Омарханова Жүмакүл Оразханқызы
ОҚО, Бәйдібек ауданы
Досан негізгі орта мектебі» МКМ –нің бастауыш сынып
Білімі жоғары, жоғары санатты. Педагогикалық
өтілі 35 жыл. Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру басқармасының Құрмет Грамоталарымен және
«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Сабақтың тақырыбы: «Жер қыртысының топырақ қабаты»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Топырақпен таныстыра отырып, олардың адам өміріндегі маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, шығармашылық ізденісін, қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Туған жердің табиғатын сүюге және еңбекқор азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: Иллюстрациялық, ой қозғау, мағананы тану.
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, топырақ түрлерінің жиындығы, сөзжұмбақ ,мағыналы суреттер,слайд, тест
Пәнаралық байланыс : ана тілі , бейнелеу
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі ( 2 минут)
Балалар дөңгелене тұрып «Мың түрлі зат» дүкеніне саяхат жасайды. Өз аты, жөнінің бас әріпіне байланысты керекті заттарын сатып алғандығын хабарлайды.
«Ой қозғау» ( 6 минут ) Үй тапсырмасы бойынша өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақтар беріледі.
-Топырақ дегеніміз не?
-Топырақтың тау жыныстарынан айырмашылығы не?
-Топырақтың түрлерін ата?
-Топырақты қалай тыңайтуға болады?
— Біздің тұратын жеріміз қандай топырақ түріне жатады?
Сөзжұмбақ (5 МИНУТ)
I — топ II-топ
1.Тәтті жейтін тағам. 1. Балалар мінетін көлік.
2.Тамақ құятын бұйым. 2. Тамақ ішетін бұйым.
3.Оқушы отыратын зат. 3. Адамдар не аулайды.
4.Қайнаған су. 4. Балықшылар құралы.
5.Ағаш кесетін бұйым. 5. Аспан денесі
6.Емдік қасиеті бар тағам. 6. Берік тау жынысы
7.Төрт түліктің бірі. 7. Жыртқыш аң
- Үй құсы
- Ұлттық киім.
2.Жаңа сабақ: «Топырақты қорғау» (15 МИНУТ)
Біз бүгін «Топырақты қорғау» деген тақырыппен танысамыз. Топырақтың пайдасы және оны қорғаудың жолдарын оқып білеміз.
Бейнебаян көрсету (2минут) «Мағынаны тану» (4 минут)
— Қайсы суретте адамдар топыраққа зиян, қайсысы пайда келтіруде? Жапырақ жинаған балалар мен қар тоқтатып жатқан балалардың суретін ілемін.
— Нөсерлетіп жауған жаңбырдан кейінгі жердің суретін көрсетіп әңгімелеймін.
1.Топырақты сумен шайылудан қалай сақтайды?
2.Топырақты желдің ұшырып әкетуінен қалай қорғайды?
3.Не үшін топыраққа тыңайтқыш қосады?
4.Өз жеріміздегі топырақтыы қалай пайдаланамыз?
Міне , балалар топырақты қалай қорғау жайлы біраз мағлұматтар алдық.
1.Топырақтың беткі қабатында не өседі?
2.Өсімдік өсіп жетілу үшін не қажет?
«Кім жылдам?» ойыны бойынша гүл күлтешелеріне тауып жазу керек. (3МИНУТ)
-Топырақтың пайдасы жайлы не білесіңдер?
-Адам ағзасына қажетті қоректің 70 пайызы осы осы өсімдіктерден алынады.Ол құнарлы топырақта өсіп жетілуі керек. Ал медицинада дәлелденген қара топырақты кешіп ойнаған баланың қорғаныстық имундық қабілеті жоғары болады. Бойымыздағы нашар қасиеттеріміз торыраққа сіңіп , одан жақсы қасиеттер алады екенбіз.
Сергіту сәті (1 МИНУТ)
Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Тест тапсырмалары: (2 минут) 3-сынып
Тестік тапсырмалар
1.Топырақ деп … айтады
а)жеміс беретін ағаштар мен бұталардың молдығын;
ә) өсімдік тамырларының шырмалуын;
б) жердің жануарлар ін қазатын қабатын;
в) жер бедерінің беткі құнарлы қабатын.
2.Топырақтың негізгі қасиеті:
а) құнарлығы;
ә) қарашірік;
б) қара қоңыр түс;
в) тыңайтқыш.
3.Топырақтың түсі:
а) оның құрамындағы ылғалға байланысты;
ә) құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты;
б) егін шаруашылығына байланысты ;
в) әр өсімдіктің тіршілігіне байланысты.
4.Картада қалалар:
а) дөңгелекпен;
ә) төртбұрышпен;
б) үшбұрышпен;
в) жұлдызшамен белгіленеді.
Рефлекция : (2 минут)
«Адам топырақты қолданбай өмір сүруі мүмкін бе?» тақырыбында эссе жазу. (5 МИНУТ)
Үйге тапсырма: Топырақты қорғау тақырыбын оқу. «Туған жер»
туралы әңгіме құрастыру.
Бағалау критерийлері (2 минут)
Оқушылардың аты, жөні | «Ой қозғау» | «Сөзжұмбақ» | «Мағынаны тану» | «Эссе жазу» | қорытынды |
|