Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Бірлік ауылы
№102 орта мектеп
Қожабергенова Мөлдір
Интелектуалдық Олимпиада
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын жан-жақты арттыру, ойлау қабілетін дамытып, дүние және білім танымын кеңейту, бойларына адамгершілік ақыл-парасат қасиеттерін қалыптастыруға үйрету.
Сабақтың әдісі: Топтық
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, тапсырмалар
Ойынның жүру барысы:
- Әділқазылар алқасымен таныстыру
- Командалар арасында өтетін сайыс болғандықтан 1-ші команданы шақыру. Команда құрамында 3 оқушы, әр команда өздерін таныстырады.
І топ 10-сынып
Нартай
Назерке
Дархан
ІІ топ 9- сынып
Камила
Айгүлім
Ханым
- Кіріспе
Жалпы ойын ережесімен және ойынның мақсатымен, ойынға қатысушы топтармен, сарапшылармен таныстыру. Ойынға қатысушылардың мұқият болуын, сұрақтарды дұрыс тыңдауын және оны алдымен топ мүшелерімен біріге отырып талдап алып жауап беруін сұраймын.
- Негізгі бөлім. Ойынды жүргізу
І тур. Бұл турда жалпы 12 сұрақ қойылады. Сұраққа 2 топ кезек жауап береді. Жауап берілген тұжырымның дұрыстығын немесе бұрыстығын мақұлдайды. Дұрыс берілген жауап 10 ұпаймен бағаланады. Ойлануға 10 сек уақыт беріледі.
- Тікбұрышты координаталар жүйесін енгізген Р.Декарт па? (иә)
- 10х 4+7х2-3=0 квадраттық теңдеу ма? (жоқ)
- Гипербола – квадраттық функцияның графигі ма? (жоқ)
- Планиметрия – геометрияның жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерін
зерттейтін бөлімі ме? (иә)
- Ы.Алтынсарин «миллион» ұғымын қазақ жеріне алғаш таратты ма? (Иә,
1879ж Орынборда)
- Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема – Пифагор теоремасы ма? (Иә)
- 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысы 5060 –қа тең бе?
(жоқ)
- 10000000 – сі 1-ге тең бе? (иә)
- Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш ромб бола ма? (жоқ, квадрат)
- Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда диаметр деп атала ма? (иә)
- Тік төртбұрыштың диагональдары тең — өзіне тән қасиет пе? (иә)
- 12. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы π≈ 3,12 –ге тең бе? (жоқ, π≈ 3,14)
ІІ тур. Бұл турда 6 сұрақ қойылады. Сұраққа екі топ белгілі бір ретпен жауап береді. Берілген сұраққа дұрыс жауап алынбаса, онда алғашқы ұпайды 100-ге кемітіп, 1-көмек беріледі, одан кейінгі жауап дұрыс болмаса, тағы да 100 ұпай кемітіліп, 2-көмек беріледі, одан кейінгі жауап дұрыс болмаса, тағы да 100 ұпай кемітіліп, 3-ші соңғы көмек беріледі. Дұрыс берілген алғашқы жауап 500 ұпаймен бағаланады. Одан кейін әрбір көмектен кейін ұпай саны 100-ге кемітіліп отырады. Ойлануға 1 мин уақыт беріледі.
1-сұрақ. Бұл математиктің басындағы ескерткіш тақтаға шар және оған сырттай сызылған цилиндр ойылып салынған. 200 жыл өткен соң осы сызба арқылы оның жерленген жерін тапқан. Бұл қай математик? Жауабы: Архимед
1-көмек. Туған қаласы Сиракузды жау басып алғанда, бұл математик сызбасын сызып, оймен геометрия мұхитын шарлап отырған. Римдік жауынгер жүр дегенде, ол есебімді шығарып бітірмей ешқайда бармаймын деген. Сонда ашуланған Римдік жауынгер оны қылышпен шауып тастаған.
2-көмек. «Эврика» сөзінің авторы.
3-көмек. Осы кісінің есімімен байланысты физикалық заң бар.
2-сұрақ. Діни тұрғыдан сандық соқыр сенімдердің ішінде әлі күнге дейін санадан арылмай келе жатқан сандар бар. Мысалы, 666 – «пері саны», 3 және 12 пифагоршылдар мектебінде бақытты сан деп есептеген, ал 4 санын денсаулықтың, үйлесімділіктің саны деп есептеген, ал «шайтан саны» деп қай санды есептеген? Жауабы: 13
1-көмек. Бірқатар елдерде бұл санмен үйлерді, жатақханаларды және қонақ үйлердегі бөлмелерді, жолаушы кемелеріндегі каюталарды, кинотеатрлардағы орындықтарды нөмірлемеген.
2-көмек. Математикалық тұрғыдан А.Николаев пен П.Поповичтің ғарышқа ұшуы осы күні басталды және ұшу ғарышкерлер үшін өте сәтті өтті. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғат Бигелдинов өзінің тұңғыш рет жауға соққы берген ұшуын осы нөмірлі ұшақпен бастаған.
3-көмек. Квадраты 169-ға тең сан.
3-сұрақ. Теріс сандар алғаш рет қай елде пайда болды? Жауабы: Ежелгі Қытай.
1-көмек. Ең алғашқы қағазды ойлап тапқан мемлекет.
2-көмек. «Аспан асты елі» атанған мемлекет.
3-көмек. 28 жазғы олимпиада ойыны өткізілген мемлекет.
4-сұрақ. Әлемдік рекорд жасап «Гиннес» кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ кім? Жауабы: Талғат Мұсабаев
1-көмек. 1994 жылы 135 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді.
2-көмек. 1998 жылы орбитада 7 ай жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шыққан.
3-көмек. Ғарыштың қара тұңғиығында 30 сағатын бетпе-бет өткізген.
5-сұрақ. Ағылшын математигі Д.Сильвестр енгізген термин қалай аталады? Жауабы: Дискриминант.
1-көмек. Қазақ тіліндегі мағынасы «айырма» дегенді білдіреді.
2-көмек. Осы терминге байланысты теңдеулердің түбірлерінің саны анықталады.
3-көмек. Квадрат теңдеулерді бұл терминнің көмегінсіз шешу мүмкін емес.
6-сұрақ. Көптеген ерекше сандар ұлы математиктердің есімдерімен аталады. Мысалы, π санын Архимед саны, е≈2,718281 санын Эйлер саны деп атайды. Ал Шахризада саны деп қай санды атайды? Жауабы: 1001.
1-көмек. Осы кейіпкерге байланысты ертегі бар және ол жөнінде фильм де түсірілген.
2-көмек. Ертегінің атында «күн» сөзінің антонимі кездеседі.
3-көмек. Цифрларының қосындысы 2-ге тең, төрт таңбалы сан.
ІІІ тур. Бұл турда 6 сұрақ қойылады. Сұрақтың жауабы үшін жауап кілттері беріледі. Осы кілттерді көргеннен кейін топ мүшелері ұпайды өздері таңдайды. Жауап дұрыс болмаса таңдалған ұпай сол топтың ұпайынан шегеріледі. Қарсы топтың берілген сұраққа жауап беруіне де жауап бермеуіне де болады. Егер дұрыс жауап берілсе ұпай саны қосылады., жауап қате болса, ұпай шегеріледі. Ойлануға 30 сек уақыт беріледі.
- Алты аяқ болса да, төрт аяқтай тез жүгіре алмайды.
Жауаптың кілті: 4 салт 6 Жауабы: Салт атты
- Грек тілінен аударғанда «керілген жіп» мағынасын білдіретін үшбұрыштың элементі. Бұл қандай элемент?
Жауаптың кілті: 3 4 5. Жауабы: Гипотенуза.
Ежелгі мысырлықтар жер өлшегенде мынадай тәсілді қолданған. Жіпті түйін салып тең 12-ге бөлгенде, ұштарын біріктіріп байлаған. Содан кейін қабырғалары 3, 4 және 5 бөлікке тең үшбұрыш шығатындай етіп жіпті жердің бетімен керіп тартады. Сонда үшбұрыштың 5 бөлік қабырғасына қарсы жатқан бұрышы тік болады (32+42=52). Осы айтылған салу есептерін ескеріп, қабырғалары 3, 4 және 5 бірлік тік бұрышты үшбұрышты кейде египеттік үшбұрыш деп те атайды.
- Асыл тастар өлшем бірлігі.
Жауаптың кілті: алтын бриллиант інжу. Жауабы: Карат.
- Сандарды қосудың ең әдемі тәсілін ойлап шығарған кім?
Жауаптың кілті: прогрессия тапсырма мұғалім. Жауабы: Гаусс тәсілі
- Байкал көліне неше өзен құяды?
Жауаптың кілті: 6 3 3. Жауабы: 336.
- 7х2+2х-9=0 теңдеуінің түбірлерін табыңдар.
Жауаптың кілті: 0 1 с/а. Жауабы: х1= — 9/7; x2=1.
IV тур. Бұл турда 4 анаграмма беріледі. Анаграмманы шешпес бұрын топ мүшелері ұпайды өздері қояды. Жауап дұрыс болмаған жағдайда қойылған ұпай шегеріліп отырады. Анаграмманы шешіп, қажетті емес сөзді алып тастау керек және тиісті таңбаны немесе санды орнына қою керек.
- Сұрақ белгісінің орнына қандай амал қойғанда теңдік тура болады?
5?(5?5?5)/5=8 Жауабы: қосу, 5+(5+5+5)/5=8
- Анаграмманы шешіңдер.
Осы сөздердің арасындағы ортақ байланысты анықтап, артық сөзді алып тастаңдар.
РАМЛЕАГОМЛРАПЛ ПЦАЯИЕТР ШҰЫШБҮР
Жауабы: Параллелограмм, трапеция, үшбұрыш. Үшбұрыш сөзі алынады.
- Тізбектің төртінші мүшесін табыңдар.
1, 6, 12, 19, …
Жауабы: 27.
Анаграмманы шешіңдер. Осы сөздердің арасындағы ортақ байланысты анықтап, артық сөзді алып тастаңдар.
Н А Н З И Е Н Ы Й У Ч Е А У К А Н В Е Т О Т
Жауабы: ЗНАНИЕ – білім, УЧЕНЫЙ – ғалым, НАУКА – ғылым ОТВЕТ — жауап
Ответ сөзі алынады.
- Қорытынды бөлім. Әр тур сайын есепшілер топтардың ұпайларын есептеп отырады. Соңғы турдан кейін жалпы ұпай саны шығарылып, ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.