобалар » Қамқор құстың кеш келуі

Қамқор құстың кеш келуі

Қызылорда облысы ,Жаңақорған ауданы ,
Сүттіқұдық ауылы
№52 Б Аралбаев атындағы
орта мектебінің
география және биология
пәні мұғалімі .Т .Жұпарбаев
 
 

 Кіріспе

              Құстар — табиғаттың ажары. Олар табиғаттың сұлулық сәнін, сазды әнін келтіреді. Ауыл, орман шаруашылықтарына зиянды бунақденелілермен қоректеніп, құстар зор пайдасын тигізеді. Өсімдіктердің таралуына, тозаңдануына да әсері бар. Құстар табиғатта санитарлық та қызмет атқарады. Құстардың табиғаттағы эстетикалық орны да ерекше. Табиғатты құстарсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Олардың адам өмірінде маңызы сан алуан. Құстардың дәмді еті, жұмыртқасы, бағалы мамығы, тыңайтқыштық қасиеті бар саңғырығы, өзге де өнімдері күнделікті тұрмыс қажетімізді өтейді.

       Өте ерте замандар да тіршілік еткен құстардың қаңқа қалдықтары, тасқа түскен дене таңбалары сақталған. Құстардың ең ежелгі арғы тегінің қаңқасы бұдан 225 млн. жыл бұрынғы жер қыртысынан табылған.

Құстардың табиғаттағы пайдасы, эстетикалық ерекшеліктері

 

1.1. Құстар класына жалпы сипаттама

      Біздің орман, орманды дала, дала, тау, көл, өзен және шалғынды мекендейтін көптеген жабайы жануарлардың арасында құстар ең қызықтысы, тартымдысы және сүйкімдісі. Олардың жеңіл де шебер ұшуы, әдемі түсі және сазды әуені табиғат сүйетін әркімді-ақ өзіне қаратады. Құстар таң қаларлықтай бай табиғатымыздың бір бөлігі ретінде бізге қымбат. Оларды тыңдау, оларға таң қалу әр адамға үлкен ләззат береді. Сондықтан біз құстарды қорғаймыз, сондықтан заң оларды мақсатсыз жоюға және ұяларын қиратуға тыйым салады. Құстардың тіршілігі, олардың ғажайып қоныс аударуы, құс ойнағы, ұя салуы, балапандарын күтуі және де олардың өміріндегі басқа ерекшеліктері эволюциялық ілімінің, экология мен этиология, биоакустика мен биоэнергетика, биокибернетика және де басқа қызықты ілім салаларының маңызды сұрақтарын шешуде сарқылмас деректер береді.

      Құстар— омыртқалы жануарлардың үшуға бейімделген тобы. Денесі қауырсынмен қапталып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Қазіргі кезде дүние жүзінің түрлі аймақтарында құстардың 8 600-ға жуық түрі таралған. Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласыорнитология (гр «орнитес» — құслогос» — ғылым). Қазақстанда құстардың 500-ден астам түрі мекендейді. Олардың дене температурасытұрақты, жылықаанды әрі жоғары (+4 ГС,+430 С). Құстар барлық құрлықтарда кеңінен таралған. Құстар класына жалпы сипаттама. Құстардың денесі бас, мойын және тұлға бөлімдеріне бөлінген. Дене салмағы 1,5 грамнан (колибрилерде), 80-90 килограмға дейін (түйеқұстарда) жетелі.

Құстардың терісі

Құстардың терісі жұқа әрі құрғақ, бездері өте аз. Тек кейбір құстарда ғана қауырсындарын майлайтын құйымшақ безі болады. Терінің қосалқы бөлімдеріне қауырсындар, тұжықтарыныц мүйізді бөлігі, жіліншік, саусақтарындагы мүйізді қабыршақтар жатады. Құс қауырсындары бүкіл денесін жауып тұрады. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігіқаламша. Мүйізді өзегісояуы. Оның екі бүйіріндегі ұсақ шашақ тәрізді түзілістернәрі. Дәрі мұрттан және мұртшалардан қүралады. Қауырсындар құстардың ұшуына жағдай жасайды әрі денесіндегі жылуды реттейді.

Құстардың қаңқасы

Құстардың қаңқасы жеңіл әрі берік. Қаңқасын бассүйек, омыртқа жотасы иықбелдеуімен қанаттары, жамбас белдеуі мен аяқтары және кеуде қуысы деп бөледі. Бассүйектері бірімен-бірі қосылып кеткен, сондықтан жеңіл болады. Көз ұясы үлкен. Қанаттар иық белдеулеріне, аяқтары жамбас белдеулері байланысады. Омыртқа жотасының арқа, бел, сегізкөз бөлімдері жамбас сүйектерімен тұтасып, құстарға тән күрделі сегізкөзді құрайды. Омыртқа жотасының мойын бөліміндегі омыртқалар бірімен-бірі өте қозғалмалы байланысқан. Құстардың кеуде қуысы көлемді. Ол жалпақ төссүйектен, қабырғалар және арқа омыртқаларынан құралады. Ұшатын, жүзетін құстардың төс сүйегі алдыңғы жағынан қырланып, қыртөс (киль) түзеді. Қабырғалары бірімен-бірі берік байланысқан. Қанаттарындағы тоқпан жіліктің ішкі қуысы ауа қапшықтарымен байланысқандықтан, ішінде ауа болады. Аяқтарындағы толарсақ, табан сүйектері бірігіп, жіліншік сүйегіне айналған.

Құстардың саусағы

Құстардың көпшілік түрлері үш не төрт саусақты, тек африкалық түйеқұсының (страус) саусағы — екеу.

Құстардың бұлшық еттері

Құстардың бүлшықеттері жақсы жетілген. Әсіресе төссүйектегі кеуде, бұғана асты бүлшықеттері (қанаттарын қозғалысқа келтіретін) өте жақсы дамыған. Бұдан басқа мойын, қабырғааралық және сан бұлшықеттері де жақсы жетілген. Құстардың жақсүйектері тұтас мүйізді тақташалармен қапталған. Оны құстардың тұмсығы деп атайды.

Құстардың асқорытуы

Құс тұмсығы тұмсықүсті, тұмсықасты бөлімдерінен құралады. Қазіргі құстардың жақсүйектерінде тістері болмайды. Өңештің кеңейген бөлігі жемсау деп аталады, ол дәнмен қоректенетін құстарда айқын байқалады. Құстардың қарны безді және етті бөлімдерден тұрады. Қоректік заттар безді қарындай асқорыту сөлдің әсерінен қорытыла бастайды. Етті қарындай ұсақ қиыршық тастардың әсерінен ұсақталады. Етті қарын тістің қызметін атқарады. Оның қабырғасы қалың бұлшықетті, ішкі жағында тығыз қатты қабаты қоректі ұсақтайды. Аш ішекке бауырдан келетін өт өзегі және ұйқы безінің өзегі ашылады. Аш ішек пен тоқ ішектің жуандығы бірдей. Тік ішегі клоакамен аяқталады. Құстар түрлі қоректермен (бунақденелілермен, ұсақ кемірушілермен, өсімдік тұқымымен, жемісімен, гүл шірнесімен) қоректенеді. Шағала — балықты, кептер дәнді тұтасымен ұстап, жүтады. Құстар қоректік заттарды тез қорытатындықтан, тынбай қоректенеді. Етті қарын құстарда ғана болады.

Құстардың тыныс жүйесінде де үшуға бейімделген белгілері айқын байқалады. Сыртқы танау тетіктері — жүтқыншақпен, ол көмекей арқылы кеңірдікпен байланысады. Кеңірдек екі ауатамырға тармақталады. Өкпесінің көлемі шағын, іші үяшықты болады. Ауатамырлардың үсақ тармақтары тұйықталып, тері астында, бүлшықеттердің арасында ауа қапшықтарын құрайды. Ауа қапшықтарының көлемі өкпеден 10 есе үлкен. Бірақ ауа қапшықтарында газ алмасу жүрмейді. Ауа қапшықтары ауаның сыйымдылығын арттырып, ұшу кезінде құс денесін жеңілдетеді. Денесін қызып кетуден сақтайды. Құстар үшқан кезде өкпеле ауа қүрамындагы оттегіне қан екі рет (тыныс алған кезде де, тыныс шығарған кезде де) канығады. Құстардың мұндай тынысалу ерекшелігін қосарлы тынысалу деп атайды. Құстар ағаш басына қонақтағанда, жерде жүргенде кеуде қуысының бірде кеңейіп, бірде тарылуына сәйкес тыныс алады. Кеңірдекте екі ауатамырға тармақталған жері төменгі көмекей деп аталады. Осы арқылы әнші құстар дыбыс шығарады.

 Құстардың қанайналымы

Құстардың жүрегі үлкен әрі толық төрт қуысқа (екі құлақшаға, екі қарыншаға) бөлінген. Артерия және вена қайы араласпайды. Сол жақ қарыншадан басталатын оң жақ қолқа догасы ғана сақталған. Одан үлкен қанайналым шеңбері басталады. Оң жақ қарыншадан өкпе артерия қантамыры түрінде кіші шеңбер басталады. Құстардың денесіне тек артерия қайы (оттегіне қаныққан) тарайды. Құстардың орталық жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миының көлемі үлкен және алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. Оның сыртында ми қыртысы пайда болған. Осыған сәйкес құстардың мінез-қылығы күрделенген (жылыстау, жұп құру, ұя салу, балапандарына қамқорлық жасау, т.б.). Ортаңғы мидың да көлемі үлкен. Ол көру мүшесінің жақсы дамуына әсер еткен. Мишығының сырты иірімдерге, сайшаларға бөлінген, ол күрделі қозғалыс қимылдарды реттейді.

(Құстардың көзі үлкен, өте жақсы көреді. Көздің айналасында қабағы бар. Күндізгі жыртқыш құстар мен түнде белсенді тіршілік ететін үкі, жапалақ, т.б. құстардың көзі өткір, заттың түсін де ажыратады. Есту мүшесі де жақсы жетілген. Құстарда есту мүшесі ішкі және ортаңғы құлақтан түрады (бұл жағынан жорғалаушыларға ұқсас). Құстардың құлағы өте нәзік дыбыс тербелістерін қабылдайды. Иіс сезу мүшесі құстарда нашар дамыған. Тек кейбір құстарда ғана (дауылпаздар, киви т.б.) дамыған. Олар қорегін иісі арқылы іздел табады.

Құс жұмыртқасы

Құс жұмыртқасының құрылысын Аналық безде жетілген жүмыртқа жасушаның сарыуызы мол. Жетілген жұмыртқажасуша жұмыртқажолға түсіп, үрықтанады. Жұмыртқажолдың қабырғасындағы бездерден бөлінген қалың нәруызды және өзге де қабықтармен жүмыртқажасушаның сырты әкқабықпен қапталады. Ондай жүмыртқажасуша сарыуызының жоғарғы шетінде ұрық табақшасы болады. Ол ашық түсті дақ тәрізді болып көрінеді. Сарыуыз қабығының екі бүйіріне тығыз нәруыздан тұратын арқаншалар (халаза) бекиді. Сарыуыздың төменгі бөлігі ауыр болғандықтан, ұрық табақшасы үнемі сарыуыздың жоғарғы бөлігінде жатады. Сарыуыз құрамында үрықтың дамуына қажетті қоректік заттар мен су мол болады. Сарыуыз сыртындағы қалың нәруыз қабығы жұқа екі қабаттан тұратын қабықпен қапталған. Жүмыртқаның доғал үшында бүл екі қабықтың арасы ауа қуысын құрайды. Сарыуыз сыртындағы қалың нәруыз қабаты — ұрықтың дамуына қажетті су қоры. Сонымен бірге нәруыз қабаты ұрықты сыртқы зақымданудан қорғайды. Жұмыртқа сыртындағы әкқабықта көптеген өте ұсақ тесіктер (щұрықтар) болады. Мұндай шұрықтар жұмыртқаның доғал ұшында көбірек шоғырланған. Осы шұрықтар арқылы дамып жатқан ұрық пен сыртқы орта арасында газ алмасу жүреді. Жұмыртқаның әкқабығының сыртындағы өте жұқа қабық микробтарды жұмыртқа ішіне өткізбейді. Жұмыртқаның сыртқы әкқабығының біраз бөлігі еріп, ұрық қаңқасын түзуге қатысады. Құс жұмыртқасының саны, түсі, салмағы да құс түріне сәйкес әр түрлі болады. Ірі құстар (бүркіттер, пингвиндер, т.б.) — бір-екіден, ал үсак құстар бірнеше жұмыртқа салады.

Құстардың балапандары

Құстарды жұмыртқаларынан шығатын балапандардың ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөледі. Олар: қызылшақа балапан шығаратын құстар; ширақ балапан шығаратын құстар. Қызылшақа балапандар әлсіз, көзі соқыр, қауырсыны жетілмеген болады. Мұндай балапан шығаратын құстарға кептерлер, торғайлар, тоқылдақтар және т.б. жатады. Ширақ балапандар атына сәйкес үлпілдек қауырсынды әрі ширақ, жұмыртқадан шыға сала, тіршілік әрекетіне көшелі. Ондай құстарға тауықтәріздестер, қазтәріздестер, жыртқыш құстар және т.б. Жатады

Қарлығаш (.лат Hirrundinidae) — торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы

Қарлығаштар ,қайдасыңдар ?

Қақырап сәуір беті сөгілмеді,

Атырап ақ жауынға көмілмеді

Көктемде көк аспанды тілгілейтін.

Ару құс қарлығаштар көрінбейді.

Ақ тамақ қарлығаштар-арман құсым,

Жат жердеелде қанат жайғанбысың?

Өте алмай  талай өрден,асу белден,

Жете алмай біздің жаққа қалғанбысың?

Қашанда жақсылықтагн хабар беріп,

Қанатын қайта қайта алар керіп,

Ару құс қарлығаштар қайдасыңдар

Көктемде көп жаңбырмен қалар келіп

Қарлығаш қайда ұштың қалықтадың

Жат жердан жай таптың ба жанып бағың?

Сездің бе сәуірде әлде аяз қысып,

 Табиғат тосын мінез танытқанын

Сәні жоқ сенсіз заңғар аспанның да

Кеудені сенсіз ауыр басқан мұң да

Келмедің, біздегі әлде тұзды дауыл,

Ала шаң, ақ тұманнан жасқандың ба?

Көңілде көп қой тілек,арман, арман

Көк нөсер селдететін қайда қалған

Көп торғай, шымшық,құзғын сауысқан да,

Көз жазбай қалдық қара қарғалардан

Ақ тҚанатын жақсылыққа жайған құсым.

Жеріме жедел жетіп сел нөсермен

Көгіме қайта шырқап самғармысың?

Қарлығаштар Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда кеңінен таралған, 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар. Қазақстанда  5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі.

Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа, әрі әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. Қ-тың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр. Сыртқы түрінен еркегі мен ұрғашысының айырмашылығы байқалмайды. Дене тұрқы 9—23 см, салм. 10—60 г.

Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына 1, кейде 2 рет 3—7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Балапандары қызылшақа болып туады.

Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен.

 

Халық даналығында халқымыздың табиғатқа жанашырлық қасиетін аңғартатын аңыз әнгімелерде көптеп кездеседі.

Соның бірі асқын ақыл иесі Төле би атамызға байланысты айтылады. Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ел үйлерін жығып босып қаша жөнеледі Төле би үйін  жықпапты өйткені шаңырағында қарлығаштың ұясы мен төрт балапаны бар еді. Бұны естіген әскер басы ақсақалдардың адам баласы сүйсінер ер қасиетіне риза болып, оның өзіне де, еліне де тимепті. Осыдан кейін «Қарлығаш әулие, Қарлығаш би атанған екен»

Жоңғар сарбазы

 Оу кім бар мұнда, ел көшкенде неге үйіңді жықпадың сен?

 Қарлығаш би

  — Еее, шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салып еді. Ол жер бетін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап қалған  адам баласын жылан шақпақ болғанда Қызғыштай  қорғау құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балаларын зарлатып тастап кете алмадым!

 

Жалбарынар жайым жоқ жан алдында

Балапандар бар қанша қарауымда

Сол жетімдер ұшуға жарағанша

Сыртқа шықпай тұрамын қарауылда

 

«Қарлығаш би» атандым сол үшінде

Осылармен бір менің өмірімде

Батыр болсаң жайратып жүре бер сен

Жалғыз шалды кездескен жол үстінде

Тыныш мекен,
Іздегенде табылмас,
Пана болмай ну тоғайың,
Қалың тас.
Босағаның беріктігін бекітіп,
Киіз үйге,
Ұя салған қарлығаш.

Үй иесі,
Отыр төрде Бектерше,
Күн санайды саусақ саны жеткенше.
Ел көшсе де,
Киіз үй тұр жығылмай,
«Алтын» қанат,
«Күміс» болып кеткенше.

Ән – жұмыртқа тіршілікке қолыңды аш,
Келсін десең қанатты өмір,-
Ағын жас!
Киіз үй тұр ертеңіне алаңдап,
Ұялы үйге,
Ұя салған қарлығаш.

Бесіктегі бал үніндей басталған,
Сол ұядан таралады асқақ ән.
Үй иесі,
Отыр төрде Бектерше,
Босағаның беріктігін ұстаған!

Бастау алған,
Арман әні биіктен,
Екі үйді,
Қарлығаш жүр сүйіп тең.
Көтеріп тұр,
Ұя салған – Жер шарын,
Осы үйдің босағасы иықпен!

Адамның тұрағын

Мекен етіп тұрамын.

Тазалаймын үй ішін,

Шыбын деген кеселден.

Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 млн құрт жейді деп ғалымдар зерттеген

 

Жыл құстарының кеш келуінің себептері

1.Қарлығаш өте сезімтал құс, ауа райының құбылысын ерте болжай алады. Егер күн кенеттен суынып кесе  құс бағытын өзгертіп алады

2.Құс жолына антропогендік әсердің ықпалы соғыс өрті әсерлері Мәселен Африка, Үндістан,, Ауғаныстан елдерінде тұрақты болатын атыс соғыстары құстарды үркітіп жолынан жаңылдырады

3.Мұнай кеніштері қазір көп Газ алауы алыстан секемдендіріп ұшу бағыттарына кедергі келтіреді

4.Құс тұмауы секілді ауру сырқаудың әсері

                                           ҚОРЫТЫНДЫ

     Қазақстанның егемендік алуына байланысты, жыртылған жердің саны күрт азайып, көптеген ірі егін шаруашылықты жерлер игерілмей жатыр. Осылайша қазіргі кезде далаларды қалпына келтірудің табиғи процесі жүруде, жыртылған жердің орнын арам шөп басуда, кейінірек уақыт өте, дәнді өсімдіктер өседі. Кезінде мекенін тастап кеткен құстар қайта оралады.

   

     Қазақстанда 48 мыңнан астам көл бар, оның жалпы көлемі 45 мың шаршы км. Қазақстан көлдерінің жартысынан көбі оның солтүстігінде әсіресе орманды дала аймақтарында орналасқан. Қазақстандағы көлдердің маңызы өте зор, мұнда Батыс Сібірден жаз соңында ұшып келген үйрек, қаз, тырна және басқа да су маңы құстарының түлеуі жүреді.

     Біздің орман, орманды дала, дала, көл өзен және шалғынды мекендейтін көптеген жабайы жануарлардың арасында құстар ең қызықтысы, тартымдысы және сүйкімдісі. Олардың жеңіл де шебер ұшуы, әдемі түсі жәнесазды әуені табиғат сүйетін әркімді-ақ өзіне қаратады. Құстар таң қаларлықтай бай табиғатымыздың бір бөлігі ретінде бізге қымбат. Оларды тыңдау, оларға қайран қалу әр адамға үлкен ләззат береді. Сондықтан біз құстарды қорғаймыз, сондықтан заң оларды мақсатсыз жоюға және ұяларын қиратуға тиым салады. Құстардың тіршілігі, олардың ғажайып қоныс аударуы, құс ойнағы, ұя салуы, балапандарын күтуі және де олардың өміріндегі басқа ерекшеліктері эволюциялық ілімінің, экология мен этиология, биоакустика мен биоэнергетика, биокибернетика және де басқа қызықты ілім салаларының маңызды сұрақтарын шешуде сарқылмас деректер береді.

   Зерттеу жұмысы бойынша келесі қорытынды жасауға болады:

Қызылорда  өңірінің құстары салыстырмалы түрде сипатталып, келесі топтар айқындалды: жазықты жерде, орманды далада, су қоймаларында кездесетін құстар.

Аталған топтар негізінде құстардың саналуандығы анықталды

Құстардың адам өмірінде, табиғатта, ауылшаруашылықта маңызы көрсетілді.

 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Қазақстандағы жануарлар әлемі. 2004ж.  А.Ф. Ковшарь,В.А. Ковшарь
  2. Жыртқыш құстар.  1986ж.   Р.А. Алимбаев.
  3. Қолда мал өсірі. 1995ж. А. Отарбаев 
  4. Қазақстанның құстары. 2008ж.  Б. Есжанов, П.А. Есенбекова.

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *