Басы » Cыныптан тыс » Балаларға арналған ойындар

Балаларға арналған ойындар

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Новоишим селосы
КМҚК “Айгөлек” балабақшасы
Молдагулова Динар Кабдрахмановна

       Сақина жасыру 

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұмулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады.Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді.Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

 

Допты қуып жет 

Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетеріңн көлемін ажырата білуге баулу.
Ойынның шарты:бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша ,балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек.
к/құралдар: түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар.

 

 

          Тышқан мен мысық 

Ойын мақсаты:балаларды шапшаң

әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары

бәрі тегіс қатыса алады.Балаларды

(қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,

ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен

мысық сайланады.Мысық тышқанды

қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған

балалар тышқанды яғни мысықтан

құтқару үшін,қақпадан тышқанды

шығарып діберіп мысықты шығармауға

тырысады.Мысық тышқанды ұстау

үшін шапшаңдық керек.Мысық

тышқанды ұстап алса,ойынға келесі

жаңа балалар қатыса отырып

алмаса береді.
К\құралдар: мысық,тышқан бетперделері.

 

Түлкі мен балапандар 

Ойын шарты: Бұл ойынға балалар 7-8 ден бөлініп ойнайды.Топ ішінде бір баланы «түлкі» етіп сайлап,қалған балаларды балапандар деп әрқайсысына бетпердке кигізіп ойын ойналады.Ойында балапандар түлкі кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша ойынды бастап аяқтауы тиіс.Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы тиіс.
К\құралдар: түлкің мен балапандар беп перделері.

 

«Көжектер мен түлкі» деген қимыл-сынды ойын .

Ойынның шарты: Бір бала түлкі болып сайланады, қалған

балалар көжек бет перделерін киіп, дөңгелене отырады.
Ойынды жүргізуші: ( қоян пердесін киеді)
Көжектерім, тұршы
Беттеріңді жушы.
Ну орманға барайық,
Тамақтанып алайық.
Қоян: Жалмаңдаған қу түлкі
Келіп қапты орманнан.
Көжектерің, қайда?- деп
Қуып келді соңымнан

Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөнеледі, түлкі қуады.

 

 

«Паравоз»
Ма
қсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету.
Мазм
ұны: Қатар — қатар тұрайық,
К
әне, кәне, сұрайық.
Кімні
ң болса бойы ұзын
Паравозы пойызды
ң
Кімні
ң, апай, бойы ұзын
Паравозы ол пойызды
ң?!
Т
әрбиеші бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол бала
паравоз болып алда т
ұрады. Ал қалғандары соның
артынан
ұстап тұра бастайды.
Ал, паравоз баста ал
ға,
Б
әрімізді басқар да!
Пш — пш, пш — пш!- біз кеттік
Ж
үрісті біз гулетіп
Ж
үрісті біз гулетіп
Гу — гу, гу — гу, гуілдеп
Қалып қойма біріңде
Пш — пш, пш — пш!- біз кеттік ж
үрісті біз үдеттік

 

 

 

«Қасқырлар мен лақтар»
Ма
қсаты: Балаларды жылдамдыққа,

ептілікке тәрбиелеу.
Ойын мазм
ұны: Аралары 10 — 15 адым  

қашықтықта«қора» мен «өріс» сызылады.

Ойнаушылар үйлерінде тұрып:
Б
өрте, бөрте, бөрте лақ,
Б
өрте лақ тым ерке лақ
Кетесі
ң кейде секеңдеп,
Байламаса к
өкем кеп — деген сөздерден
Кейін д
үрсілдей жүгіріп « өріске» беттейді.

 Оларды алаңның ортасында тұрған 2 — 3

қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан

шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған

балалардан сайланады. Осылайша ойын жалғасады.

 

 

«Ұшты — ұшты» №2

Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.
Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Бастаушы
Ойынды былай жүргізеді.
Ұшты — ұшты сұңқар ұшты
(қол көтереді)
Ұшты — ұшты қарға ұшты
(қол көтереді)
Ұшты — ұшты арба ұшты
(қол көтермейді)
Ұшты — ұшты дауыл ұшты
(қол көтермейді)
Ұшты — ұшты ұшақ ұшты
(қол көтереді)
Ұшты — ұшты торғай ұшты
(қол көтереді)
Ұшты — ұшты жылан ұшты
(қол көтермейді)
Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді.

«Ақ қоян» №3
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.
Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.

Ақ қоян — ау, ақ
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаңшы
Әй — әй көйлек кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші —
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.

«Қаздар» №6
Мақсаты: Балалардың музыкалық есту қабілетін дамыту және қаздардың тіршілігімен таныстыру.
Керекті құралдар: (сырнай немесе сылдырмақ).
Ойын мазмұны: Қысқаша әңгіме, қаз өте сақ құс, ол балапан шығарған кезде, ата қаз балапандардың соңында жүреді. Егер қауіп төнсе, ана қаз екеуі екеулеп балапандарын қорғайды. Қаздар көк шалғында шөп жейді. Барлық балаларға сырнай үлестіріліп, ішінен ата қаз белгіленеді. Балалар шалғында жайылып жүрген қаздарды бейнелеп, баяу сырнай тартады. Тәрбиеші белгісімен қауіп төнгенде, ата қаз
сырнайды қатты 2 — 3 рет тартып белгі береді. Осы кезде балалар қанат қағып жүгіріп барып, ана қаздың жанына жиналады. Ойын қайталанып, ата қаз сайланады.

«Төбеде доп қуу» №7
Мақсаты: Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Ойынға қатысушылардың барлығы екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары бірінің артына екеуден сапқа тұрады. Ал капитан өз командасының алдында болады. Команда бірінен бірі 3 — 4 метр жерде тұрады. Капитандар бір — бір волейбол добын алады да, оны екі қолымен төбелеріне көтереді. Жетекшінің «Бастаңдар» деген командасы бойынша олар допты басынан асыра артындағы ойыншыға, осы әдіспен келесі ойыншыға береді. Ойын одан әрі қарай жүгіреді, сөйтіп өз тобының алдына келіп тұрады. Доп тағы да колонаның соңына кетеді. Ол топ капитандарының қолына екінші рет қайта тигенше ойын осылай айнала береді. Капитан өз орнына келіп, бірінші
болып, допты жоғары көтергенде команда ұтып шығады.

«Күн мен түн»
Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.
Ойын мазмұны: Балалар бірі «Күн», екіншісі «Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір — бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші «Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма — кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *