Басы » Cыныптан тыс » Бастауышым-қазынам

Бастауышым-қазынам

25_02_2014_scandoc_091Қостанай облысы

Жітіқара қаласы

«№9 орта мектеп»КММ

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік  жетекшісі

Абдирова Айзат Елікбайқызы

Бастауышым-қазынам

Білімнің алғашқы әліппесі бастауыш сыныптан

басталатыны анық.Оқушының бастауыш сынып кезінде алған білімі,білік дағдылары, оның болашақ өміріне жол салатыны белгілі.

Халықтық мұраны оқу-тәрбие процесіне енгізу-басты мақсатымыз. Сондықтан бастауыш  сынып мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-жас ұрпақты ұлттық рухани біліммен қаруландыру,оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.Осыған орай оқушылармен жұмыс жүргізу барысында халықтық педагогика элементтерінің  бірі «Айтыс»екені белгілі.        Біздің Қостанай облысы Жітіқара қаласы «№9 орта  мектеп»КММ-де  «Бастауышым-қазынам»атты бастауыш сыныптарының онкүндігі болып өтті. «Білім негізі-бастауышта» деп тегін айтылмаған,сондықтан бастауыш сыныптар онкүндігінде 2-4 сыныптар арасында алғаш рет мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу,салт –дәстүрімізді сақтау,оқушы бойына ұлттық тәлім-тәрбие беру мақсатында айтыстан сайыс ұйымдастырылды.Айтысты ұйымдастыру мақсатымыз оқушылардың өз ана тілдерінде дұрыс сөйлей білуіне,ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа баулу болатын. Айтысқа барлығы 12 оқушы қатысты.  Оқушылардың өнері мен талантылығын саралау  үшін Жітіқара аудандық тілдерді оқыту орталығының  директоры Утепбаев Тоба Монтайұлы,мектебіміздің директоры Губайдулина Сандуғаш Меербекқызы,қосымша білім педагогы Дарменова Гүлзат Асанқызы төрелік етті.Қорытындылай келе бас жүлдеге Сермаханов Нұрхожа,1-орынға  Абдирова Аружан,2-орынға Сайлаубай  Зарема, 3-орынды  Тастанбай Мадина иеленді.Сонымен қатар басқа да қатысқан оқушыларға  Бикишева Гүлнұр,Мадибекова Мөлдір, Турганбаев Рақымжан,Суйеукулов Айдос,Жусипов Ержан,Елубаева Дильназ,Жаулибаев Медеу,Боранбаева Аруларға  номинациялар  бойынша мақтау қағаздары беріліп, ата-аналар комитеттерінің дайындаған   сыйлықтары табысталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *