инара Кусаинова
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Дәулетбай орта мектебі, КММ
Кусаинова Динара Сериковна
Сабақтың тақырыбы: Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат.
Сабақ 1- сабақ | Сабақ өтілетін күн:
Орны: |
Барлық оқушы саны: Жасы:
Қатысқаны: |
||
Сабақ тақырыбы | Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат. | |||
Жалпы мақсаттар | Күшке әрекет ететін жұмыс, қуат туралы оқу, жұмыстың, қуаттың формуласымен танысып, оны есеп шығару барысында қолдануға үйрену. | |||
Түйінді идеялар | Аз жұмысты қиынсынсаң, Көп жұмысқа тап боларсың. (Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де, жүрілген жолға да тура пропорционал өседі.) | |||
Стратегиялар | «Өрмекші торы», «Тест сынағы», «Сематикалық карта», «Көршінің портреті», «Маршуттық карта», «Тірек сөз», «Екі жұлдыз, бір тілек»,«Жақсы, жаман» жаттығуы. | |||
Көрнекіліктер | компьютер, слайдтар, видеопроектор. | |||
Дереккөздер | Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева, 7 сынып «Физика және астрономия» оқулығы, Алматы «Атамұра» баспасы 2012, Г.И.Жаксылыкова, А.М.Қаженова, Н.З.Исмагалиева, «Интербелсенді әдіс-тәсілдер» Өскемен 2014 | |||
Оқыту нәтижелері | Оқушылар механикалық жұмыс, қуат туралы түсінік алды. Оқушылар ғылыми ой қорытындарын жасауға дағдыланды. Тақырыпты күнделікті іс-әрекеттерінде қолдана алады. | |||
Сабақ кезеңдері | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
1-кезең.
Қызығушылықты ояту:
|
7 мин
|
«Көршінің портреті» стратегиясы арқылы сергіту сәтін ұйымдастырады. | Тренинг арқылы оқушылар көршісіне және бір-бірлеріне күніне сәттілік тілеп, сол арқылы арқылы сабаққа кіріседі. Жұптасып жұмыс жасап бір-біріне көңіл-күй сыйлады. | |
Топқа бөлу. Мұғалім оқушыларды топтасуын ұйымдастырады. | «Шаңырақ құру» арқылы топтасады.
|
|||
«Тест сынағы» статегиясы арқылы тарауды қайталауға арналған тапсырмалар береді.
Қосымша 1. Өткен тақырып бойынша сематикалық картаны береді. Қосымша 2. |
Тест тапсырмаларын орындайды, бірін-бірі тексереді және өзін-өзі бағалайды.
Сематикалық картаны оқушылар толтырады
|
|||
Формативті бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек», 2 мин | ||||
2-кезең. Мағынаны ажырату:
|
17 – 20 мин | Экранда көрсетілген суреттерді көрсету арқылы салыстыра отырып,тұрмыста және физикадағы «жұмыс» ұғымының мағынасын ашады. | Экранда көрсетілген суреттер арқылы салыстыра отырып,тұрмыста және физикадағы «жұмыс» ұғымының мағынасын, тақырыпты ашу.
|
|
Топқа жаңа тақырыпты бөлу:
1-топ: «Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы» 2-топ: «Қуат» |
Топтар оқулықтан тақырыпты оқып, берілген постер дайындайды, қорғайды, түсіндіреді.
|
|||
Маршруттық картада деңгейлік есептер беру
Қосымша 3. |
Есепті өздері шығарып, оқушы тақтаға шығарады. | |||
Формативті бағалау: «Бағалау парағы» арқылы бағалау, 2 мин | ||||
3-кезең. Ой-толғаныс:
|
10 мин | «Сәйкестендіру» парағы бойынша оқушыларға тапсырма береді.
Қосымша 4 «Тірек сөз» табуға тапсырма береді. Қосымша 5 |
Оқушылар сабақта өткен материалды қайталап, бекітеді.
Тапсырманы сәйкестендіреді.
Кестеден тірек сөздерді табады. |
|
Келесі оқуға арналған тапсырмалар. | 2 мин | 63-64 тақырыпты оқу, есептер жинағынан №132-134. Талдау, бағыт- бағдар беру. | Күнделіктеріне берілген тапсырманы жазады. | |
Бағалау | 2 мин | Оқу мен оқытуды бағалау | Топ басшысы бағалайды | |
Рефлексия | 2 мин | «Жақсы, жаман» жаттығуы
— Маған бүгін жақсы, өйткені …, — Маған бүгін жаман ,өйткені… |
Өзіндік талдау жасайды. |
Қосымша 1.
- Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама…..
А) күш
Ә) аудан
Б) қысым
В) масса
Д) тығыздық
- Қысымның өлшем бірлігі көрсетіңіз
А) Н
Ә) м
Б) с
В) Па
Д) Дж
- Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеген ғалым
А) Блез Паскаль
Ә) Ньютон
Б) Джоуль
В) Ленц
- p=
а) ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымы
ә) қысымның
б) тығыздықтың
в) массаның
- Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал
А) Манометр
Ә) Барометр
Б) Сорғылар
Д) Паскаль шары
- Қалыпты атмосфералық қысым
А) 500 мм сын.бағ.
Ә) 720 мм сын.бағ
Б) 760 мм сын.бағ
Д) 160 мм сын.бағ
- Қысым айырымын өлшеу үшін қолайлы аспап
А) Манометр
Ә) Барометр
Б) Сорғылар
Д) альтиметр
- Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.
А) Паскаль заңы
Ә) Ньютон заңы
Б) Архимед заңы
Д) кысымның анықтамасы
- Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер
А) манометр
Ә) барометр
Б) сорғылар
Д) лактометр
- Кеменің төменгі батқан тереңдігі…………… деп аталады.
А) шөгім
Ә) су ығыстырылым
Б) ватерсызық
Д) сүңгуір қайық
Бағалау парағы
№ | жауабы |
1 | Б |
2 | В |
3 | А |
4 | А |
5 | Ә |
6 | Б |
7 | Б |
8 | А |
9 | Б |
10 | А |
9-10 «5» 7-8 «4» 5-6 «3» |
Қосымша 2
Сематикалық карта
Кестені толтыру.
Белгіленуі | Формуласы | Өлшем бірлігі | |
Ауырлық күші | |||
Үйкеліс күші | |||
Қысым | |||
Ауырлық күшінің әрекетінен болатын қысым | |||
Архимед заңы |
Қосымша 3
Деңгейлік есептер
А деңгейі
№1
Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса, онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады?
№2
Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 мин-та қанша жұмыс істейді?
В деңгейі
№1
Массасы 40 кг ер бала массасы 10 кг жүкті бірқалыпты қозғалтып, мекеп үйінің 3 м биіктіктегі қабатына жеткізеді. Масасы 45 кг қыз бала массасы 8 кг жүкті бірқалыпты қозғалтып, сол биіктікке шығарады. Ер бала мен қыз баланың қайсысы көп жұмыс атқарады?
№2
Қуаты 600 Вт локомотив бірқалыпты қозғалып 200 м аралықты 20 с-та өтеді. Оның тарту күші қандай?
С деңгейі
№1
Массасы 40кг ер бала массасы 10 кг жүкті бірқалыпты қозғалтып, мектеп үйінің 3 м биіктіктегі қабатына жеткізеді. Массасы 45 кг қыз бала массасы 8 кг жүкті бірқалыпты қозғалтып, сол биіктікке шығарады. Ер бала мен қыз баланың қайсысы көп жұмыс атқарады?
№2
Моторының тарту күші 5*10 Н ұшақ 800 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты ұшып келеді. Оның қуаты қандай? Осы есепті пайдаланып, қуатты табудың тағы бір формуласын қалай өрнектеуге болады?
Қосымша 4
«Сәйкестендіру» парағы
Физикалық шама | Белгіленуі | Формуласы | Өлшем бірлігі |
Қуат |
Джоуль |
||
Жұмыс |
Ватт |
||
Уақыт |
Секунд |
Қосымша 5
«Тірек сөз» табу арқылы
Р | Э | Р | Е | П | Ә | Ң | Ғ | М | П |
М | И | Л | Л | И | В | А | Т | Т | О |
Ә | В | З | Ө | H | Ы | Ң | Ц | И | В |
Н | А | Ғ | І | Ы | Л | Г | О | І | А |
E | С | Ж | Қ | Ү | Д | Қ | У | А | Т |
Т | С | М | Е | Г | А | В | А | Т | Т |
И | А | Ч | C | Д | М | В | Қ | І | И |
К | Г | Р | Ц | Ж | Ұ | М | Ы | С | А |
М | И | К | Р | О | В | А | Т | Т | Л |
Л | С | Е | К | У | Н | Д | Ө | Ч | Д |
Ы | О | К | И | Л | О | В | А | Т | Т |
Қ | П | О | Ө | Ь | Е | М | Й | Д | Қ |
Тірек сөздің жауаптары:
- қуат
- ватт
- жұмыс
- джоуль
- уақыт
- секунд
- киловатт
- мегаватт
- милливатт
- микроватт
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні | Тест
9-10 — «5» 7-8 — «4» 5-6 — «3» |
Сематикалық карта | Топтық жұмыс (постер) | Деңгейлік есептер | Сәйкестендіру | Тірек сөз | Қорытынды баға |
Бағалау парағы
критерийлер
аты- жөні
|
Берілгенін дұрыс жазуы | Халықаралық бірліктер жүйесіне келтіруі | Формуласын дұрыс жазуы | есептелуі | жауабы | Қорытынды баға |
«+», «-» шарты белгісін қою арқылы оқушылар бағалау парағын толтырады