Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » С.Бегалин «Бала Шоқан» Шоқанға мінездеме

С.Бегалин «Бала Шоқан» Шоқанға мінездеме

nazЖамбыл облысы , Қордай ауданы

   Гвардейский қалашығы

№43 Б.Момышұлы  атындағы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Алтаева Назкуль Сагынбековна


 

Пән аты:  әдебиет

Сыныбы:    5

 

Сабақтың тақырыбы:   С.Бегалин «Бала  Шоқан»        Шоқанға мінездеме

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:  жазушы туралы мағлұмат беру, шығарманың мазмұнын игеріп, идеясын ашу.

2.Дамытушылық: оқушының өнерге деген қызығушылығын арттыру, таным қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.

  1. Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблема  туғызу, даралау, интеграциялау.

Сабақтың көрнекілігі:  суреттер, плакат, карта, кітаптар, слайд түрлері.

 Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін  өнері.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:      1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Армысыздар, балалар,

Дайынбыз ба сабаққа?

Әдебиет – сөз өнері,

Сай келейік талапқа

Бар ма үйден дайындық,

Тапсырамыз дұрыс па?

Оқымасақ, уайым қып,

Тығылмайық қуысқа.

Ойымызды айтайық

Білімімізді байқайық.

Мына отырған ұстаздар

Қалсын бір сәт марқайып.

 

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар!    Назарларыңызды слайдтағы мына сөзге назар аударыңыздаршы:   «Әдебиет» — тек асыл мұратпен, таза ар – намыспен кіруге болатын зәулім сарай»  деген екен ұлыларымыз, осы рухани асқарға жетелейтін қасиетті қазақ әдебиеті сабағын бастаймыз.

Ал, бүгінгі біздің сабағымыз «Білім керуені» деп аталады және төменгі     тәртіппен жүргізіледі.

   Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел!

Ғабит Мүсірепов

(эпиграф)

Нұрсұлтан Назарбаев:

Абылай ханның тікелей ұрпағы – Шоқан Уәлихановтың бойында ата – бабаларынан мұра боп қалған аса мол рухани күш – қуат бар еді.

І кезең. «Сиқырлы сандар»

  1. Сапарғали Бегалиннің  өмірі туралы  қандай деректер білеміз?
  2. Авторы туралы не айта аласыз? Ш.Уәлиханов туралы не себептен жазды?
  3. Шығарма  ішіндегі кейіпкерлерді санамалап  беріңізші.
  4. Шоқанның қайырымдылығын, уәдеге беріктігін қандай істерден білуге болады?
  5. Шоқанның апасының Мысыққа деген көзқарасы неге өзгерді?

6.Шоқан. Мысық .Жақып  образдарына  мінездеме беріңіздер.

 

Кейіпкер Мінездеме Шығармада
1 Шоқан Қайырымды,әділ,

уәдеге берік, өнерді

құрметтеу

Мысықты үйіне әкеліп тамақ береді. Киім береді.Інісінің әділетсіз әрекетіне тоқтам салады.

Әкесінен сұранып Мысыққа жолығады.Мысықтың жасаған мүсінін әкесіне көрсетіп, қызығушылық танытады.

2 Мысық өнерлізерек Мүсін жасайды.Көргенін пайымдай алады.
3 Жақып тентек Үйіне келген балаға сотқар мінезін көрсетеді. Өнерді тани алмайды.

 

2.Семантикалық карта.

КейіпкерлерШығармадан үзінді. Шыңғыс Шоқан Жақып Мысық Анасы Теңеу Эпитет
1.Сен істей ғой, шебер боласың! +
2.Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы +
3.Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші +
  1. Құйрығын қара, тап иттің құйрығы
+
5.Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе? +
6.Жолбарыстай, балалардай +
  1. Кесек денелі
+
  1. Әңгіме  құрылымына  композициялық   талдау жасау.

ІІ кезең. Жаңа сабақ.

Мақсатымыз:  Шоқан шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып,оның пікірлерінің құндылығына,өміршеңдігіне көз жеткізу.

Достар, сіздерге «Шоқан  кім?» деген сұраққа жауап іздеу үшін Шоқан әлеміне саяхат жасайық дегім келіп тұр.Көмекке  ортаға ізденуші жас

зерттеушілерді шақырамын.

1.Шоқан өмірі туралы деректер.

Академик Әлкей Марғұлан еңбегіндегі деректерге сүйене отырсақ  Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Көкшетау округінің Сырымбет елді мекенінде қалың қарағай басқантау етегінде туған делінген.

Шоқанның өз атасы Уәли Ресей мен Қытай таныған Орта жүздің соңғы ханы. Шоқанның анасы Зейнеп те текті жердің қызы. Уәлихановтардың тамыры ғасырлар қойнауына кеткелі – әз Жәнібек ханға барып тіреледі.

Жәнібек сұлтан

Ер есім – хан

Жәңгір хан

Салқам Уәли – хан

Шыңғыс сұлтан

Шоқан

2.Шоқан  Семей жерінде

— Барлық жұртқа мәлім етіп, қаһарман саяхатшы ретінде даңқын шығарған Шоқанның 1858 жылғы Қашқарияға, Шығыс Түркістанға сапары болды.

Шоқанды көпес керуеніне жол сілтеуші ретінде орналастыру идеясын  П.П.Семенов ұсынған. Шоқан Уәлихановтың сапарларының ішіндегі ең қауіптісі,ол Қашқарияға Әлімбай деген лақап атпен керуенбасы болып кіреді.

Қашқар сапары аса қиын да күрделі болғаны белгілі, Шоқанның өміріне бірнеше мәрте қауіп те төнген. Әйтеуір, елге аман – сау оралып, тарих, жағырафияға бай материал жинап әкелген. Мамандар Шоқанның зерттеуін бағалап, 1860 жылдың 7 сәуір күні    4 дәрежеліСвятой Владимир орденімен марапаттайды.

3.Шоқан Уәлиханов халқымыздың тұңғыш археологы.

Шоқан Уәлихановтың сапарларының ішіндегі ең қауіптісі,ол Қашқарияға Әлімбай деген лақап атпен керуенбасы болып кіреді.  1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет – ғұрпы, діни – ұғымдары жайында материал жинап қайтады. 1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы қырғыз еліне барады.Осы сапарында жинаған материалдарын ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс империясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерінде пайдаланады.Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса зор бағалаған.

П.П.Семенов – Тян – Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізгенде Шоқанмен ақылдасып отырған.Семенов – Тян – Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы Шоқан орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланады.1858 – 1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға барған атақты саяхатын жасайды. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүниежүзілік география ғылымына қосқан зор жаңалығы болды.

3.Өлмейтұғын артынан із қалдырған.

-Көкшетаулықтар өзінің ұлы жерлесін мақтан тұтады. Шоқан Уәлиханов атымен Көкшетау университеті, бір аудан, қалалар көшелері, кенттер аталған. Көкшетау қаласында оның ескерткіші бой көтерген, оның туған жері Сырымбетте мемориалдық музейі ұйымдастырылған.

-Шоқан 1865 жылы қайтыс болады.Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшен – Тоған деген жерге қойылады.Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары оны таңғажайып құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», — деп жазды.

  1. «Шоқан  жайлы лебіздер»  атты жинақ кітапшасымен жұмыс.

/ оқушылар алдына кітапшалар таратылады./Әлемдік ғылыми ортада бір ауыздан мойындалатын ғалымдар көп емес. Санаулы ғана, сол санаулылар ортасында бірегей тұлғаның бірі қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов деп білемін.

Қоңыр Мандоки

Өзінің бізден артық білетіндігін, не біздерден білім жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде – ақ оның білімінің бізден артықтығы  танылып қалатын.

Григорий Потанин

Шоқан тұлғасы таусылмайтын сырға бай ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып, ой кешіп отырғанда Шоқан өмірде рас болды дегенге сеніңкіремейтінім рас. Келте ғұмырында соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?

Шыңғыс Айтматов.

 

Қазақ жері талай ғұламаларды дүниеге әкелді.Өздерінің барлық ізгі тілектері жас жеткіншектердіңұлттық дүниетанымының қалыптасуына, дамуына арнаған ағартушыларымыз – Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Халықтың дүниетанымы өзен болса,ал үшеуі сол өзенге құйған үш саласындай.

Мұхтар Әуезов.

Шоқан  Уәлиханов Шығыс әлеміне құйрықты жұлдыздай жалт етіп шыға келгенде, орыстың  Шығысты зерттеуші ғалымдары оны бір ауыздан ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы одан маңызы зор ұлы жаңалықтарды ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті…                                                     Н.И.Веселовский

Орта жүзден шыққан қазақ, қазақтың соңғы ханы Уәлидің немересі және Шыңғыс ханның ұрпағы атақты Абылай ханның шөбересі, керемет дарын иесі – Шоқан  Уәлихановтың!

Григорий Потанин.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

1-топ      Не білеміз?   Сапарғали Бегалин әңгімелерінің тақырыбын,көтерген мәселесін сөз ету.

2-топ     Не білдік?   Шоқан  туралы шығарма арқылы  ұлы ғалымның  бейнесін таныту.

3-топ      Не  білгіміз келеді?    

1.Шоқан шығармашылығы.

2.Достары кім болды?

3.Ұрпағы бар ма?

Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел!  Ғабит Мүсірепов. Таулар алыстаған сайын биіктей түседі.Шоқан Уәлиханов та уақыт өткен сайын дараланып,биікке өрлеп,туған  халқымен бірге жасауда. Шоқан мұрасы-халық  қазынасы. Шоқан атамыздың рухани қазынасын ұлт игілігіне жарататын болашақ жастары-мына партада отырған сіздерсіздер.

Оқушылар еңбегін бағалау

Үйге тапсырма.

Кейіпкерге хат жазу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *