Басы » Бастауыш сыныптар » ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНЫҢ ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ

ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНЫҢ ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ

 

Бастауыш сынып мұғалімі Набиева Гульшира Каримовнаның

1 «В» сыныбында өткен сауат ашу пәні бойынша

 ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНЫҢ  ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы
1  С.Мұқанов «Наурыз- жыл басы»
2 «Ұлыстың ұлы күнінде»
3  О. Асқар «Наурыз көже»
4 Ә. Табылды « Наурыз тойы»

 

 

 

Менің орта мерзімді жоспарым 4 тізібектелген сабақтардан құрылған. Жоспардың тақырыптары жылдың басында оқу тақырыптық жоспар бойынша бекітілген. Жалпы «Көктем» тарауына  22 сағат берілген, соның ішінде 4 сағаты «Наурыз» тақырыбына бөлінген.

Тізбектелген сабақтардың негізгі мақсаты: «Наурыз» мерекесі туралы білімдерін кеңейту арқылы деңгейлік бағдарламаның идеяларын жүзеге асыру. Сондықтан, сабақтар барысында топтық жұмыс барысында талқылау, дәлелдеу, түсіндіру әрекеттері орын алуын болжаудамын. Диалог барысында бір шешімге келу өзару үйрету және үйрену үдерістері өте тиімді болу керек деп шештім. Топ өнімін, өз өнімін қорғау арқылы көшбасшылық қасиеттерін дамыту мүмкіншілігі тудыруды жоспарладым. АКТ-ні қолдану оқушыларымның жас ерекшеліктерін ескерсек, ақпаратты визуаландыруға байланысты нәтижелі болады деп шештім. Сабақта «оқу пирамидасын» негізге ала отырып талқылау, көрсетілім, білім беру мен тәжірибеде қолдану арқылы білім алуға белсенділіктерін арттыруды жоспарладым: «наурыз» мейрамы жайлы видеоны талқылау, пікір алмасу, өз ойларын айту, өмірлерінде (тәжірибелерінде) бұл мейрамды қалай тойлайтыны жайлы ортаға салу т.б. Сынып оқушылары мен олардың жас ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі қызығушылықтарын оятатын тапсырмалар мен ойындар белгілеп алдым. Сабақтар барысында оқушылардың жас ерекшелігіне сай сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды, оқыту мен оқу кезінде АКТ-ні тиімді пайдалана отырып есте сақтауы мен танымдық қызығушылығын арттыруды, әр баланың дарынды екенін ескере отырып инклюзивті оқытуды, көшбасшылық қабілеттерін ашуды, формативті және жиынтық бағалауды қолдануды көздедім. Сабақтарымда «Аквариум», «Өрмекші торы», «Кластер», Венн диаграммасы т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижеге жетуге ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сонымен қатар формативті бағалауды саналы түрде қолдануым оқушыларды ынталандыра түсетініне сенімім мол. Осылайша оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған тізбектелген сабақтар топтамасының нәтижесінде:

  • Наурыз мерекесі жайлы білімдері кеңейеді;
  • Топтық жұмыс жасау дағдылары жетіледі;
  • Көшбасшылық қасиеттері дамиды, өз ойларын жеткілікті жеткізеді, дәлелдейді;
  • Өзін және өзгелерді бағалау дағдылары қалыптасады.

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Ана тілі» оқулығы, авторлары: Әуелбаев Ш, Наурызбаева Ә, ІзғұттыноваР, ТәжімбетоваС
  2. Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған «Сауат ашу» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 3 б.
  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық ( үшінші деңгей)
Тақырыбы,

мақсаты

Қолданылатын әдіс-тәсілдер Оқып-үйренуде күтілетін нәтиже Бағалау  Барлығын қосқанда Дереккөздер
ТАҚЫРЫБЫ: С. Мұқанов «Наурыз- жыл басы» Мақсаты: Заттың қимылын білдіретін сөздермен танысу арқылы Наурыз туралы білімдері кеңейеді. «Наурыз- жыл басы» шығармасының мазмұнында Наурыз туралы ақпаратпен танысу. Көңілашар  «Жүректен жүрекке»

1.Топтық, жұптық жұмыс

Рольдік ойын «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

  1. «Мен саған, сен маған» стратегиясы

3 «Наурыз»   видео көру.

