Басы » Баяндамалар » ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІК ДЕҢГЕЙЛЕРІ

ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІК ДЕҢГЕЙЛЕРІ

Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» МКҚК

      Автор:Қожахметова А.Н.

 ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІК ДЕҢГЕЙЛЕРІ.

  Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім берудің болашақ мұғалімдердің инновациялық технологиядағы әрекеттің негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.

  Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге, бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.

Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:

–  оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

–  оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);

–      проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

  • жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi

компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:

– ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру:  информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар  саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;

–     информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;

  • бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн

жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;

–  информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша информатика мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;

–  арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;

  • облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың

ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;

–  облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын қалыптастыру;

  • оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа

ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.

Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi жүзеге асырылуда.

Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:

–    вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;

  • болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;

–  рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;

  • эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi

уақыт мөлшерi талап етiледi;

–   iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы  нәтижесiн анықтау;

–  тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақытлы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы  мен олардың жеке тұлға ретiнде  қалыптасу деңгейi анықталады;

–    жекелеген консультация беру  — тыңдаушыларға консультация беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны  мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.

Бiлiм беру қызметкерлерiн қайта даярлау практикалық және жобалық сипатты анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б. жұмыстарды қамтиды.

Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль бойынша құрастырылған:  “Педагогтың ақпараттық құзырлығы” және “Оқытудағы ақпараттық технологиялар”.

ХХ ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері кезек күттірмейтін қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ студенттердің жаңа технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық – мазмұндық моделін жасадық.

Мотивациялық өлшемдерінетанымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылықты қарым – қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық технологияның іс — әрекетіне ұмтылу әрекеттері кіреді.

Мазмұндық өлшемдеріне  болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен пәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, психологиялық біртұтас білім жүйесі, біртұтас психологиялық үрдістің заңдылықтары мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас психологиялық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, психологиялық әрекет теориясының негіздерін білуі, студенттердің барлық мүмкіндіктерін пайдалануға инновациялық әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.

Бейімділік өлшемдеріне болашық маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына  бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық  психологиялық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен мұғалім мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен, бейімділік іс — әрекеті жүзеге асырудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.

Танымдылық өлшемдеріне болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби нәтижелі әдіс – тәсілдерін пайдаланумен, инновациялық психологиялық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тану, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.

Іс — әрекеттік өлшемдеріне болашақ маманның өзінің кәсіби іс — әрекетінің мақсаты мен міндетін анықтай алуы және психологиялық қарым – қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық – педагогикалық негіздерін білуі, психологиялық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Ол болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық – педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен сипатталады.

Технологиялық өлшемдеріне оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндеттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық – педагогикалық  білімдерін меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның  біртұтас оқу-тәрбие үрдісінде сабақты тиімді жоспарлай алуы, біртұтас психологиялық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың  нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді психологиялық технологияны таңдай алуы жатады.

Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті, болашақ маманның шығармашылық – ізденушілік бағыттылығын дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық технологиядағы әдіс – тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.

Болашақ мұғалімдерді жаңа педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды: мотивациялық құндылықтар; мазмұндық; бейімділік; танымдық; іс — әрекеттілік; технологиялық; шығармашылық.

 

Пайдалынылған әдебиеттер

 

  1. Абдухаитова О.Д. «Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру» // Қазақстан мектебі — №11 – 12 — 2005
  2. Абдыгаппарова С.Б., Ахметова Г.К. и др. «Основы кредитной системы обучения в Казахстане» — Алматы: 2004. – 198 б
  3. Аванесов В.С. «Основы научной организации педагогического контроля в высшей школе» М: 1989 – 167 б
  4. Әбенбаев Н.А. « Тәрбие теориясы мен әдістемесі.» А: 1996 – 174 – 192 б
  5. Бабанский Ю.К. «Оптимизация процесса обучения: Общедидактический аспект» — М: 1977. – 254 б
  6. Бадымаев Б.Д. «Методика преподавания психологии». М. 1999
  7. Бекманова А. «Сыныптан тыс жұмыстар» // Қазақстан мектебі №8 – 2003

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *