Басы » Химия » «Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер

«Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер

Қызылорда қаласы 
№187 қазақ орта мектебінң химия пәні мұғалімі Әкімкереева Гүлназ
«Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер

Сабақтың мақсаты: “Спирттер оның түрлері, құрылысы, изрмерия, номенклатура қасиеттері мен қолданылуы және адам ағзасына зиянды әсері”.

Сабақтың міндеттері:

  • өткен тарау бойынша алған білімдерін, жинақтау қорытындылау, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, мамандық таңдауға кәсіптік бағдар беру.
  • Жеке-тұлғаның, ақыл-ойын, танымдылық және шығармашылық қабілетін дамыту, химиктердің қоғам өміріндегі ролін ашу, пән тілінде сөйлей білу дағдыларын, ісмерліктердің, өз бетімен еңбектену сезімі ойлау қабілеті және пәнаралыққа байланысты дамыту.
  • Ұйымшылдыққа, белсенділікке, шапшандыққа тәрбиелеу. Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты спиртті алуға болмайтынын, сондықтан спиртті ішімдіктерден өздерін аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: ашық сабақ

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, репродуктивті, сөздік көрнекілік-сарамандық әдіс, көрнекі түсіндіру.

Сабақтың формасы: жұппен жұмыс, жекелей жұмыс, ұжыммен жұмыс

Сабақта қолданылған көрнекілік: С2Н1-ОН, глицерин, СISO4, NaOH, Na пробиркалар, спиртшам, штатив, Н2SO4, плакаттар, тақтада қолданылуы, зияны, аймақтық материал, қорытынды плакат

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу, түгелдеу
  2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру

А) Өткен материалды қайталау

Б) Жаңа сабақ

С) Үйге тапсырма

Д) Қорытынды

 

  1. Өткен сабақты қайталау:

Оқушыларды 5 топқа бөліп, өткен сабақты ойын арқылы еске түсіру

  1. Мұнай

Тас көмір            дегеніміз не?

Газ

 

  1. Ғажайыптар алаңы (ойын)

1 слайд. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі қай кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады (Ембі).

2 слайд. Табиғи газ “табиғи газ гидраттары” түрінде не күйінде  кездеседі?(Кристалл).

3 слайд. каллориясы жоғары, тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат(Газ).

4 слайд. Көмірдің тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан тұратын генетикалық тобы (Гумолиттер).

5 слайд. Қазақстанда тас көмір мен қоңыр көмірдің қанша алабы және қанша кен орны бар. (10 және 300)

6 слайд. Маңызы жағынан екінші орынды қай көмір алабы алады?(Екібастұз)

7 слайд. Мұнай мен газдың мол қоры Қазақстанның қай аймақтарында шоғырланған?(Атырау)

8 слайд. Қазіргі таңда мұнайды басқаша қалай атайды?(Қара алтын).

9 слайд. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада не ретінде қолданылады?(Изолятор)

10 слайд. 1930-жылы қай қалада алғашқы 4 шахта ашылды? (Қарағанды)

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару:

Сабақтың жоспары.

 

Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер

Молекула құрамында: көміртек пен сутектен басқа оттек атомдары кіретін көптеген органикалық қосылыстар белгілі.

Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі

 

 

Спирттер

Жеміс шырыны ашығанда түзілетін шарап спиртін адамдар өте ертеден пайдаланады. «Спирт» сөзі латынның «spiritus vini» — «шараптың рухы» деген сөзінен шыққан. Шарап спиртінің формуласы С2Н5ОН. Жүзімнің, қанттың, крахмалдың ферменттік ашуы нәтижесінде түзілген бұл затты тұрмыста «спирт» деп атайды.

Спирттің құрамында гидроксил тобы  -ОН болады. гидроксил тобы – спирттің функционалдық тобы. Функционал топ деп  заттың осы класына тән химиялық қасиеттерін анықтайтын атомдар тобын айтады.

Құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектің туындылары спирттер деп аталады.

Мысалы: Метан СН4 метил спирті СН3ОН

Этан  С2Н6    эил спирті С2Н5ОН, этиленгликоль С2Н5(ОН)2

Спирттер құрамындағы гидроксил топтарының санына байланысты біратомды және көпатомды болып бөлінеді.

Спирттердің жіктелуі

 

 

 

 

 

 

Этиленгликоль

глицерин

Метил спирті,

Этил спирті

 

 

 

 

 

Біратомды спирттердің  жалпы формуласы ROH, мұндағы R көмірсутек радикалы. Халықаралық наменклатура бойынша спирттерді атағанда сәйкес көмірсутектің атына –ол жұрнағы жалғанады.

 

Физикалық қасиеті

Спирттердің меншікті салмағы бірдей: төмен, немесе судан жеңіл. Бірінші үш өкілі суда жақсы ериді, жоғарғылары қатты заттар және суда ерімейді. Молекулалық массасы өскен сайын, қайнау температуралары жоғарлайды.

 

Метил спирті (метанол) СН3ОН. Өзіне тән иісі бар, түссіз сұйық зат. Өте улы. Көз жүйкесіне әсер етеді. Аздаған өлшері соқыр етеді, тіпті адамды өлтіріп жібереді. Метанол еріткіш ретінде автокөлік отынына қоспа ретінде және химия өнеркәсібінде құмырсқа қышқылын, пластмасса т.б. заттар алу үшін қолданылады. Өнеркәсіпте бояғыш заттар, еріткіштер ретінде қолданылады.

 

Этил спирті (этанол) С2Н5ОН өзіне тән иісі бар түссіз сұйықтық, суда жақсы ериді, қантты немесе крахмалды заттарды ашыту арқылы алынады. Этил спирті адам организіміне зиянды әсер етеді. Спиртті ішімдіктің әсерінен асқазан мен ішектің  кілегейлі қабықшасы зақымданады, бауырдың қызметі бұзылады. Спирт мидың қызметін тежеп, оның жүйке клеткаларын уландырып, адамның ойлау қабілетін төмендетеді, сөйлеу, қимыл үйлесімділігі бұзылады. Соңғы кезде этил спиртін ағаш жаңқаларынан өндіру әдісі кең дамуда

 

Пропил спирті— пропанол СН3-СН2-СН2-ОН ацетол және еріткіштер алуға пайдаланады.

Этиленгликоль— тәтті дәмді қоймалжың сұйық. Оны антифриз ретінде қолданады. Өнеркәсіпте полиграфияда, мата бояуда және косметикалық препараттарда дайындпауда қолданады. Лактар, бояулар алу үшін.

Глицерин          СН2-ОН тәтті дәмді, қоймалжың

 

СН-ОН сұйық, табиғи майларды синтездеу

 

 

СИ2-ОН арқылы алады

 

Глицерин азот қышқылымен әрекеттесіп үш нитроглицерин өте күшті қопарылғыш зат алынады, одан динамит дайындайды.

 

Этил спиртінің алынуы

  1. Құрамында қанты бар заттар ашығандаэтил спирті түзілетіні өте ертеден белгілі болды. Бұл процесс органикалық өршіткі – ашытқы ферментінің қатысуында жүреді. Глюкозаның спирттік ашуын жинақталған түрде мына теңдеу арқылы өрнектеуге болады.

ашытқы

С6Н12О6   →  2С2Н5ОН + 2СО2

                                     глюкоза                            этанол

  1. Этиленді гидраттау (су қосу) арқылы этанол алуға болады.

СН2 = СН2 + Н – ОН →СН3 – СН2ОН

 

 

Химиялық қасиеттері

  1. Көмірсутектер сияқты құрамында көміртек пен сутек атомдары болғандықтан спирттер жанғанда да көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі және жылу бөлінеді:

С2Н5ОН + О2 → 2СО2↑ + 3Н2О + Q

Спирттер жанғанда энергия түзілетіндіктен, оларды спирт шамында және кейбір елдерде автомобил жанармайы ретінде қолданады.

 

  1. концентрациялы күкірт қышқылы сияқты суды сіңіретін заттардың қатысуында этил спиртінен этилен алуға болады.

                                                                                  Н2SO4 конц.

СН3 – СН2ОН    →   СН2 =СН2 + Н – ОН

 

Қолданылуы

Этанол көп мөлщерде синтетикалық көксағыз, лак алуға қолданылады. Этил спирті нәруызды молекулалардан суды тартып алып, оларды ұйытып алып, оларды ұйытып, микроорганизмдерді жоятын болғандықтан зарарсыздандырғыш ретінде медецина қолданылады. Жақсы еріткіш болғандықтан дәрі тұндырмаларын дайындау үшін фармацефтикада, парфюмерияда, тамақ және химия өнеркәсібінде пайдаланылады. Кейбір елдерде отынның сапасын арттыру үшін автокөлік отынына этил спиртін қосады.

 

Тапсырма №1. (жауап берген оқушыға фишка тарату)

  1. Спирттер дегеніміз не?
  2. Гамологтық қатар дегеніміз не?
  3. Спирттердің жалпы аталуы?
  4. Спирттердің функционалдық тобы?
  5. Этил спиртінің неше пайызы ішуге пайдаланады?
  6. ацетон қандай спирттен алынады
  7. сабын, әр түрлі кремдердің құрамында кездесетін спиртті ата.
  8. антифриз ретінде қолданатын спирт
  9. тамақ өнеркәсібінде спирттерді неден алады?
  10. спирттердің молекулалық массалары артқан сайын ерігіштігі қалай өзгереді?
  11. Этил спиртінің молекулалық массасы С2Н5ОН=12·2+5+17=29+17=46

 

Тапсырма № 2

№1 жұп

1) спирттердің жалпы формуласы, қандай химиялық элементтерден тұрады. Не себептен оттекті қосылыс деп аталады?

2) Тәжірибе көрсету арқылы этил спиртінің жануын көрсет және мүмкін болатын химиялық реакция теңдеуін жаз. (толық түсіндір)

  • Есеп. Бір атомды қаныққан спирт буының сутегімен салыстырғанда тығыздығы 37 тьең болса, оның формуласы қандай?

 

№2 жұп.

1) Бутанолдың С4Н9ОН мүмкін болатын изомериясын және номенклатурасын жаз.

2) Тәжірибе көрсету. Этил спиртін (СН3-СН2ОН) метал натриймен (Na) әрекеттестір, түсіндіріп химиялық реакция теңдеуін жаз.

3) Есеп. 50г этил спирті натрий мен әрекеттескенде қанша метр (қ.ж) сутек бөлінеді?

№ 3 жұп.

1) Көп атомды спирттерді ата және физикалық қасиеттерін сипатта.

2) Тәжірибе. Молекула ішілік дегидратация немесе спирттен этилен алу (түсіндір) химиялық реакция теңдеу құр.

3)Есеп. Массасы 60г 40% этил спиртінен қанша грамм этилен алуға болады?

№ 4 жұп.

1) Мына өзгерістерді жүзеге асыр. С2Н5СІ→С2Н5ОН→СО2

2) Тәжірибе. Спирттердің негізбен әрекеттесуін тәжірибе жасап не түзілді химиялық реакция теңдеу бойынша дәлелде.

3) Есеп. 10г этил спирті 25г натрий гидроксидімен әрекеттескенде неше грамм этилатнатрий түзіледі?

 

№ 5 жұп.

1) 3:3 диэтил 4-этил гексанол-2 формуласын жаз

2) Тәжірибе. Көп атомды спирт глицериннің мыс (Сu(OH)2 гидроксидімен әрекеттесуін көрсетіп. Сапалық реакция екендігін дәлелде. Химиялық реакция теңдеуін жаз.

3) Глицерин мысгидроксидімен (Сu(OH)2) әрекеттескенде 30г мыс глицераты түзілген қанша грамм глицерин алынғанын есепте.

 

№ 6 жұп.

1) Бір атомы қаныққан спирттердің жалпы формуласы?

2) Спирттерге тән изомерия?

3) мына формуламен әр түрлі спирттердің нещеуі көрсетілген:

СН3-СН2-СН-СН3                СН3-СН-СН2-СН3              С2Н5СН(ОН)С3Н7

ОН                                     ОН

 

СН3-СН2-СН2-СН2-СН2-ОН              НО-СН2-СН2-СН2-СН2-СН3

Тапсырма №3 қолданылуы

 

Пайдасы

Медицинада

Еріткіш

Этилен алу

Дәрі-дәрмек

Иіс су, иіс сабын

Эфир

Арақ (табыс көзі)

Зияны

Адамды аздырады

Түрлі қылмысқа итермелейді

 

Тапсырма №4

Маскүнемдік туралы ғұламалар не дейді?

 

  1. Мас болу-өз еркімен жындану деген сөз (Аристотель)
  2. Бұзықтықтың көбі мастықтан болады (Л.Н.Толстой
  3. Маскүнемдік-ақылдан ажырасуға жаттығу деген сөз (Пифагор)
  4. Қыруар пәле шарап құйылған ыдыстың түбінде жатыр. (И.Вазов)

 

Тапсырма №5

Ертедегі спирт ішімдігіне салынған тыйымдар дерегінен

  1. Ежелгі мысырда арақты құлдар ғана ішкен.
  2. Байырғы Қытай императорлары маскүнемдікке бой ұрғандарды өлім жазасына кескен.
  3. Ежелгі Римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған
  4. Үндістанда маскүнемдерге сыйырдың қайнап тұрған зәрін ішкізіп өлтірген.
  5. Ресейде 1Петр тұсында арақ ішкендердің мойындарына салмағы 17 фунт келетін медаль тағып қойған.
  6. Америкада 1885 жылы “құрғақ қасық” заңын енгізген.

 

 

Қолданған әдебиеттер.

  1. Химия, сандық есептер шығару әдістемесі М.Б.Усманова, К.Н.Сақариянова
  2. А.М.Радецкий, В.П.Горшкова

Дидактический материал по химий Москва просвещение 2002ж 8-9

  1. Учебная литература Г.М.Чернобельская, Химия 1991 Н.Н.Чертков
  2. Сейітқалиев Қ. Органикалық химия “Қайнар” баспасы 1993
  3. “Биология, гшеография және химия” журналы 2002 №6; №1; №2 2004 №6

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *