Елешова Дархан Шымбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Сан есім туралы алған білімдерін толықтыру және пысықтау. Сөйлем ішінен сан есімді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге, сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын, жасалу жолдарын ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылығы:логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру.Сан есімдер жұрнақ-жалғау жалғанбаса, заттың санын білдіретінін, ал өзге сөздермен қарым-қатынасқа түскенде олардың мағынасы нақтыланатынын меңгерту.
Тәрбиелігі:туған өлкенің білімді, ынталы азаматы болуға, сауатты, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:панаромалық-саяхат сабақ
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі:ой қозғау,топтық жұмыс, сұрақ – жауап, сәйкестендіру тесті,
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, бейнелеу өнері
Көрнекілігі:интербелсенді тақта, тақырыптық суреттер, плакат,, асық, жалаушалар, оқулық, қағаз қалпақ, тест парақшалары т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу;
Оқу- құралдарын тексеру, сабаққа назар аударамыз.
2. Психологиялық дайындық.
Санамақ айтамыз: Бірге ойлаймыз,Бірге талқылаймыз.
— Балалар, санамақ неден құралған?
— Сандардан
— Сандар әлемін оқытатын қай ғылым еді?
— Математика және қазақ тілінен сан есім сөз табы арқылы білеміз.
— Балалар, сан есім тақырыбы туралы білімімізді кеңейтіп, қажетімізге қолдану үшін бүгінгі сабағымызда туған ауылымыздың сандар әлеміне саяхат жасаймыз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
— Саяхатқа өзімізге керекті жеті құрал алуымыз керек, олай болса жеті құнды затты алу үшін үй тапсырмасына байланысты өткенді пысықтау бағытындағы тапсырмаларды орындаймыз.
— Қазақта қандай сан киелі болып саналады?
Оқушылар жауабы: жеті саны, олай болса сол жеті әріптен құралған сан есім сөзіне жасырылған тірек білімімізді қайталауға арналған тапсырмаларды орындап көрелік: «Сан есім» сөзін шығарып аламыз:
1. Ауа-райының құбылмалығына байланысты күн ыссы болса қалпақ керек.Бірақ қалпақ алу үшін мына тапсырманы орындайық.
-Сан есім дегеніміз не?
2. Қазақ тілі оқулығының тапсырмасы:
-Сан есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
3. Жаттығулар орындау үшін қалам керек.
Тапсырмасы: үш биді ата.
4. Бағытымызды бағдарлау үшін тұсбағдар тапсырмасы:
-Сөйлем ішінен сан есімді тап?
«Морж су астында он минутқа дейін бола алады.»
5. Дәптер тапсырмасы:
Аулада бес үйрек, қорада үш үйрек,
Бір үйрек тығылды, бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?(6 үйрек.)
6. Саяхаттауға тағы бір зат аулымыздың картасы керек.
Тапсырмасы: Түйе бір ішкенде 200 литр су ішеді.
(Осы сөйлемдегі сан есім қай сөзбен байланысып тұр.)
7. Жаңбыр жауып кетсе су болып қалмау үшін не аламыз? Қолшатыр.Тапсырмасы:
.-нші, -ншы,-ыншы, -інші жұрнақтарын мына сан есімдерге жалғап айт.
Екі , бес , жеті, тоғыз.
-Міне , енді балалар біз саяхатқа дайынбыз деп айта аламын.
— Қане, қалпақтарыңды киіп, жорық әнін жырлайық:
Сергіту сәті:Өзіміз туған
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып
Білімді ұлан боламыз
Жадырап күндей
Жайнаған гүлдей
Бақытты біздер баламыз…
— Оқушылар саяхат шекарасына келдік, назарларыңызға берілген ауылымыз туралы бейне сюжетті тамашалап онда айтылған сандық деректерді есте сақтаймыз, сабақтың соңында еске түсіреміз…
Қосымша ақпарат «Қызылоба» бейне фильм
Бейне фильмді тамашалап болсақ, ары қарай алдымыздағы туған ауылымыздың картасындағы шекара сызығы бойынша көрсетілген бағытпен саяхат жасайық. Ол үшін арнайы берілген тапсырмаларды орындап, нәтижесіне жалаушалар қадап қалдыратын боламыз.
1. 1- топ. Аулымыздың қақпасынан шықтық, Өркен ауылына дейінгі белдеудегі белгісіне дейін келіп тоқтайықта отырып кітаптағы 9-ж/ды орындаймыз.
2. 2- топ. Одан ары қарай Өркен оқулықтағы 10-ж/у.
3. 3-топ. Тоқтықұдық дейінгі белгіге 11 жаттығуды
4. Ауызша -Жангелді дейінгі белгіге 12 жаттығу
5. Ауызша — Көшім өзеніне дейінгі жолда Көшім өзені қай тұста орналасқан? жауап
Парашютшы ағай жіберген «Танымдық тапсырмаларды» «Сәйкестендіру» әдісі бойынша орындаймыз.
Қызылоба ауылы қай жылы құрылған? 34
Мал шаруашылығымен айналысатын қанша қыстақ бар? 11
Е.Ш.Орақбаев атындағы мектеп неше жылдық? 1963
1 жылда қанша тонна қоқыс шығарылған? 1894
Халық саны қанша? 10
Қос, пар сан
Жұп, тақ ағаш
Дара, жалғыз Ат, қолғап
Қорытынды бөлім. (видео роликтег мәлметтер бойынша тест)
Бағалау.
Үйге тапсырма.16-т.Үйден «Туған ауылым»атты шығарма жазып келу.