Өскемен қаласы
Шығыс Қазақстан облысы
Әдебиеттік оқу, 2 сынып
Тақырыбы: Қарлығаш пен торғай ( Түрік халық ертегісі)
Мақсаты: 1) Ертегі мазмұнымен танысады, ертегідегі құстар жайлы
мағлұматтар алады.
2) Тіл байлығы, дұрыс сөйлеу мәнері, ойлау қабілеті дамиды.
3) Достыққа, еңбексүйгіштікке, өзара сыйластыққа үйренеді
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
«Болжау» стратегиясы.
Құстардың дыбысы жазылған үнтаспа.
- Не естіп тұрмыз? Қалай ойлайсыңдар, бұл ненің дыбысы?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Жылы жақтан нелер ұшып келді?
- Қандай жыл құстарын білесіңдер?( қараторғай, қарлығаш, т.б.)
- Ендеше , қалай ойлайсыңдар, бүгін не туралы оқимыз?
ІІ. Мағынаны ажырату.
- « Түртіп алу» стратегиясы (Өз бетімен оқиды, қарындашпен белгілейді)
? — ұқпағаны
— — түсініксіз сөз
+ — пікірім бар
- «Графикалық кесте- жоспар» стратегиясы
Мұғалім оқиды, оқушылар кесте сызып отырады.
-Бірлесе отырып жоспар құру.
- Топпен жұмыс
І топ. Торғай неге балапандарын аман-есен өсіре алмады?
ІІ топ. Ертегіден қарлығаштың қандай қасиеттерін байқадыңдар?( тақтада орындау)
ІІІ топ. « Ұяны ақылмен салу» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІV топ. Торғайға, торғай сияқты адамдарға не айтар едіңдер?
- Жұппен жұмыс.
« Торғай мен Қарлығаш» диалог құрастыру.
- Ертегі бойынша торғай мен Қарлығашқа мінездеме бер.
( Т кестесі)
Торғай | Қарлығаш |
(Перденің астындағымен салыстыру)
ІІІ. Ой— толғау. Ән тыңдай отырып хат жазу.
1.«Хат» стратегиясы «Торғайға хат»
« Қарлығашқа хат»
- Үйге тапсырма: «Қарлығашқа » қатысты ырымдар, аңыздар біліп келу,
Ертегі құрастырып келу.
- Бағалау.