Басы » Кембридж бағдарламасы » Қазақ халқының рухани мәдениеті, дін, салт – дәстүр, ұлттық мереке

Қазақ халқының рухани мәдениеті, дін, салт – дәстүр, ұлттық мереке

istКудиярова Зада Ризаевна

№241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы

Мұғалімніңатыжөні Кудиярова Зада Пәні:  Қазақстан тарихы
Сабақ атауы Қазақ халқының рухани мәдениеті, дін, салт – дәстүр, ұлттық мереке
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Қазақ халқының рухани мәдениеті, дін, салт – дәстүр, ұлттық мереке жайлы білімдерін толықтыра отырып, салт – дәстүр мен әдет – ғұрыпты ажырататын болады.
Күтілетін нәтиже Қазақ халқының рухани мәдениеті, дін, салт – дәстүр, ұлттық мереке жайлы қосымша материалдарды қолданау арқылы білімдерін толықтырады.Шығармашылық жұмыс жасау арқылы  салт – дәстүр мен әдет – ғұрыпты ажырататын болады. Ашық, жабық сұрақтар арқылы сыни ойлау дағдылары қалыптасатын болады.
Негізгі идеялар Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек.
Тапсырмалар Ашық, жабық сұрақтар, шығармашылық жұмыс
 Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

 

І. Кіріспе

 

Мұғалім  іс-әрекеті Оқушы  іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  «Соңғы сөзді мен айтайын»

1-топ: Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы композитор – әншілері

2-топ: Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы күйшілері

3-топ: Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы айтыскер ақындары

Бағалау.

Жауап бере алдым Жауап беруге қиналдым Жауабын білмедім
Үй тапсырмасы бойынша
Оқушылар 1,2, 3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді.

 

Берілген тапсырма бойынша сипаттама беріп өтеді.

 

 

 

Өзін – өзі бағалау парағы бойынша өзін – өзі бағалайды.

 

ІІ. Тұсаукесер ІІІ.Ой қозғау

  1. Музыка өнері мен айтыс өнерінен басқа рухани мәдениетке нелер жатады?
  2. Белгілі қазақ тарихшысы Ақселеу Сейдімбек өзінің бір сұхбатында «Осыдан он жыл бұрын ЮНЕСКО-ның мәдениет зерттеушілері, сондағы ғалымдары дүниежүзінің осы саласымен айналысатын ғалымдарына бір ғана сұрақ қойып анкета таратты. Ол «Мәдениет дегеніміз не?» деген сауал еді. Содан менің есімде үш жауап қалыпты. Мәдениет дегеніміз дейді жапонның ірі мәдениет зерттеуші ғалымы жапон халқы үшін шәй беру рәсімі, иә болмаса үйдің ішін гүлмен безендіру рәсімі, икэбану деп аталады. Поляк зерттеушісі, поляк халқы үшін мәдениет дегеніміз тәтті тоқаш пісіру дейді. Ал, Танзанияның өте жоғары білімді, дүниежүзіне белгілі мәдениет зерттеуші ғалымы: Танзия халқы үшін мәдениет дегеніміз өте әдемі татуировка жасау дейді.» Ал, сендердің ойларыңша қазақ халқы үшін мәдениет деген не?
Оқушылар топтасып, ақылдаса отырып, берілген сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

ІІІ. Негізгі бөлім  

 

 

 

ІҮ. Мағынаны тану.   1. Сұрақ – жауап:1-топ: Ұлттық мереке, тойлардың қазақ халқы үшін қандай тарихи маңызы болды?

2-топ: ХІХ ғ Қазақ халқының салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпы, діні

3-топ: Салт – дәстүрге, әдет – ғұрыпқа қатысты қандай шығарманы айта аласыңдар?

Бағалау.

Жауап бере алдым Жауап беруге қиналдым Жауабын білмедім
Сұрақ – жауап кезеңі бойынша

 

  1. Шығармашылық жұмыс.

1-топ: Қазақ халқының рухани мәдениеті жайлы өз пікірлеріңді тарихи деректер келтіре отырып дәлелдеңдер.

2-топ:  «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегендей қазіргі таңдағы озық салт – дәстүрмен тозығы жеткен салт – дәстүр туралы не айтасыңдар?

3-топ: Наурыз мейрамына қатысты қабырға газетін шығарыңдар.

 

Бағалау.

Өз ойымды ашық білдіре алдым Өз ойымды ашық білдіре алмадым Бұл тапсырмаға дайын болмадым
Шығармашылық жұмыс бойынша
 

Оқулықтағы мәтін мен үйден дайындап келген қосымша материалдарды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап береді.

ІҮ. Қорытынды 

 

Ү.  Сұрақ – жауап:1.Әдет – ғұрып дегеніміз не?

Әдет-ғұрып – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы.

  1. Салт – дәстүр дегеніміз не?

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.

«Сөздер банкісі» әдісі

Тәңірге табыну, ата – ананы құрметтеу,   қонағасы, ата – баба аруағы, көк ата, қыз ұзату, шашу, сүйінші, табиғат құбылыстары,  ерулік,  наурыз көже, байғазы, бабабай баба,  той, заң нормалары, көрімдік.  (16 сөз)

Әдет – ғұрып: Тәңірге табыну,  табиғат құбылыстары,  ата – баба аруағы,  бабай баба, көк ата, заң нормалары. (6 сөз)

Салт – дәстүр:  той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу,  ерулік,  ата – ананы құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші. (10 сөз)

 

Бағалау

Дұрыс ажырата алдым Жартылай ажырата алдым Ажыратуда қиналдым
Сөздер банкісі әдісі бойынша

 

 

 

Берілген сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Оқылған сөздерді  оқушылар қай сөздер әдет – ғұырыпқа, қай сөздер салт – дәстүрге жататындығын айырып, екі бағанға тізіп жазады.

ҮІ. Кері байланыс

Сабақта ұнағаны Сабақта ұнамағаны Сабақта нені өзгерткің келеді
Кестені толтырады.
Ү. Үйге тапсырма Қазақ халқының рухани мәдениеті, дін, салт – дәстүр, ұлттық мереке

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *