Алматы облысы, Қарасай ауданы, Береке ауылы
«М.Бейсебаев атындағы орта мектеп мектепке
дейінгі шағын орталықпен» КММ технология пәнінің мұғалімі- Секимбаева Перизат Максатовна
Сабақтың тақырыбы: Гобелен тоқу технологиясы
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға гобелен тоқу технологиясы туралы түсінік беру, үйрету арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайтуға, әсемдікпен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету.
- Оқушыларды өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту.
- Оқушыларға қолөнердің эстетикалық мазмұнын бойына сіңіру арқылы шеберлікке, жинақылыққа, икемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері
Сабақтың көрнекілігі: Венн диаграммасы, Құрасбек Тыныбековтың, Батима Зәуірбекованың туындыларының суреттері, слайд.Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу - Оқушыларды түгендеу.
- Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
• Кілемнің қандай түрлерін білесіңдер?
- Кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтарды ата?
• Түкті кілем тоқудың технологиясы?
• Тықыр кілем тоқудың технологиясы?
- Мақсат қою
Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
-
Жаңа сабақты түсіндіру.
Кілем – үй жасауы деп санаймыз, оны жерге төсеуге, қабырғаға ілуге болады және кілем иірілген тоқыма жіппен тоқылады. Кілем — сәндік қолданбалы өнер түріне жатқызамыз және шалу әдісімен тоқылады.
Кілем түкті және түксіз болып бөлінеді. Түк салып тоқу өнері көбінесе Қызылорда, Торғай, Қостанай, Шымкент өңірлерінде жақсы дамыған.
Гобелен – сәндік қолданбалы өнер түріне жатады.
Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойы, Кавказға кең тараған. Ертеден келе жатқан алаша, тықыр кілем тоқу өнері гобеленнің қазақ халқының дәстүрлі қолөнеріне жат емес.
Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталған.
Түкті кілемді тоқу барысында тоқу мәнеріндегідей техниканы қолдана отырып, сол түктерді кейбір жерлерде 10-15мм-дей ұзындықта қалдырып, кей жерлерінде тақырлай қысқартып үйлестіріледі. Жалпы гобелен тоқу үлкен сезімталдықты талап етеді.
Түкті кілем негізін құру үшін станок болу керек. Станок ағаштан жасалынады. Гобелен өнері оқушыларды әсемдікті, сұлулықты түсінуге, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, олардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады.
Қазақ гобеленінің негізін қалаған суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова. «Ана», «Дала мадоннасы», «Сәукеле киген қыз», «Ұзату», «Күту» сынды туындылардың авторы.
Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.
VI. Жаңа сабаққа түсінгенін тексеру кезеңі.
1.Гобелен өнерінің шығу тарихы қай ғасырдан басталады?
2.Гобелен дегеніміз не?
3. Гобелен атауы қай елден шыққан?
4. Гобеленнің кілемнен айырмашылығы неде?
5. Құрасбек Тыныбековтың өмір сүрген жылдары?
7.Ең алғашқы гобеленші қазақ қыз?
VII. Бекіту кезеңі. (практикалық)
• Жұмыс киімін киеміз;
• Еңбек қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер;
• Қайшыны құрбыңа үшкір жағымен ұсынба;
• Гобелен тоқу.
Гобелен тоқу үшін:
1. Гобеленші-суретші алдымен гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.
2. Гобеленші-бояушы суреттегі түрлі-түстерге сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі гүлдердің жапырақтарын, тамырларын, ағаш қабықтарын пайдаланып бояйды.
3. Гобеленші тоқымашы салған сурет бойынша кілемді тоқиды.
Сабақты қорытындылау:
Біз бүгінгі сабақта кілем тоқудың әдістерін үйрендік.
Әр бір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, бағалау.
VIII. Үй тапсырма беру.
Гобелен туралы Қазақстандағы басқа да гобеленшілер туралы қосымша деректерді жазып әкелу.