Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
география пәнінің мұғалімі
Рахимова Ултуар Кожахановна
Тақырыбы : Атмосфералық қысым және ауа температурасы
Мақсаты: Оқушылардың атмосфера тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылап, практикамен ұштастыру.
Білімділік : Атмосфера тарауына талдау жасау, қосы анықтамалық мәліметтермен және кестелермен жұмыс жүргізу.
Дамытушылық : Танымдық білік дағдыларын, өзіндік Іс – әрекеттерін қалыптастыру, іскерлік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі : Білім мен іскерлікті дамыту сабағы.
Сабақтың әдісі : Сарамандық жұмыс, сұрақ – жауап, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің климат картасы, кестелер
Пәнаралық байланыс: математика, экология, әдебиет
Жаңа сабақ жоспары:
1.Сұрақтарға жауап беру
- Атмосфера қандай қабық?
- Атмосфераның тәуліктік амплитудасы дегеніміз не?
- Бұлттылық деп нені айтамыз?
- Қанша климаттық белдеу бар?
- Тұман қалай түзіледі?
- Ауа райы деген не?
- Жел деп нені айтады?
- Тәулік ішіндегі ең төменгі температура байқалатын уақыт
- Қалыпты атмосфералық қысым қанша ?
- Тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жел
2 .Есептер шығару.
1.Тәуліктің орташа температурасын есептеу
А. Түнгі сағат 1 — де +1° Таңғы сағат 7 –де +2°
Күндізгі сағат 13- де +10° Кешкі сағат 19- де + 3°
Б. Түнгі сағат 1 — де — 3° Таңғы сағат 7 –де -2°
Күндізгі сағат 13- де -1° Кешкі сағат 19- де -0°
- Альпинистер 3000 м тау басына көтерілгенде, барометр осы биіктіктегі атмосфералық қысым 450 мм екенін көрсетті. Бұл кезде жер бетіндегі қысым нешеге тең болады?
3.Сыныптың ұзындығы — 7 м, ені – 5 м, биіктігі – 3 м болғанда сыныптағы ауаның массасы мен салмағы нешеге тең болады?
Айлар | Температура | ||
Алматы | Семей | Шымкент | |
1.Қаңтар | — 3° | — 17° | 0° |
2.Ақпан | 0° | -12° | 7° |
3.Наурыз | 6° | -9° | 12° |
4.Сәуір | 10° | 4° | 15° |
5.Мамыр | 14° | 10° | 20° |
6.Маусым | 20° | 20° | 26° |
7.Шілде | 24° | 25° | 27° |
8.Тамыз | 22° | 21° | 24° |
9.Қыркүйек | 19° | 7° | 22° |
10.Қазан | 15° | 2° | 20° |
11.Қараша | 17° | -13° | 18° |
12.Желтоқсан | -5° | — 15° | 4° |
- Жылдық орташа температураны анықтау
Ойланайық ! Салтанат аспанды торлаған бұлттарға қарап, әр нәрсенің бейнесіне ұқсатып отырды. Құрбысы оған телефон соғып, көл маңына серуендеп келуге шақырды. Салтанат барар – бармасын білмей ойланып қалды. Қандай кеңес берер едіңдер? Ауа райы өзгеруі мүмкін бе ?
Астана қаласының жел кестесі
Желдің бағыты | Осы бағыттан басым желдер
соққан күндер саны |
Солтүстік | 4 |
Солтүстік батыс | 3 |
Сотүстік шығыс | 2 |
Батыс | 3 |
Шығыс | 4 |
Оңтүстік | 1 |
Оңтүстік батыс | 2 |
Оңтүстік шығыс | 2 |
- Географиялық сөздік
Климат, термометр, барометр , бриз , муссон , фен
Сабақты бекіту:
Сәйкестік тест
1 .Атмосфера а. Тропосфера
2 .Озон газы ә . 21 %
3 . Азот б. Ауа қабаты
- Оттегі в . Стратосфера
- Ауа райы түзіледі г. 78 %
Жұмбақ шешу
Жүйрік өзі тұлпардан, Түбі тесік шелектен
Ұшқыр өзі сұңқардан. Су тамшылап тұрғандай,
Күні – түні жүйткиді, Басталып еді ол еппен
Кең далада бір тарлан Ақтарылды түк қалмай.
Қанатсыз құс маңып барады, Шашылды көктен ақ моншақ,
Көзінен жас тамып барады. Жоғалды бірден тапқанша – ақ
Үйге тапсырма: § 18 – 25 оқу
«Атмосфераның ластануы» шығарма жазу