Жеткіншектік шақтағы агрессияға отбасы мен қоршаған ортаның әсері
Автор:Қожахметова А.Н.
Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж»
Жеткіншек тұлғасы өз бетімен қалыптаспайды, ол оны қоршаған ортасында қалыптасады. Жеткіншектің кіші топтағы басқа адамдармен өзарақатынасының ролі маңызды. Ең алдымен ол отбасыға байланысты. Балада агрессивті әрекет – қылықтың болуына отбасының бірлігі, бала мен ата – ана арасындағы ара өатынастың жақындығы, аға – қарындастардың өзара қатынастарының мінездемесе, отбасылық басқару стиліне де әсерін тигізеді. Өз отбасында жәбірленген және жәбір құрбаны болған бала (жеткіншек), агрессивті әрекет – қылыққа өте бейім болып келеді.
Әр түрлі авторлар мінез – құлқында ауытқушылығы бар балалар шығатын жағымсыз жанұяның әр түрлі топтарын көрсетеді. Бұл топтастырулар бір – біріне қрама – қайшы келмейді, ал бір – бірін толықтырып, кейде қайталанп отырады.Г.П.Бочкарева келесі жанұялар тобын бөліп көрсетті:
- Жағымсыз эмоционалды атмосферас бар, мұнда ата – аналлар баласына суық, немқұрайлы қарайды;
- Отбасы мүшелері арасында эмоционалды қатынастың болмауы, баланың ішкі қажеттіліктерін ескермеуі. Бала мұндай жағдайда эмоционалды байланысты отбасыдан іздеуге тырысады;
- Адамгершілік атмосферасы қалыптан тыс, балаға қажетті емес әлеуметтік қажеттіліктер мен қызығушылықтарды меңгеуі, ол осындай аморалды өмір сүру бейнесіне бейімделіп кетуі;
- Әр түрлі деңгейдегі гиперопека: баланың ішкі өмірінің барлық жағдайларына қатысудан бастап отбасылық тирандыққа дейін бару.
Биологиялық, психологиялық жағына нашар, отбасылық және басқа әлеуметтік – психологиялық факторлардың бірлесуі жеткіншектің өмір сүру салтын бұзады; олар жеткіншектік топтың күші.
Отбасындағы жақсы қарым – қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше, осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы – құрдастарының тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.
Демек, жас баланың мінез – құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан – жақты болуы отбасывна байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағына жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздіктің, аномалді мінез – құлықтың қайнар көзі болып табылады.
Өмір сүру салты, ортасы, стлиі және қарым – қатынас ортасы девиантты мінез – құлықтың қалыптасуына түрткі болады.
Жеткіншек агрессивті әрекет – қылықты тек қана отбасында көрмейді, сонымен бірге құрбы – құрдастарының арасынан да көре алады. өздерінің қажеттіліктерін тез арада қанағаттандыруға бағытталған және жауапкершілікті басқаға аударуға тырысатын жеткіншектер тобы бар. Осы топтағы жеткіншектер оқуға деген белсенділігі төмендігімен, үй шаруашылығына көмек көрсеткенді қаламаушылығымен, үй жұмысын орындаудан қашатындығымен ерекшеленеді. Осындай жеткіншектердің белгілі бір іске деген қызғушылығы болмайды. Оларда бос уақыт көп және оны қалай өткізу керектігін білмейді. Сондықтан жеткіншектер жоғары эмоционалдық сезімдерді көруге құштар болады.
Э.Фромм жеткіншек жас туралы былай деді: «Жанұя – бұл қоғамды жанұямен байланыстырушы, сондықтан жанұяда бейімделу үрдісінде баланың қоғамда икемделуі және әр түрлі әлеуметтік мәслелелерді шеше алудың негізі болып табылатын мінез – құлқы қалыптасады».
Дәстүрлі тәрбие институты жанұя. Бала ұяда не көрсе,сейгенде соны ілер деген сөз бар. Жанұяның тәрбие институты ретіндегі маңыздылығын былай түсіндіре аламыз – жанұяда бала өз өмірінің көп және ұзақ уақытын өткізеді. Жеткіншектік кезең неғұрлым салыстырмала түрде қысқа мерзімді болғанымен (14 – 18 жас) адамға әсер етуі жағынан аса маңызды және күрделі кезеңдердің бірі болып табылады. Нақты жеткіншектік шақта мінез – құлық және басқа да жеке бас қасиеттері қалыптасады. Келесі аталатын жағдайлар жеткіншекті әлеуметтік ортаның жағымсыз жастарына еліктегіш және олардың алдында әлсәіз етеді; баланың ересектер қарамағында болуынан ересектікке, өбеттілікке өтуі, үйреншікті оқу іс — әрекетінің басқа да әлеуметтік іс — әрекет түрлерімен алмасуы, ағзаның қарқынды түрде гормоналды өсуі. Сонымен қатар, жеткіншектерге тән ата – ана, мұғалімдер және басқа да тәрбиешілердің және басқарушылардан босап шығуға ұмтылу қасиеттерін ескеру керек. Бұл көп жағдайда ересектер дүниесінің рухани құндылықтарыана бас тартуға әкеледі. Ал екінші жағынан, жеткіншектермен тәрбиелеу жұмысындағы осал жақтар айқын көріне бастайды. әсіресе жанұядығв жағымсыз өзара қарым – қатынас. Жағымжы және жағымсыз қасиеттердің қалыптасуы ата – анасының тәрбиесін (әке және ана тәрбиесі), тәртіпке келтіруге байланысты айтылатын пікір, өсиеттерге байланысты. Ата – ананың тәрбиелеу стилі және оның сипаты – бұл баланың жеке басын қалыптастыруға бағытталған мақсат, әрекет және жауапты шешімдері.
М.Мид дамуы артты қалған қоғамдастықтарды зерттеу келе қызығушылық туғызған бақылаулары жайында айтады. Бала жағымсыз тәрбие байқаған қауымдастықтарда жеке бастың жағмсыз қасиеттері қалыптасқан. Әдетте, ересектермен қарым – қатынас стилі келесі әрекеттерге қатысты: анасы баласын ерте омыраудан алады, көп уақытын жұмысқа бөледі, анасымен эмоционалды байланыс сирек болады. Кейінгі тәрбие өте қатал болады, әдетте жазалау жиі қолданылады, жанұядағы балалар бір – біріне жағымсыз қатынас көрсетеді. Осының нәтижесінде балада үрей, агрессивтілік, өзімшілдік және мейірімсіздік сияқты қасиеттер қалыптасады.
Эрон және басқалар өз зерттеулерінің нәтижесінде қатаң және мейірімсіз деген беделге ие ата – аналарға тән сипаттарын анықтады. Мұндай ата – аналар өз баласына деген қатынасында агресивтілікке ие болған (бала ата – ана назарынан тыс қалаған).
А.А.Бодалев бойынша баланың ересек адамды және оның әрекеттерін бағалауы бала үшін беделі бар ересек адамның бағалауын қайталауы болып табылады. Осыдан ата – ана бұл бала өзінің міәнзе – құлқын салыстыратын және қалыптастыратын эталон. Ата – налар өздерінің әлеуметтік тәжірибесін игерте отырып, оның жағымсыз жақтарына береді. өзінің жеке бас тәжірибесі болмағандықтан бала өзіне берілетін мінез – құлық моделдерін объективті шынайылықпен сәйкстендіре алмайды.
Э.Берннің байқауынша ата – аналар өз әрекеттеріне риза болады,ғ ал балалары өздерінің жағымсыз әрекеттеріне еліктеушілік көрсеткенде, оған көңіл бөлмеуге тырысады.
Дубровина қауіпті факторлардың бірі ретінде дисгормониялық жанұяны айтады. Бұл түсінікке психологиялық тұрғыдан жағымсыз сипат беретін бірнеше жолын айтуға болады:
- Жанұяның бір мүшесі нервтік – психикалық немесе химиялық тәуелділікке душар болса. Мұнда тұқым қуалау арқылы балаларда әр түрлі ауытқулардың пайда болу факторы:
- Дисгормониялық жанұя – мұнда негізгі мәселе бұл жанұя мүшелерінің бір – бірімен қарым – қатнассипаты;
- Тәрбиелеудің жағымсыз түрлері көрініс алатын жанұялар:
Личко А.Е. жанұядағы төрт жағымсыз жағдайды көрсетті:
- Әр түрлі дәрежеде шамадан тыс қамқорыққа алу: баланың ішкі жан дүиесіне араласудан бастап ( оның ойлары, сезіміне араасу) жанұяда басымдылық күш көрсетуге дейін; балаға шамадан тыс көңіл бөл, оның барлық өміріне бақылау жасау, шамадан тыс эмоционалды байланыс орнату — бұл құрбыларымен қарым – қатынаста енжарлыққа, өзбеттіліктің болмауына, қарым – қатнастардағы қиындықтарға әкеледі.
- Қамқорлықтың болмау: жеткіншек өз тілегі бойынша барлық ойларын жүзеге асырады. Оның ісіне ересектер ешқандай көңіл бөлмейді. Оның тәртібі бақылауға алынбайды. Ал жеткіншектер ата – анасына өз тіреуішін көргісі, соған сүйенуге болатын ересектіің үлгісін көргісі келедк.
- Жанұяның жұлдызын туғызатын жағдай – баланың кез – келген ынтсына деген аса зейін қою, кішкентай жетістіктері үшін асыра мадақтау;
- Жанұяда «золушканың» болуы – ата – аналар көп уақытын балаларына емес, өздеріне бөледі.
Бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі өзгерістре ммен күрделне түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қоймай, күн сайын күшейте түскен бұл қолайсыз факторлар мектептегі оқу – тәрбие үрдістерін жақсартудың баламалы жолдарын іздестіруді талап етеді.
Ежелден мәлім қағида – адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – ата – ана. өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдіің барлық кедергілеріне сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой — өрісі, шамалары жетпейтін ата – аналар кездесіп қалады. Сондықтан қоғам адлында рухани кемелденген адам қалыптастырудағы ата – ананың жауапкершіліг аса зор.
Мектепте балалар көбінесе отбасынан мінез – құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу – тәрбие ісі оларға ата – анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне, омы орайда, балалардың бойындағы жағымжы қасиеттерді оятып, жағымчыз мінез, әдеттерді жою талабы педагогикалық іс — әрекеттердің тиімділігіне байланыст болмақ.
Мұғалімдік іс – тәжірибеде ата – аналардан үнемі: «балам төбелесе береді, бір орында тыныш отырмайды, немесе тақтада жауап беруге қорқады,не істеу керек ?» деген сұрақ жиі қойылады. Ал мұғалімдер қауымынан: қазіргібалар өзгеш «қиын» болып кеткен деген лебіздер естиміз. Бұл ұрақтарға мектеп мұғалімі, дәрігер, ата – ана, психолог бірлескен іс — әрекет негізінде ғана көмек бере алады. Білім беру үрдісінде «ерекше» балалар мінез – құлқы өзіне көңіл аудартады. «Ерекше» балаларға әр сынпыта кездесетін: агресситві балалар, өте блесенді және мазасыз балар тобы жатады.
Міне, соған байланысты болашақ ұстаз – мамандарға балалармен тиімді қарым – қатынаста болу, әсересе агрессивті балалрмен жұмыс жүргізу бағдарламасын ұсынып, әдістемесін үйретуді жүзеге асыру қолға алынды. Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әр түрлі қарым – қатынастар, қорқытып үркітуден пайда болады.
Адамның түскен ортасының ерекшлігі агрессивті әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы тар, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөледегілерге қарағанда күштірек болады. Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін — өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді.
Егер қандай дап бір агресивті қылық көрсеткені үшін баланы қатаң жазалас, ол өз ыза – ашуын, ата – ана алдында көрсетпей ішіне сқтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессивті қылық көрсетпейтініне кепіл бола алмайды.
Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аударту үшін де агрессивті қылық көрсетеді.
Ата – ананың көнгіштігі, шешім қабылдаудағы сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында « айтқанымды істетемін» деген агрессивті әрекет туғызады. Сондықтан психологтар ата – ана баланың агрессиві әрекетке бармауына ықпал ету үшін мына талаптарды орындау керек екенідігін бөліп көрсетті: балаларға әртүрлі жағдайларда өз — өзін ұстауға үйрету,шиеленіскен жағдайда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру, адамдарға сену; жан ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Абраменко В.И. Психология характера школьников подросткового возраста.
- Адлер А. Практика и теория индивидуальной психологии. – М.,1995 ж.
- Ананьев Б.Г. О человеке как объекте и чубъекте воспитания. Избранные психологические труды.2 том – М., 1980 ж.
- Асеев В.Г. Возрастная психология. – Иркутск: Наука, 1989
- Бандура А., Уолтерс Р. Подростковая агрессия. Изучение влияние воспитания семейных отношений М., 1999 ж,512 б.
- Буянов М.И. Ребенок из неблагополучной семьи. – М., 1988ж.
- Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия — СПБ,1997ж.
- Бютнер К. Жить с агрессивными детми. – М., 1991 ж– 88б.
- Возрастная и педагогическая психология / под.ред. А.В. Петровского. – М., 1979 ж.
- Возрастно – психологический подход в консультировании детей и подростков: Учеб. Пособие для студ. Высш. Заведениий / Г.В. Бурменская, Е.И. Захарова, О.А.Карабанова және т.б. — М: Издательский центр «Академия», 2002 ж.