Д.Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
география пәнінің мұғалімі
Рахимова Ултуар Кожахановна
Тақырыбы: Солтүстік Американың табиғат зоналары, Кордильердегі биіктік белдеулері
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Солтүстік Американың табиғат зоналары, таралу ерекшеліктері, биіктік белдеулері жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
- Әңгіме-дәріс.
- Кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Сұрақ-жауап.
- Солтүстік Американың өзендері
- Солтүстік Американың көлдері
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Солтүстік Американың табиғат зоналары
Кордильердегі биіктік белдеулері
Солтүстік Америкада табиғат зоналарының орналасуының өзіндік ерекшелігі бар. Солтүстігінде табиғат зоналары батыстан шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап, ендік бағытта таралады. Ал материктің орталығы мен оңтүстігінде табиғат зоналарының орналасуы меридиан бағытында жүреді.
- Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Солтүстік Американың табиғат зоналарын түсіндіру.
Арктикалық шөл |
Материктің солтүстігіндегі Гренландия аралы мен Канаданың Арктикалық архипелагының мұздан бос жерлерін алып жатыр. |
Тундра |
Материктің солтүстік жағалық бөлігі мен Гудзон шығанағының оңтүстігін, Лабрадор түбегін қамтиды. |
Тайга |
Кордильераның шығыс беткейінен басталып, Атлант мұхитына дейінгі кең алапты алып жатыр. |
Аралас және жалпақ жапырақты, ауыспалы ылғалды ормандар |
Материктің климаты анағұрлым ылғалды, жұмсақ болып келетін шығыс бөлігін бойлай, оңтүстікте Мексика шығанағы жағалауына дейін таралған.
|
Орманды дала, дала | Шығыстағы ормандардан Кордильераға жүрген сайын ылғалдың біртіндеп кеми беру салдарынан қалыптасады.
|
Шөлейт, Субтропиктік шөлдер |
Кордильераның ішкі аудандарындағы қара жусан мен алабота басым өсетін шөлейттер Мексика таулы қыратында субтропикті шөлдерге ауысады.
|
Саванна, ылғалды мәңгі жасыл ормандар | Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарында таралған.
|
Термин сөздермен жұмыс
«Прерий» француз тілінен аударғанда «шалғын» деген сөз.
Суккулент латыншадан аударғанда «шырынды» деген сөз.
- Жаңа сабақты бекіту.
- Сұрақ-жауап.
- Солтүстік Американың табиғат зоналары?
- Прерий дегеніміз не ?
- Солтүстік Американың ерекше қорғалатын аймақтары?
- Адам әрекеті әсерінен табиғат зоналарының өзгеруі?
- Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: § 33 (132-136 бет) оқу.