Басы » Бастауыш сыныптар » 3 саны мен цифры

3 саны мен цифры

t+Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің

даярлық сынып мұғалімі

Кизатова Мөлдір Айтқазықызы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет  түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: 3 саны мен цифры

Мақсаты: Білімділігі: балаларды 3 санымен таныстыру, бір мен үш көлеміндегі заттарды санай білуге үйрету. 3санының пайда болуы және оның құрамымен таныстыру. Геометриялық пішіндерді ажырата білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: балалардың математика пәніне деген қызығушылығын аттыра отырып, ойын  барасында ой – өрісін, тілдік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: балаларды әдептілікке, қамқорлыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдіс — тәсілі: шаттық шеңбері, сұрақ – жауап, түсіндіру, ойындар, сергіту жаттығулары.

Көрнекілік: геометриялық пішіндер, сандар, аңдар.

Іс – әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Апайларды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

-Балалар, бүгін бізде қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағы. Мен  сендерге «Бүгінгі күндерің сәтті болсын !» деймін.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

— Балалар бұған дейін біз 1, 2 сандарымен танысқанбыз.(1, 2 санын тақтадан көрсету)

 

Санамақ

1 дегенім – бөрік,

Басқа кисең көрік.

2 дегенім – етік,

Киер сәнді етіп.

(Тақтаға санамақ көрнекілігі ілінеді)

 

-Балалар, бұл киімдерді жылдың қай мезгілінде киеміз?

-Балалар, осы қыс мезгілінде кейбір аңдар ұйқыға кетеді екен. Қандай аңдар деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Аю туралы қандай ертегі білесіңдер?

 

«Үш аю» ертегісін айту

 

 

 

 

 

 

 

-Бұл ертегіде қай санды қатыстырып әңгімеледім?

Аю -3, ыдысы- 3, қасығы -3 , «3 саны бар екен»

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырмақпын

Жұмбақ

Менің үш көзім бар

Бір көзім: «Кідір!» дейді

Бір көзім: «Жүгір!» дейді

Бір көзім: «Абайла!» дейді

«Қарап ал маңайға!» дейді

-Дұрыс айтасыңдар, бағдаршамның үш көзі бар екен

1- көзінің түсі қандай?

2- көзінің түсі қандай?

3- көзінің түсі қандай?

 

Бұл жерде де 3 саны айтылып тұр. Біздің бүгін өтетін санымыз 3 саны  екен.

(Тақтадан көрсету)

 

Біз бүгін 2-ден кейін тұратын  3  санымен танысамыз.  Жарты екі айға, екі бананды бірінің үстіне бірін қойса , 3 санына ұқсайды.

 

Екіден кейін қараңдар,

3 саны шықты, жараңдар

Үшінші орын тұрағы

Үш ілмекті қосып тұрады.

3 саны үш бірліктен тұрады.

(Тақтадан көрсету)

 

Сергіту сәті (Музыкамен қимылдарды орындау)

 

 

 

 

 

 

Қыс мезгілі.

Күн суық, дала аппақ қар. Адамдар жылы киініп жүр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыс мезгілі

 

 

Аю

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 санын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдаршам

 

 

 

Қызыл

Сары

Жасыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен көрсетеді.

Тосын сәт: Балалар, тыңдаңдаршы, бізге

біреулер келе жатқан сияқты.

(Мақта қыз бен мысық кіріп келеді.)

-Сәлеметсіндер ме?  Біздің сыныпқа қош келдіңдер!

Мақта қыз бен мысық:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мұғалім: Мысық сен неге ренжіп тұрсың?

Мысық: Мені ренжіткен мына Мақта қыз

Мұғалім: Мақта қыз сенің қолыңдағы не?

Мақта қыз: Мысықтың құйрығы. Ол менің тапсырмамды орындаған жоқ.

Мысық: Ой, ол сондай қиын ғой, балалар маған көмектесіңдерші!

Мұғалім: Балалар мысыққа көмектесеміз  бе?

Мұғалім: Мысықжан, кәне тапсырмаңды бере ғой.

(Мысық тапсырмасын мұғалімге ұсынады)

1 — тапсырма: Логикалық есеп

Көлде жүзді екі қаз,

Ұшып -қонды тағы бір қаз

Болды қанша барлығы? 2+1=3

2- тапсырма: Пішіндерді ата және түстерін тап?

 

 

-Жарайсыңдар, барлық тапсырманы орындадыңдар!

Мақта қыз, мысық, сендерге орындаған тапсырмаларымыз ұнады ма?

Мысық: Ия

Мұғалім: Мақта қыз, енді мысықтың құйрығын қайтарып бере ғой. Мысықпен достас.

(Бір-бірмен достасады)

Мұғалім: Мақта қыз, жарайсың!

Мақта қыз бен мысық: Ал, балалар, өзіміздің ертегілер еліне қайтайық. Рахмет ,сендермен уақытты қызықты өткіздік. Сау болығдар!

 

Дәптермен жұмыс

3 санын жазу

  1. Ауада жазу
  2. Дәптерге жазу

 

-Балалар, келесі кезекті ойынға берейік, ойын ойнағанды ұнатамыз ба?

«Кім жылдам?» ойыны

Құмырсқаның туған күні болады

1-ші жыбырлап қоңыз келеді,

2-ші асығып көбелек келеді.

3-ші ара ұшып келеді.

Сонымен ,балалар ,құмырсқаның туған күніне неше қонақ келеді.

«Үйшік» ойыны

Балалар ормандағы мына үйшікте тату-тәтті аңдар тұрып жатыр екен. Сендер сол аңдардың атын сипаттамасына қарай тауып көріңдер.

-өзі  -қу, жүрген жері айғай-шу.

-құлағы –ұзын, өзі- қорқақ.

-қорбаңдаған епсіз, өзі балды жақсы көреді.

 

 

 

-Жарайсыңдар, дұрыс таптыңдар.

«Санамақ» ойыны

Кел, санамақ санайық

Санайық та, табайық.

Ойын аты- санамақ,

Жаңылмай біз санайық

1 2 3 ; 3 2 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ия, көмектесеміз

 

 

 

 

 

 

3 қаз

 

Үшбұрыш түсі қызыл

Төртбұрыш -түсі сары

Дөңгелек түсі көк

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ия

 

 

 

 

 

 

3 қонақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түлкі

Қоян

Аю

 

 

 

 

 

 

Кел, санамақ санайық

Санайық та, табайық.

Ойын аты -санамақ,

Жаңылмай біз санайық

1 2 3 ; 3 2 1

Рефлексивті- түзетушілік -Балалар, біз бүгін қандай санмен таныстық?

-3 санына байланысты қандай ертегіні әңгімеледік?

-3 саны неге ұқсайды екен?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Өте жақсы. Бәрің де жақсы қатысып, көңілді болдыңдар.

(көңіл-күй белгісімен бағалау)

 

 

 

 

 

3 санымен

 

Үш аю

Айға, бананға

 

 

Білу керек: 3 саны мен цифры ұғымын, сан қатарындағы орналасу, сандарды тура және кері санау.

Үйрену керек: 3 санын және цифрын дәптерге жазу.

Меңгеру керек: 3 саны мен цифрына байланысты ойындарды және есеп құрамын есте сақтау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *