Басы » География » Конструкциялық материалдар шығаратын басқа салалар

Конструкциялық материалдар шығаратын басқа салалар

Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

география пәнінің мұғалімі

Рахимова Ултуар Кожахановна

Тақырыбы:   Конструкциялық материалдар шығаратын  басқа салалар

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырыпты оқып үйрету,алдыңғы алған түсініктерін шыңдау,тереңдету, алған білімдерін өмірде қолдану дағдысын қалыптастыру;

Дамыту:  Түрлі әдістердің көмегімен оқушылардың  жан –жақты ойлау қабілетін, есте  сақтау қабілетін, өз білімін өзбетінше толықтыра алу қабілетін  дамыту;

Тәрбиелік: Сабақ барысында өз елін сүюге, өзара көмек және ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, нақтылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап

  1. Әңгіме-дәріс

 

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Химия өндірісінің ерекшеліктері;

2) Химия кешенінің салалары;

3) «Төрт  таған» химиясы

Химия зауыттары:

1.Ақтөбе (Алға) суперфосфат зауыты
2. Шымкент фосфор зауыты
3. Тараз суперфосфат
4. Балқаш, Жезқазған, Өскемен, Риддер,Степногор  күкірт қышқылы
5. Атырау пластмасса, полиэтилен
6. Ақтау пластмасса, тіс пастасы
7. Теміртау ,Қарғанды синтетикалық каучук
8. Шымкент шина
9. Қостанай жасанды талшық
10. Теміртау азот, аммоний сульфаты
11. Өскемен калий тыңайтқыштары

12.Фармацевтика зауыттары: Шымкент, Алматы, Қаскелең,Семей, Қарағанды;

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Конструкциялық материалдар өндіретін басқа салалар
  • Орман және ағаш өңдеу өнеркәсіптері

 

Бұл сала әр түрлі құрылыс материалдарын шығарады. Негізгі кенге жатпайтын пайдалы қазбалар (қиыршық тас, құм, саз, әктас, құрылыс тасы) барлық жерде кездеседі. Салыстырмалы түрде алғанда оны өндіру арзанға түседі. Дегенмен, сирек кездесетін асбест, ұлутас секілді құрылыстық пайдалы қазбалар да бар.

Құрылыс материалдары өндірісінде тау-кен өнеркәсібінің (беткі жыныстар), металлургияның (қож) және электр қуатының (күл) қалдықтары кеңінен қолданылады. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрамына: 1) минералды шикізат өндіру; 2) Ұстастыратын материалдар өндірісі (цемент, әктас, гипс) және

3) үйлер мен құрылыстар салуға керекті қабырғалық материалдар өндірісі (бетон, темір-бетон, кірпіш).

Ұстастыратын материалдар ішінде басты рөл атқаратын цемент болып табылады. Оның өндірісіне әктас пен саз қажет. Оларды ұсақтап араластырғаннан кейін, айналып тұратын ұзын (100 м-ге дейін) пештерде күйдіреді. Алынған өнімді ұнтақтап, цемент шығарады.

1 т цементке 1,5 т шикізат жұмсалады. Сондықтан барлык цемент зауыттары шикізат кен орындарының маңында орналастырылады. Елімізде ондай зауыттар

5-еу : Ақтау кентінде (Қарағанды облысы), Октябрскіде (Шығыс Қазақстан облысы) және Састөбеде (Оңтүстік Қазақстан облысы), сонымен қатар Семей мен Шымкентте.

Орман және ағаш өңдеу .Бұл жеткілікті шикізат базасы жоқ, Қазақстандағы бірден-бір өнеркәсіп. Орман еліміздің аумағының 4,5%-ында ғана орналасқан. Сондықтан олардың өнеркәсіптік маңызы (ағаш алу көзі) кандай болса, судьі, топырақты және егістікті қорғау, санитарльіқ (қалалар маңында), рекреациялық (халықтың демалыс орны) және ғылыми (қорықтағы ормандар, Ертіс бойының Қарағайлы ормандары) маңызы да соншалықты. Оларда өнеркәсіптік ағаш дайындауға тыйым салынған. Қазір тек оларға күтім  жасау мен санитарлық мақсатта ғана ағаш кесіледі. Олар елдің қажеттілігін өтей алмайды.

 

  1. Жаңа сабақты бекіту:

1.Негізгі ұстастырғыш материал?

А.Құм

Б.Цемент

В.Ұлутас

2.Кенге жатпайтын пайдалы қазба?

А.Қиыршық тас, саз

Б.Темір, марганец

В.Полиметал

 

3.Цемент өндіруге керекті шикізат?

А.Саз және әктас

Б.Құм және саз

В.Гипс және саз

 

  1. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: § 25,25(204-208 бет) оқу

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *