Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
география пәнінің мұғалімі
Рахимова Ултуар Кожахановна
Тақырыбы: Қазақстанның көлік кешені
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның көлік кешені, салалары, құрылымы жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап
- Әңгіме-дәріс
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Сұрақ-жауап.
- Жеңіл өнеркәсіптің негізгі міндеті қандай? Біздің елімізде оның қандай салалары дамыған?
- Қазақстанда мақта-мата өнеркәсібінің негізгі орталықтары қай жерлерде орналасқан?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
- Қазақстанның көлік кешені
Инфрақұрылымдық кешен, өз кезегінде екі бөліктен: коммуникациялық жүйе мен қызмет көрсету саласынан тұрады.
Мекемелер саны: 1194
Жұмыскерлер саны: 204 мың
ЖІӨ-дегі үлесі: 6 %
Тасымалданған жүк 3 млрд т
Тасымалданған жолаушы 16,6 млрд
Орташа айлық мөлшері: 119 мың теңге
Көлік – экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі. Көліктің негізгі міндеті – жүк пен жолаушы тасымалдау.
Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады. Ол – көлік құралдары, жолдар, ұйымдар және тиеу-түсіру пункттері.
Көліктің өзінің жұмысын екі көрсеткішпен өлшейді. 1.Тасымалданған жүктер және жолаушы. Ол тоннамен немесе адам санымен өлшенеді.
2.Автомобиль жүкпен үлкен жол жүріп өткендіктен, көп мөлшерде жанар-жағармай жұмсады, демек оның ақшамен есептегендегі жұмысы да, жүкпен жүрген жолы да көп. Сондықтан көлік жұмысының екінші көрсеткіші – жүк айналымы, ал жолаушы тасымалдауда – жолаушы айналымы.
Жүк айналымы – уақыт бірлігі ішінде белгілі бір қашықтыққа тасымалданған жүк мөлшері.
Оқулықпен жұмыс
132-сурет. Қазақстандағы көлік түрлері
Автомобиль жолдар – 93 мың
Әуе жолдары – 80 мың
Теміржол – 15 мың
Газ құбыры – 10 мың
Мұнай құбыры – 6 мың
Кеме қатынасы – 4 мың
- Жаңа сабақты бекіту.
- Қазақстан халқы және шаруашылығы үшін көлік қандай қызмет атқарады?
- Көліктің негізгі түрлерін атаңдар.
- Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштерін атаңдар.
- Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §37, 251 – 253 бет оқу.