Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
география пәнінің мұғалімі
Рахимова Ултуар Кожахановна
Тақырыбы: Жеңіл түсті металдар металлургиясы, металлургия және қоршаған орта
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жеңіл түсті металдар металлургиясы және олардың қоршаған ортаға әсері жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу және экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап
- Әңгіме-дәріс
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Сұрақ-жауап.
— Түсті металлургия
— Ауыр түсті металлургия
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Әңгіме-дәріс.
— Жеңіл түсті металлургия
— Металлургия және қоршаған орта
Жеңіл металдар: Алюминий, магний, титан.
Ауыр металдарға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компоненттер көп болады. Бұл – тасымалдауға қолайлы шикізат.
Алюминий тотығы(глинозем) – боксит – Арқалық және Тобыл аудандарында өндіреді.
Алюминий өндіру 2 кезеңнен тұрады:
1.Бокситтен алюминий оксидін алу – материалды көп қажет етеді, әдетте шикізат көзіне таяу орналасады. Алюминий оксиді зауыты – Павлодарда салынған.
ПАЗ – әлемдегі ірі зауыттардың бірі.
2.Алюминий оксидінен алюминий алу – қуатты көп қажет ететін кезең.
Титан – магний комбинаты – Өскемен
Алтынды батыстан басқа елдің барлық бөлігінде өндіреді. Алтын – Бақыршықта
Картамен жұмыс
Кескін картаға жеңіл түсті металлургияның орталықтарын белгілеу.
Оқулықпен жұмыс
98-суретке зер сал. Титан алу қандай сатылардан тұрады ? Оның қалдықтарынан қандай өнім алынады ?
Сен білесің бе ?
1.Васильков – дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының бірі.(360 т алтын, құрылымы орташа 2,8 г/т есебімен алынған)
- Берилиий мен ниобий «атом өнеркәсібінің металы» деп аталады.
- Қазақстандағы 195 кен орнында 1 900 т алтын бар.(әлемде 9-орында)
- Жаңа сабақты бекіту.
- Сұрақ-жауап.
1.Сендер түсті металдардың қандай топтарын білесің?
- Жеңіл түсті металл кендерінің қандай қасиеттері оларды орналастырудағы негізгі принциптерімен байланысады?
- Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §22,23, 187-189 бет оқу.