Жітіқара қаласы
«№9 орта мектеп»КММ
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі
Абдирова Айзат Елікбайқызы
Пәні:Математика
Сабақтың тақырыбы:Көлем
Сабақтың мақсаты: Көлемді денелер туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемді денелерді ажыратып, атай білуге үйренеді;шаршының, тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табу тәсілдерін қайталайды;көлем туралы түсініктерін, тіктөртбұрышты параллелепипед туралы алған білімдерін қалыптастырады.
Білімділік:Есеп дағдыларын жетілдіреді,өткенді қайталайды.
Дамытушылық:Танымдылық белсенділігін,топпен жұмыс істей білу қабілетін,қателерін анықтап, түзете алу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Интеллектуалдық қиындықтарды жеңе және өзін-өзі бағалай біледі,өз ойларын жетік айтады.
Сабақтың түрі:Топпен жұмыс
Көрнекіліктер:үлестірмелі қағаздар,интер такта,постер қағазы ,бинго қағазы,геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
«Суретті толықтыр» фигураның неге ұқсайтынын толықтырып сал да жақсы салынған суретті жұлдызша арқылы белгіле.