Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
география пәнінің мұғалімі
Рахимова Ултуар Кожахановна
Тақырыбы: Африканың ішкі сулары
Мақсаты:
Білімділік: Африка табиғатының ерекшеліктері туралы, білімдерін қалыптастыруды одан әрі жалғастыру. Африканың өзендері Ніл, Конго (Заир), Замбези және Виктория, Чад т.б.көлдер туралы білім беру.
Дамытушылық: Африканың өзендері Ніл, Конго (Заир), Замбези және Виктория, Чад, т. б. көлдерінің орналасу нүктелерімен таныстырып, ойлауға, дамытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету және әлем табиғатын үйрене келе, өз отанының табиғатын аялауға, сүюге баулу.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап 3. Тірек-сызбамен жұмыс
- Әңгіме-дәріс
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Сұрақ-жауап.
- Африканың климаттық белдеулері
- Экваторлық климаттық белдеу
- Субэкваторлық климаттық белдеу
- Тропиктік климаттық белдеу
- Субтропиктік климаттық белдеу
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Кеуіп қалған арналар уәд деп аталады. Уәдтер сирек жауатын жаңбыр кезінде ғана суға толады.
Материктің ірі өзендері : Ніл, Конго, Нигер, Замбези, Лимпопо.
Атлант мұхиты алабына Ніл, Конго, Нигер, Сенегал, т.б.
Ніл – әлемдегі ең ұзын өзен.
Конго ( Заир ) – экваторды екі рет кесіп өтетін, материктің ең суы мол өзені.
Нигер – Африканың үшінші өзені.
Замбези – Үнді мұхиты алабының ең ірі өзені.
Материктің ірі көлдері – Виктория, Танганьика, Чад, Ньяса, Тана.
Африка көлдерінің ең тереңі – Танганьика көлі. Тереңдігі – 1435м, ұзындығы – 650 км, ені – 50 – 80 км.
Виктория – материктің ең үлкен көлі, ауданы – 68 мың км.кв,
ең терең жері – 80 м, орташа тереңдігі – 40м.
Чад көлі – қалдық көл. Көл таяз және суы тұзды.
Материктегі Сахара, Судан, Калахариде жерасты суларының мол қоры бар екені анықталған. Ол жерлерде құрма пальмасы өседі.
- Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы Африканың өзен алаптарын түсіндіру.
Кескін картамен жұмыс
Африканың өзендері мен көлдерін түсіру.
- Жаңа сабақты бекіту:
1.Жер шарындағы ең ұзын өзен
а) Амазонка
ә) Ніл
б) Нигер
в) Замбези
2.Ақ ніл мен Көк ніл қай қаланың маңында қосылады?
а) Хартум
ә) Кейптаун
б) Каир
в) Мехико
3.Африка көлдерінің ішіндегі ең тереңі:
а) Тана
ә) Чад
б) Танганьика
в) Виктория
4.Африка ауданының 1/3 бөлігінің өзендері қандай алапқа жатады?
а) Тынық мұхиты
ә) Үнді мұхиты
б) Ішкі тұйық
в) Атлант
5.Африкадағы кеуіп қалған арналарды не деп атайды?
а) Сьерралар
ә) Пуналар
б) Прерийлер
в) Уәдтер
- Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: § 48, 180-182 бет оқу.
Кескін картаға ірі көлдер мен өзендерді белгілеу.