Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы балабақша
Гулжамал Туракбаева
Тақырыбы: «Жол атасы – бағдаршам»
Мақсаты: Бағдаршам оның қызыметімен таныстыру. Жолда жүру
ережесі туралы білімдерін кеңейту.
Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: Сұрақтар, жауаптар, тақпақтар, ойын, ән айту, слайд.
Көрнекілігі: Жол, адам жүретін жол, жолақ сызық, жол белгілерінің
суреті, бағдаршам.
Балалар Инспектормен бірге ән ырғағымен залға кіреді.
Сәлем сөздің анасы деп қонақтармен сәлемдесейік.
Сәлеметсіздер ме!
Жылулық шеңбер
Алтын таңның шуағы,
Бақыт үшін туады.
Қайырлы таң, қонақтарым,
Жарық күннің шуағы.
Инспектор:
- Балалар қазір жылдың қай мезгіл?
Балалар:
- Күз.
Инспектор:
- Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар:
- Үш ай.
Инспектор:
- Аттарын атаңдар?
Балалар:
- Қыркүйек, қазан,қараша.
Ұйымдастырушы кезең:
Инспектор:Балалар бүгін біз «Жол атасы – бағдаршаммен» танысамыз.
Аю: (жыламсырап) кіреді:
Басым, басым – ай, басымды ауыртып алдым, көмектесіңдер.
Инспектор: Кел аю саған не болды қазір көмекке Дәрігер Айболитті шақырамын .
Бізге сіздің көмегіңіз қажет. Аю басын ауыртып алды тез келіңізші.
Дәрігер Айболит: Көмекке келеді.
Маймағым айта ғой не болды? Сені кім ренжітті?
Аю: Бал таситын машйнаға жармасам деп құлап басымды ауыртып алдым.
Айболит: Ендеше жылап тұрғаның ұят, жол тәртібін өзің бұзыпсың, маймағым! Мен сенің басыңды емдеп байлап берйін.
Инспектор: Балалар қараңдаршы, маймақ дұрыс істеді ме?
Аю: Айболит ата, инспектор мырза, мен енді ешқашан жол ережесін бұзбаймын.
Инспектор: Аю, сен жол тәртібін білесің бе?
Аю: Жоқ (ұялып төмен қарайды)
Инспектор: Балалар Аюға жол тәртібін, бағдаршамның қызыметімен таныстыруға көмектесеміз бе?
Балалар: Йя.
Слайдпен түсіндіру.
Бағдаршам жол ережесін реттеуші, жол қиылысынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Біз жол ережесін сақтай білуіміз керек. Бағдаршам бар жерде адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Балалар жолдан өткенде ата – аналарының немесе үлкендердің көмегімен өтуі тиіс. Көлік жүретін үлкен жолдың қапталында арнайы адамдар жүретін тратуар болады. Үлкен жолда жүргенде белгілер көп, бұл жаяу жүргіншілердің қозғалысына тиым салынған белгі. Бұл белгі велосипедпен қозғалысқа тиым салынған белгі. Бұл белгі жаяу жүргіншілер белгісі, ал бұл велосипед жолы. Бұрылма жол. Балалар бағдаршамның үш түсті көзі бар.
- Қызыл түсі тоқта,
- Сары түсі дайын бол,
- Жасыл түсі жүре бер дегенді білдіреді.
Сергіту сәті:
«Аяқ пенен топ – топ»
Жарайсыңдар балалар.
Инспектор:
Балалар бізде жол дайын, ал не жетіспейді.
Балалар: Бағдаршам.
Бағдаршам кіреді:
Балалар мен сендерге сұрақтар қойып білімдеріңді тексерем.
- Бағдаршам қай жерде тұрады?
Балалар: Жолда.
- Бағдаршамның неше көзі бар?
Балалар: Үш көзі бар.
- Көздерінің түсі, пішіні қандай?
Балалар: Қызыл, Сары, Жасыл. Дөңгелек.
Жол ережесіне байланысты кім тақпақтар айтады.
- Бала:
Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер түрі бар.
Бағдаршам дегеннің,
Сырын жақсы біліп ал
- Бала
Қызыл шамы жанғанда,
Тоқтай қал аманда.
Сары көзі жанғанда,
Дайын бол аманда.
- Бала
Жасыл көзі жарасты,
Алдынан жол ашты.
Өте бер аманда,
Жолымен қарасты.
- Бала
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзді.
Тоқта, сақтан, жол ашық.
Жүрме жолға таласып.
Жарайсыңдар балалар. Балалар мен сендермен ойын ойнағым келеді, ойынға дайынсыңдарма?
Балалар: Ия.
Бағдаршам:
Ойынның аты: «Жұбыңды тап»
Ойынның шарты: Балаларға суреттердің бөлігін тарату арқылы екінші бөлігін табу.
Инспектор: Жарайсыңдар балалар, сендер ойынды жақсы ойнадыңдар.
Ал енді балалар бағдаршамның көздерін өз орындарына жапсырамыз.
Жапсырған бағдаршамды аюға сыйға береміз.
Инспектор: Балалар қане бәріміз бірге «Бағдаршам» әнін орындайық.
Инспектор: Аю бізбен бірге жол ережесін үйренген боларсың.
Аю: Ия балалар мен жол ережелерін түсіндім, енді жол ережесін бұзбаймын мен енді кетейін хош сау болыңдар. Рахмет балалар.
Доктор Айболит: Балалар сендер білімді балалар екенсіңдер. Менде кететін уақытым болды. Хош сау болыңдар балалар.
Инспектор: Бүгін біз не үйрендік?
Балалар: Жол ережесімен таныстық, бағдаршаммен.
Инспектор:Жолда жүргенде жол тәртібін сақтап оңға, солға қарап жол тәртібімен жүреміз. Жарайсыңдар балалар сендер өте тамаша қатыстыңдар.
Жол ережесін білейік, аман – есен жүрейік! Сау болыңыздар!