Маңғыстау облысы.
Бейнеу ауданы
Манашы балабақшасы
Тәрбиеші: Туракбаева Гулжамал
«Әнші болғым келеді»
Құрметті ата-аналар және қонақтар бүгін балабақшамызда топ арасында «Әнші болғым келеді» сайысына хош келдіңіздер. Ендеше осы сайысқа қатысушыларымызды қошеметтеп қарсы аламыз. «Балалар ән ырғағымен залға кіреді»
- Самғат шықты сұлтандай,
Копшіліктен бұлтармай.
Білсеңдерғой бұл жігіт,
Күміс көмей жыр таңдай. Бірінші номердегі бүлдіршініміз Дәрментай Самғат.
- Сана күндейсің сен шуақ шашқан,
Ата – анаңа сенің атың жыр мен дастан.
Қуантшы баршамызды бұл байқауда,
Бүгінде әнші барма сеннен асқан. Екінші номердегі бүлдіршініміз Раушан Сана.
- Біздің Бекзат тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал сайысқа,
Өнер көрсет құрбылармен жарыста. Үшінші номердегі бүлдіршініміз Смайл Бекзат.
- Әжесінің аумайтуғын еркесі,
Сенсің оның таусылмайтын теңгесі.
Сенің әнің алғырлығың арқылы,
Мақтанатын болар әжең ел іші. Төртінші номердегі бүлдіршініміз Хамидова Жанар.
- Біздің Нүргүл сымбатты,
Бал лебізі тым тәтті.
Інжу маржан секілді,
Көйлегіде қымбатты. Бесінші номердегі бүлдіршініміз Темірбаева Нүргүл.
- Нәзік күйді шертеміз,
Көріңіздер кел тегіс.
Ісі әдепті тілі бал,
Жансая біздің ерке қыз. Алтыншы номердегі бүлдіршініміз Сәуірбай Жансая.
- Қылығы әсем сиқырлы,
Бал тілінен күй тынды.
Сыңғырлаған күлкісі,
Ақниет біздің сүйкімді. Жетінші номердегі бүлдіршініміз Галпакбай Ақниет.
- Пәк үмітке ұқсап тұрған үзілмей,
Алғырлығы ұстараның жүзіндей.
Балапаны балабақшаның ол Қарахат,
Ән де айтады жымиып ол клімдей. Сегізінші номердегі бүлдіршініміз Сәрсенбай Қарахат
Ендеше қатысушы бүлдіршіндердің аттарымен таныстық енді кезекті, әділ қазы алқасымен танысамыз. Балабақшамыз әдіскері: Бегжанова Бағдагүл ханым.
Балбақшамыз есепшісі: Дүйсенбаева Жанұя.
Балабақшамыз тәрбиешісі: Айсұлтанова Рахима.
- Бөбектердің көңілді,
Күгені де әдемі.
Гүлдендіріп өңірді,
Жүргені де әдемі.
Әсем әуен төгілсін,
Жүрек қылын тербетер.
Күміс үнге көмілсін,
Тілің тәтті бал шекер.
«Ана –тілі» әнін орындайтын Дәрментай Самғат.
- Құйқылжыта шырқаған
Ән әлемі ертегі.
Үміт арттық біз саған,
Сен әлемнің ертеңі.
«Ерке қыз» әнін орындайтын Раушан Сана.
- Күннен күнге, жылдан жылға көркейіп,
Қуанышпен келешекке беттейік.
Аман – есен күліп ойнап бәріміз,
Мерекеден мерекеге жетейік.
«Тұлпарым» әнін орындайтын Смайл Бекзат.
- Ән көңілдің ажары,
Бөйлейтұғын шаттыққа.
Қуаныштың базары,
Тарқамасын аптықпа.
«Ән сәлем» әнін орындайтын Хамидова Жанар.
- Атам, әжем қуанышқа кенеле,
Бұл өмірде ыстық дейді немере.
Адалдықпен адамдықты үйреткен
Атам менің әжем менің өнеге.
«Тыңдай білем» әнін орындайтын Темірбаева Нүргүл.
- Арман қуған балақан,
Кеудеңде үміт нұрланар.
Кел келе ғой ән шырқа,
Талабыңа нұр жауар.
«Қуыршақ» әнін орындайтын Сәуірбай Жансая.
- Гүл ме мейлі көбелек,
Бөліп жару не керек.
Табиғаты тамаша,
Екеуіде керемет.
«Көбелек» әнін орындайтын Галпакбай Ақниет.
- Қош келдіңіз тыңдарман,
Сіздерге арнап ән салам.
Халық әртісі алдында \қошеметтеп жар салам.
«Балапан» әнін орындайтын Сәрсенбай Қарахат.
Ендігі кезекті әділ қазыларымыздың әділ бағасымен таныстыруға ортаға балабақша әдіскері Бегжанова Бағдагүл ханымда ортаға шақырамыз.
Алтын ұя балабақшасында өткізіліп отырған «Әнші болғым келеді» сайысына қатысқан бүлдіршіндерімізді жүлделі орындарымен құттықтап бүлдіршіндерімізге сәт – сапар тек қана көз қуанышымызға айналып журе берулеріне тілектеспіз деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.