4.Бағытталған оқу стратегиясы

— заттың қимылын білдіретін сөздермен танысады;

— «Наурыз- жыл басы» шығармасының мазмұны арқылы Наурыз туралы білімдері кеңейеді;

— топтық ережені орындауға дағдыланады;

-рольге кіріп ойнауға үйренеді;

— «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы  бағалауға үйренеді

 «Екі  жұлдыз, бір тілек»

«Бас бармақ»

Жиынтық бағалау

 топпен, жұппен жұмыс    жасайды;

өз білмегендерін сұрайды;

анықтаманы   тұжырымдайды;

рольде ойнайды;

 

 

1 сынып ана тілі оқулығы 125-бет, дидактикалық материалдар,

Интернет материалдары     (http://yznaika.com/powerpoint/165-nauriz-kzt#tabs-3)

« Ұлыстың ұлы күнінде»

Мақсаты: Өлең мазмұнымен таныса отырып, негізгі ойды ұғыну. Наурыз туралы түсініктерін кеңейту.

Көңілашар.

1  Аквариум әдісі бойынша   қайталау

2.Топтастыру.
3.Жигсо бойынша өлеңді оқыту, топ бойынша сұрақтарды  талқылау.

  1. «Өрмекші торы» әдісі арқылы білімді жүйелеу, қорытынды жасау.
-өлеңді мәнерлеп, саналы түрде түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді;

-топта жұмыс істеу дағдылары   күні туралы түсініктері молаяды;

-бағдаршам арқылы бағалауға үйренеді.

 «Бағдаршам» арқылы бағалау

Жеке бағалау

Жиынтық бағалау

 тақырыпты топпен   талдайды;

салыстырады;

достарына көмектеседі;

   1сынып оқулығы 127-бет, дидактикалық материалдар,

Интернет материалдары (http://kivvi.kz/watch/b), МАН

Күнтізбелік      жоспар

Оқу жоспары

О. Асқар «Наурыз көже»

Мақсаты: Өлең мазмұнына сүйене отырып, «наурыз көже» дайындау жайлы ақпарат беру, заттың қимылын білдіретін сөздер жайлы түсініктерін кеңейту.

Шаттық шеңбері

1.«Бағдаршам» арқылы үй тапсырмасын тексеру

  1. «Наурыз» мерекесі жайлы постер

3 «Наурыз»   видео көру.

4.Тақырыпты ашуға арналған топтық тапсырмалар

-«наурыз көже» дайындау жайлы ақпарат алады;

— заттың қимылын білдіретін сөздер жайлы түсініктері кеңейеді;

-байланыстырып, дәлелді сөйлеуге үйренеді;

— постер жасауға, оны қорғауға үйренеді;

-өзара бағалауға үйренеді.

«Бағдаршам» арқылы бағалау

«Екі жұлдыз – бір

тілек»

Жиынтық  баға

 инклюзивті оқыту;

топпен тапсырмалар  орындайды;

өз ойларын ортаға салады;

 

 

1сынып оқулығы 129-бет, дидактикалық материалдар,

Интернет материалдары (http://yznaika.com/nauriz-kzt#tabs-3)

МАН

Күнтізбелік жоспар

Оқу жоспары

 Ә. Табылды «Наурыз тойы»  Мақсаты: өлең мазмұнына қорытынды жасай отырып, наурыз күні жасалатын салт- жоралғылар жайлы түсінік беру. Көңілашар

  1. «Микрофон» бойынша үй жұмысын пысықтау.

2.«Болжау» стратегиясы

  1. Топтық тапсырмалар
— наурыз күні жасалатын салт- жоралғылар жайлы түсінік алады;
-топта жұмыс істеу дағдылары қалыптасады;

-Блоб ағашы арқылы бағалауды үйренеді.

Өзара бағалау

«Бас бармақ» арқылы бағалау

Жиынтық баға

 қорытынды жасайды;

жұппен жұмыс істейді;

топта тапсырмалар  орындайды.

 

1сынып оқулығы 130-бет, дидактикалық материалдар,

Интернет материалдары (http://yznaika.com/powerpoint/165), МАН

Күнтізбелік жоспар

Оқу жоспары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *