Басы » Баяндамалар » Piza зерттеулерінде оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту

Piza зерттеулерінде оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту

01Батыс  Қазақстан  облысы

Зеленов  ауданы

Батурин  орта  жалпы  білім  беретін  мектебінің

I санатты  математика  пәнінің  мұғалімі

Piza  зерттеулерінде  оқушылардың  функционалдық  математикалық   сауаттылығын  дамыту

Зерттеудің мақсаты:
РISА  халықаралық зерттеуінің мақсаты – барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін  және осы дайындық деңгейіне әсер ететін   факторларды анықтау.

РISА  зерттеуінің негізгі міндеті  –
білім беру саясатында ғылыми дәлелденген және жасампаздық шешімдерді шығару үшін білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.

PISА зерттеуінің мынадай ерекшіліктері
* 15 жастағы оқушылар қатысады;
*Оқушылардың математика, әдебиеттік оқу және     ғылыми — жаратылыстану салаларындағы білім    жетістіктері бағаланады;
*Оқушылардың оқу барысында меңгерген білімдері мен
дағдыларын және интеллектуалдық қабілеттерін    қолдана білу ептіліктеріне ерекше көңіл бөлінеді
* Зерттеудегі білімгерлердің тап осы контингентінің     іріктелуі, көптеген әлем елдерінде білім беру   бағдарламасының негізгі сатысын меңгеруді 15-жасқа    толғанда аяқтауымен түсіндіріледі

Осы мақсатта 2015 жылдың 02.02 -13.02. аралығында Орал қаласының  Мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  институтында “PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту” тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған біліктілігін арттыру курсы өткізілді. Курс  барысында тыңдаушылар

PISA-дан алған білімдерін саралап нәтижесінде бірнеше тақырыптар бойынша жоба жұмысын орындады және қорғады.

“Функционалдық сауаттылық” ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды. Функционалдық сауаттылық, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді), қазіргі кезде құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене қатысуына, өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген танымал халықаралық зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)  қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (PISA) болып табылады. Көптеген  елдерде  жасөспірімдер  15  жаста негізгі  білім  беру  сатысын  аяқтап,ересек өмірге  дайындалады,осыған  сәйкес  зерттеудің  негізгі  міндеті  15 жастағы  оқушылардың  өз  беттерінше  өмір  сүрулеріне  қажет  білім, білік  дағдыларын  анықтау  болып  табылады.

 Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды. Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Тыңдаушы елдердің білім беру және өз оқушыларының қабілеттері мен өздерінің білім беру жүйесінің тиімділігі жөніндегі тұрақты және анық хабардар болу қажеттіліктеріне қарай, Экономиялық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) PISA бойынша жұмыс істеуді 1990 жылдардың ортасынан бастады. PISA өзінің ресми қызметін 1997 жылы бастады, бірінші зерттеулер 2000 жылы, екінішісі 2003 жылы, үшіншісі 2006 жылы, төртіншісі 2009 жылы, бесіншісі 2012 жылы өткізілді. Келешекте зерттеулерді 2015 жылы, 2018 жылы және т.с.с. өткізу жоспарланған.

PISA оқушылардың математика, оқу әдебиеті және ғылыми әдебиет бойынша үлгерімдерін бағалайды. Үш жылда бір рет өткізіледі. PISA-ң әрбір циклында  негізгі назар үш негізгі саланың біреуіне аударылады (негізгі сала болып саналады),  бірақ барлық үш өзекті салалар әрбір циклда бағаланады, қалған екі қызмет саласы екінші дәрежелі болып саналады. Үш жылда бір рет барлық үш пәнді бағалау елдерге үш саланың әрқайсысы бойынша жетістіктері туралы тұрақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.

PISA зерттеуінде математика сауаттылығы  бойынша бойынша   жеке ойлау қабілеттеріне бағытталған  тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге, оқушыларға математиканың олардың өмiрiнде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседi. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқа да математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. PISA зерттеуінде 15-жастағы оқушылардың күнделiктi өмiрде туындайтын көптеген мәселелердi шешу үшiн алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтау және бұл қабiлеттiлiктiң даму тенденцияларын айқындау басым сипатта болып табылады.

Математикалық  сауаттылықта  оқушылардың  мына  қабілеттіктері ескеріледі:

  • Қоршаған ортада пайда  болатын  және  математика  арқылы  шешуге  болатын
  • Мәселелерді тани білу
  • Бұл мәселелерді математика  тілінде  құрастыру
  • Бұл мәселелерді математикалық  айғақтар  мен  әдістерді  қолдана  отырып  шешу
  • Шешімдерде қолданылған әдістерді  талдау
  • Қойылған мәселелерді есепке ала  отырып  нәтижелерді  түсіндіру
  • Шешімдердің нәтижелерін құрастырып  жаза білу.

 

Үш математикалық құзыреттілік деңгейлері

1.«Елестету»-стандартты  қабылдаулар  мен әдістер, белгілі  алгоритмдерді

қолдану, қарапайым математикалық  амалдарға  берілген  тапсырмаларды

орындау  және  таныс  өрнектермен  жұмыс

2.«Байланыс  орнату»-Тапсырманың  бір  түрінен  екіншісіне

өту,математикалық  модельдер  жасау,есепті  шешу  кезінде  түрлі

иәсілдерді  қолдана  білуі,тапсырма  шешіміне  интерпритация  жасау

3.«Пікір»-Күрделі  мәселелерді  шешуде  ойлау, тұжырымдау, өңдеу,

жалпылау, дәлелдеу, шығармашылық  тәсілдер  қолдану

Математикалық  сауатылықтың  міндеттерінің  шкала  бойынша  қиындықтарының  деңгейі  әртүрлі.

Мысалы,  бірінші  деңгей  тапсырмасы:

Ұлу  құдықтың  қабырғаларымен  7 м тереңдіктен  жер  бетіне  қарай  жылжып  келеді.Күндіз  жоғары  қарай  3 м жылжиды, ал  күндіз 1 м  төмен  түседі.Ұлу  қанша  күнде  жер  бетіне  жылжып  жетеді?

үшінші  деңгей  тапсырмасы:

Олжас  мектептен  1км  қашықтықта  тұрады, Айгүл  400 м қашықтықта.Айгүлдің  адымының  ұзындығы  60 см,Олжастікі 75 см.Қандай  жылдамдықпен  Олжас  пен  Айгүл  мектепке  жетеді? (3-ші  деңгей)

 

 

Тапсырмалардың  берілу  бағыттары:
-математикадан  54  тапсырма     (барлығы  85  сұрақ)
-оқудан  8  тапсырма (барлығы  28  сұрақ)
-жаратылыстанудан  13  тапсырма (барлығы  35 сұрақ)
-мәселелерді  шешуге 10 тапсырма (барлығы35  сұрақ) Әрбір  оқушының  тесті  орындауы, әр жеке зерттеу  бағытына (математикалық  және  жаратылыстану) байланысты  халықаралық  1000 балдық  шкаламен  бағаланады.Сонымен  қатар  әр  тапсырманың  қиындық  деңгейіне, нәтижелі  орындау  мүмкіндігіне  байланысты  сол  шкалаға  сәйкес  жеке  балдар  беріледі.

Тапсырманың  қиындығына  қарай  1 және 2 балдық  жүйемен  анықталады

1 балдық  тапсырма  толығымен  орындалса-1 балл  немесе  жартылай  орындалса- 0 балл

2 балдық  тапсырма  толық  орындалса — 2 балл,ортадан  жоғары  орындалса-1 балл  немесе мүлдем  толық  болмаса  0 балл

 

2009  жылғы  оқу  сауаттылығы  бойынша  қорытынды

 

2012  жылғы  математикалық  сауаттылығы  бойынша  қорытынды

 

Зерттеуге  қатысушы  ел Орташа балы Зерттеуге  қатысушы  ел Орташа балы
1 Шанхай (Китай) 556 1 Шанхай (Китай) 613
 2 Карея 539 2 Сингапур 573
3 Финляндия 536 3 Гонконг(Китай) 561
4 Гонконг(Китай) 533 4 Taiwan 560
5 Сингапур 526 5 S.Korea 554
56 Тунис 404 46 Cyprus 440
57 Индонезия 402 47 Болгария 439
58 Аргентина 398 48 UAE 434
59 Қазақстан 390 49 Қазақстан 432
60 Албания 385 50 Тайланд 427
61 Катар 372 51 Чили 423
62 Панама 371 52 Малайзия 421
63 Перу 370 53 Мексика 413
64 Азербайджан 362 54 Montenegro 410
65 Қырғызстан 314 61 Jordan 386
  64 Indonesia 375
  65 Peru 368

01

Piza  зерттеулеріндегі  Қазақстанның  нәтижесі

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.Pisa  халықаралық  зерттеулері. Әдістемелік  құрал  Астана  2013ж

  1. adilet.zan.kz. сайты

3.Бюллетень.Человеческий  капитал.Выпуска №1,2014ж

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *