Басы » География » Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы

Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы

«Д.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі Рахимова Ултуар Кожахановна

Тақырыбы:   Шығыс Қазақстанның  шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Шығыс Қазақстанның экономикалық-георафиялық жағдайы, табиғат жағдайлары, ресурстары,  халқы жөнінде  түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

 

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

  1. Әңгіме-дәріс.

 

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сұрақ-жауап.
  • Шығыс Қазақстанның   экономикалық   жағдайы  мен  табиғат  ресурстары
  • Халқы

Графикалық бақылау жұмысы:
1 ——- Шығыс Қазақстан республикадағы маңызды рекреациялық аудан
2 ——- Шығыс Қазақстан Қытаймен ғана шекаралас жатыр
3 ——- Ауданның батысында Сауыр — Тарбағатай жотасы жатыр
4 ——- Шығыс Қазақстан полиметалға бай
5 ——- Шығыс Қазақстанның жер ресурстары ауыл шаруашылығына жарамсыз
6 ——- Шығыс Қазақстан су энергетика ресурстарына кедей
7 ——- Өскемен су қоймасы Ертіс өзеніндегі ең ірі су қоймасы болып табылады
8 ——- Шығыс Қазақстанның өсімдік жамылғысы алуан түрлі
9 ——- Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптері Алтай тауымен байланысты қалыптасқан
10 —— Шығыс Қазақстанда экономикалық белсенді халық 66%

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

— Шаруашылық географиясы

— Көліктік жағдайы
ШҚ — да ірі және орташа 80 — ге жуық кәсіпорын жұмыс істеп, өнеркәсіп өнімінің 90%-ын өндіреді. Шығыс Қазақстанның түсті металлургиясы арзан электр қуаты ресурсының базасында дамуда.
«Қазмырыштың» үш тағаны — Риддер полиметал, Өскемен қорғасын-мырыш жэне Зырян қорғасын комбинаттары акционерлік қоғамдары.
Алғашқы алтын қоры еліміздің егемендік алғаннан кейін 1994 жылы Өскемен комбинатында алынды .
Риддер полиметал комбинаты аталу себебі онда қорғасын, мырыш, алтын, күміс, мыс, сурьма, мышьяк, висмут, кадмий, индий, т.б. түсті метал бірге алынады.
Зырян қорғасын комбинаты.
Шығыс Қазақстан түсті металлургиясымен машина жасау жэне металл өңдеу өнеркәсібі тығыз байланысты ( «Шығысмаш» конденсатор зауытының өнімдері туралы оқушы суретті көрсетіп толықтырады).
Ауыл шаруашылығы: егін, мал, марал, омарта салалары дамыған.
Шетелмен байланыс: 36 елге өнім шығарады (картамен жүмыс).

Экологиясында ауа бассейні ластайтын заттарды шығару жағынан ауданның шығысында орналасқан қалалар мен кенттердегі түсті металлургия кәсіпорындары жетекші рөл атқарады. Ең қолайсыз жерлеріне Өскемен, Риддер, Зырян қалалары жатады.

  1. Жаңа сабақты бекіту.

1) Шығыс Қазақстанда қандай өнеркәсіп салалары жақсы дамыған?
2) Шығыс Қазақстанның Орталық Қазақстаннан ерекшеліктері қандай?
Оқушылардың сабақ барысында алған білімін бекіту мақсатында оқулықта берілген

2 — тапсырманы орындау
Комбинат ———- Өндірістік цикл ———- Өнімі —— негізгі —— қосымша
Зырян
Өскемен
Риддер

  1. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: § 46, 306-310  бет оқу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *