Басы » Технология » Халық дәстүрі — асыл қазына

Халық дәстүрі — асыл қазына

  Шығыс Қазақстан облысы

 Өскемен қаласы

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – лицей — интернаты» КММ

Қанапьянова Жанар Заманбековна – технология және өзін – өзі тану пәні мұғалімі

                                                  

Сабақтың тақырыбы: Халық дәстүрі — асыл қазына

 

Дерек көзі: МАН, ресурстар,оқулық, интерактивті тақта, жұмыс дәптері,А3, стикер, маркер

Жалпы мақсат:   Оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту.

Сабақ мақсаты: Оқушылар сабақтың мақсатын өздері айтады, слайдтан  оқып толықтырады. Оқушылар дәптерлеріне  тақырыпты жазады.

Оқыту нәтижесі:

  • Халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінеді;
  • ой — өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика — эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыйды.
  • Халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп,    бағалай білу дағдыларын қалыптастырады.
  • Оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра отырып, халақ өнегесін үйрету.

 

Негізгі идеялар: Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді.

Қорытынды: Оқушылардың өздерінің сабақты қорытындылауы.

 

Ұйымдастыру: Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

Тыныштық сәті. (3 мин)

Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл — күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл — күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.

Үйге берілген тапсырманы тексеру: өз жанұяларындағы ұстанатын салттар туралы айтып береді (2 мин)

Бағалау, критериймен. Топ жетекшісіне бағалау парағын беру. Критерий бойынша бағалау. Формативті бағалау.

І.Қызығушылықты ояту : Миға шабуыл «Қазақы дастарқаным» әнін тыңдату.

Слайдта сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салады.Топқа бөлу, оқушылар асық таңдау арқылы. (3 мин)

1.Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған?

2.Халық даналығының мақсат мүдесі неде?

3.Халықтық дәстүрден қандай өнеге үлгі алуға болады?

4.Өзің үшін маңызы бар халқымыздың игі дәстүрлері туралы айтып беріңдер?

  1. Халқымыздың салт-дәстүрін жалғастыру неліктен қажет деп ойлайсыңдар?

Жаңа ақпарат: (5 мин)

 

Оқушылар дәптерлеріне  тақырыпты жазады. қысқаша өздері білетін таныс тыйым сөздерді  жазады. Айтады.

Сергіту сәті: Сергіту сәтін ұйымдастыру. Орындарынан тұрып «Қара жорға» әуенімен жасалатын сергіту сәтін бірге қайталап жасау. (2 мин)

 

ІІ. Мағынаны тану: Топта жұмыс . Жұптық талдау.Топтық талдау. Постер жасау,

Қорғау. (10 мин)

 

1-топ. «Дастарқан» мәтінін оқу.

2-топ. «Жарасып тұр дәстүрім» ролдерге бөліп орындау.

3-топ. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» топтастырыу.

4-топ. Сандарға байланысты нанымдар мен сенімдер, ырымдар

Кім көп біледі айдарымен

«Жаман болады» деген атпен өздерінің жанұяда ата-анасынан, үлкендерден естіген ырым мен тыйым сөздерден айтып жарысу. (2 мин)

 

ІІІ. Ой толғаныс: Оқығандарын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу. Өз сұрақтарын қойып,жауап беру. (3 мин)

 

  1. Салт сөздігін негізге алу. (топтастырыңдар)
  2. Әдет-ғұрып сөздігін негізге алу.
  3. «Дәстүрдің өзығы бар, тозығы бар»

Ой толғаныс сәтін бекіту

Дәйексөз:

«Ата салтың-ұлттық қалпың»

Оқушылар дәйексөздің мағынасын өз сөздерімен түсіндіру. Бірге айтып, дәптерге жазу.

(2 мин)

 

Қорытынды: өз ойларын айту. (3 мин)

 

  1. Ата салтын сақтау не үшін қажет?
  2. Қазақтың ырым-тыйымдары нені уағыздайды?
  3. Салт-дәстүрдің қолданыстан шығып қалуы мүмкін бе? Неліктен?

Менің түгенім

Дәптерлеріне жазу. (2 мин)

-Сабақ маған ұнады, себебі: ………………………………………………………………..

-Сабақ маған ұнамады, өйткені: ……………………………………………………………..

Сабақтан үйренгенім…………………………………………………………………………..

Жүректен жүрекке:

Слайд көрсетілімі, әнің минусовкасымен

«Наурыз-Думан» сөзі М.Мақатаевтікі, әні Т.Сарыбаевтікі оқушылар бірге орындайды.

Ұлдар бата берді. (2 мин)

Бағалау: Әр тапсырманы орындау барысында қол шапалақтау арқылы, бағдаршам сигналдары арқылы, ишаралар: бас бармақты жоғары, төмен бағытын өзгерту арқыласа, топ  басшылары өз тобын бағалайды. Оқушылар стикер арқылы сабақты бағалады.

Үй тапсырмасы: «Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған»тақырыбын оқып келу.

Соңғы тыныштық сәті. Оқушыларды тағы да жағымды ойға түсіру маңызды. Оқушылар орындарында отырып, көздерін жұмып, бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып, іштей өздеріне, мұғаліміне, барлық әлемге тыныштық, сүйіспеншілік жолдап, ризашылықтарын білдіреді.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *