Гүлсара Уралбаева
Елек орта мектебінің психологы Ақтөбе қаласы, Құрайлы ауылы
Ы.Алтынсаринның педагогикалық-психологиялық еңбектері
«Жас бала-жаңа өркен жайған ағаш тәрізді» дейді халқымыз .Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып,саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.Тәрбие кездейсоқ оқиға емес,ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.Қазіргі кезде біздің қоғамда өркениеттілікке бағытталған «Білім беру» заңы бар.Онда азаматтық қоғам орнатуда өскелең ұрпақтың оқу және тәрбие мәселелерінің сұрыпталған, қатаң ғылыми негіздерінің тың жүйесі қалыптасқан.
Тәрбие- қоғамдық құбылыс.Әрине, адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Ал қоғам дегеніміз- адамдардың тіршілік ету,өмір сүру үшін топтасқан ортасы.Бүгінгі егемен елдің жастарының ойы еркін,рухани парасаттылығы толысып жетілген, адамгершілік ізгілік қасиеттері мол азамат етіп тәрбиелеуде Ы.Алтынсаринның тұлғасы мен оның прогрессивтік идеяларының мәні аса зор
Ы.Алтынсарин қазақ халқының өміріне мәдени жағынан іргелі өзгеріс кіргізуді армандап бірнеше мектеп ашты.Жеке түлғаның жан-жақты дамуына қажеттті алғы шарт — білім алу деп есептеп , оқыту мен тәрбие беру мекемесін- мектепті құрды.
Ы.Алтынсаринның ұстанған басты қағидасы баланың жеке басын қадірлей отырып,оны ізгілікке, қайырымдылыққа жұмылдыру болды
Тұңғыш ағартушы, рухани ұстаз Ы.Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда ой- санасына қозғау салып,дамытуда өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін көп ізденген.Осы аудармашылықпен айналысудағы басты мақсатын педагог»Қырғыз хрестоматиясына» арналған»Сөз басында» былай түйіндейді:»…екіншіден, бүл кітапта келтірілген әнгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздедім,… пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға шамасы келгенше қызмет ету» Ой қозғаған осындай түйіндерге:бала және оны тәрбиелеу жолдары,оқыту үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздері, мұғалім- ұстаз мәселесі, қоғамдық психология мәселелерін т.б жатқызуға болады. Ы.Алтынсарин «Хрестоматия» атты еңбегінде жас өспірімдердің жан дүниесін, ақыл — ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу, мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп есептеген. Ыбырай шығармаларындағы қысқа-қысқа әнгімелер баланың сана сезімін оятып, дүниетанымын кеңейтеді.
Ағартушы,ғалым — педагог адам өмірінде әртүрлі әдеттің алатын орны ерекше екендігін, істеген істің, жүріс-тұрыстың, демалыстың,яғни өмірдің сан алуан саласының қай-қайсысы да біртіндеп ұнамды, не үнамсыз әдетке айналып отыратындығын, яғни адамда жарамды, жақсы әдеттермен қатар жарамсыз жаман әдеттер де болотындығын ескертеді. «Әдептілік-адам көркі», «Әдепті бала ата-анасын мақтатар,әдепсіз бала ата-анасын қақсатар».Осындай нақыл сөздер ұлттық тәлім-тәрбиенің бастау бұлағы. Халқымыз жақсы мінез-құлқымен, өнегелі ісімен көзге түскен жастарды әдепті бала екен дейді. Әдептілік-барлық адамға жарасатын қасиет. Ағартушы-педагогтың» Әдеп » әнгімесі соған дәлел. Салақтық-жаман әдет. Одан тәнге де,жанға да пайда жоқ. Ы.Алтынсариннің»салақтық»атты әнгімесі жарамсыз әдеттің адамға зиянды екендігін айқын көрсетеді.Алтынсарин көтерген психологиялық мәнді мәселелердің енді бір тобы оның әдістемелік пікірлерімен астарласып жатады.
Ыбырай жақсы тәрбиеші ғана емес, ол сонымен бірге тәжірибелі, ой — пікірі озық мұғалім еді . Ы.Алтынсариннің тәрбиеші- ұстаз, мүғалімдік өнер жөніндегі айтқандарында психологиялық түйіндер аз емес.Ол оқу- тәрбие үрдісіндегі мұғалім рөліне айрықша маңыз береді,мектеп ісінің сан-саласындағы жетістіктері мұғалімнің білімі мен іскерлігіне, беделі мен өз жұмысын жан-тәнімен сүйе білуіне байланысты деп түсінген. Ы.Алтынсарин халықтың мүң- мұқтажын білдіруші ағартушы- педагог ретінде өз халқының білімі мен мәдениетін ,тұрмыс- жағдайын жақсартуды игі мақсат етті,оны жүзеге асыру қазақтың озық ойлы және білімді азаматтарына байланысты деген ой түйді.
Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыптасуына Ыбырай Алтынсарин өте зор еңбек сіңірді.
Ы.Алтынсаринның даралығы анық,жұлдызы жарық екендігі бәрімізге аян. Бірліктің, өркениеттің алтын діңгегі-Білім әлеміне қазақ сахарасында тыңнан жол салып,ұстаздардың Ұстазы атанған.
Ыбырай бабамыздың шамшырап боп жазылған нұрлы, сәулелі оттары — білім ордалары бүгінде молайып, біршамасы ұлы ағартушы есімін иеленді.»Кел, балалар, оқылықты» жаттап өскен әрбір қазақстандық азамат тамаша педагог есімін әр кез қастерлеп, асыл мұрасынан рухани нәр ала бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ы.Алтынсарин. Қазақ хрестоматиясы,Алматы «Білім».2007
2.А.Т.Ақажанова.Қазіргі психология тарихының дамуы,жағдайы, беталысы.Nurpess Алматы 2012.
3.Қазақстан мектебі №7. 2001
- Қазақстан мектебі №2. 2011