Басы » Tәрбие сағаттары » Тілге құрмет – елге құрмет!

Тілге құрмет – елге құрмет!

ОҚО Созақ ауданыШолаққорған ауылы

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дадашева Гүлстан Рысбекқыз

Тілге құрмет – елге құрмет!
Мақсаты: ата-бабаның ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келген алтын қазынасы туған тіліміз. Тіл – тұтастығымыздың, елдігіміздің кепілі. Сайыс-сабақта оқушыларымыздың тіл байлығы, өлең оқу мәнері, сөз саптаулары, ойлау қабілеті, жылдамдығы сонымен қоса әртістік өнерлері сарапқа салынады.
Жүргізушінің сөзі:
— Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар, бүгінгі 5-сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Тілге құрмет –елге құрмет!» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Оқушыларымызға тек қана сәт-сапар тілейік. Сайысымызды бастауға рұқсатетіңіздер. Олай болса бүгінгі сайысқа қатысушы оқушыларымызды ортаға шақырып алайық

— Оқушылар, тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Тіл қасиетті, құдіретті киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына сіңіп өміршең күй кеше береді. Осындай өміршең ана тілімізді ардақ тұтып, оның қадір-қасиетін біліп, құрметеу «мен қазақпын» деген әр азаматтың парызы. Сендер ана тілін жете білу арқылы өнер-білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аласыңдар сонымен қоса өзідерің де әлемді тани аласыңдар. Өз тілд
еріңді құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетін де қадірлей аласыңдар. Ана тілін құрметтеу – ұлт тірегі болар азаматқа тән мәдениеттің көрінісі.

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем,
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем — дейді ақындарымыз.
.
Тілді, тарихты сал-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып сақтау қасиетті борышымыз. Олай болса әрдайым тілімізді аялап жүрейік деген тілекпен бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
Алдымен сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Бүгінгі сайыстың ерекшелігі оқушылар ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалана отырып өз өнерлерін ортаға салатын болады. Ендеше сайыстың шарттарымен таныс болайық.
1. Топты таныстыру
2. Мақал-мәтелдерді жалғастыру
3. Тіл туралы ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа оқу
4. Жаңылтпаштар сайысы
5. Жұмбақ (жанкүйерлер үшін)
6. Өлең құрастыру (тақырыбы ана туралы)
7. Көрініс (шешендік сөздерден көрініс көрсету)
Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.
Сайысымызды бастамас бұрын екі топтың білімі мен біліктілігін және өнерін сарапқа слатын қазылар алқасымен таныс болайық:
1. —————————————————————————————————
2.—————————————————————————————————
3.—————————————————————————————————
Бірінші бөлім: — Сайыстың алғышарты бойынша топ мүшелері өздерін таныстырады.
Екінші бөлім: — Сайыстың екінші шарты бойынша әр топқа мақал-мәтелдердің алғашқы жолдары беріледі. Оқушылар соны әрі қарай жалғастыруы шартмен,
1-топқа мынадай мақалдар ұсынылады:
1. Ағасы бардың – жағасы бар, … (Інісі бардың – тыныссы бар)
2. Балаппан ұядан не көрсе, … (Ұшқанда соны іледі)
3. Жаздың бір күні, … (Қыстың мың күні)
4. Оқу инемен… (құдық қазғандай)
5. Сумен ойнамма батарсың, …( Отпен ойнама жанарсың)
6. Батыр туса – ел ырысы, … (Жаңбыр жауаса – жер ырысы)
7. Жеті жұрттың тілін біл, …(Жеті түрлі ілім біл)
8. Өзге елде сұлтан болғанша, …(Өз еліңде ұлтан бол)
9. Үлкенді ссыйласаң, қадірлі боларсың, …(Кішіні сыйласаң құрметті боларсың)
10. Жері байдың … (елі бай)
2-топқа мынадай мақалдар беріледі.
1. Асыл тасттан шығады,…( Ақыл жастан шығады)
2. Туған жердей жер болмас, …(Туған елдей ел болмас)
3. Жақсыдан үйрен, … (Жаманнан жирен)
4. Отан үшін отқа түс…(күймейсің)
5. Айдағаның — бес ешкі,…(Ысқырығың жер жарар)
6. Әзіл айтсаң да,… (әділ айт)
7. Білгенің бір тоғыз,… (Білмегенің тоқсан тоғыз)
8. Біреу тоңып секіреді,…(Біреу тойып секіреді)
9. Қына тасқа бітеді,…(Білім басқа бітеді)
10. Оқусыз білім жоқ,…(Білімсіз күнің жоқ.)
3-топқа мынадай мақалдар беріледі
1. Досы көпті жау алмайды,…(Ақылы көпті дау алмайды)
2. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,…(Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа)
3. Бірлік болмай,…(Тірлік болмас)
4. Ұстазы жақсының,…(Ұстамы жақсы)
5. Ырыс алды,…(ынтымақ)
6. Көре-көре көсем боларсың,…(Сөйлей-сөйлей шешен боларсың)
7. Аяз әліңді біл,… (Құмырсқа жолыңды біл)
8. Сабыр түбі,…(сары алтын)
9. Кеңесіп пішкен тон…(келте болмас)
10. Қоянды қамыс өлтіреді,…(жігітті намыс өлтіреді)

Үшінші бөлім: Ендігі кезек өлең-жырға беріледі Оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерңн жатқа оқиды.
Төртінші бөлім: — Сайысымыздың келесі шарты бойынша оқушылар жаңылтпашты жаңылмай айтуға тиіс. Естеріңізге сала кетейін, үш топқа бірдей жаңылтпаш беріледі.
1. Екеуінің жасы аралас. Бірінің шашы қара шаш. Екіншісінің шашы – ақ шаш аралас
2. Ас аспай бас аспазшы, Ас асты жас аспазшы.
3. Жаңылтпаш жатта. Жаңылмай жатта. Жатқа жатта. Жаттамай жатта.
4. Жоғалды бес шыбыш, Жоқ әлі еш сыбыс, Жоқ әлі еш сыбыс, Жоғалды бес шыбыш.
5. Бақбақ бақта бар, Бақа да бақта бар.
6. Шеше, шеше, кеше кесе, сынды неше
Бесінші бөлім: Жұмбақ шешу Жанкүйерлерге. Келесі кезекті жанкүйерлерге бермекпіз. Көрермендердің белсенділігіне, олардың берген жауапттарына да баға беріліп, ол баға топ мүшелеріне қосылады.
1-топтың жанкүйерлеріне берілетін жұмбақтар
1. Күндіз төбеңе шығады, түнде шегег шығады. (Бас киім)
2. Белі бүкір, алысқа түкір. (Мылтық)
3. Қар сияқты аппақ, Өзі сондай тәтті-ақ. (Қант)
4. Таудан төмен қар жауар, қозғай берсең көп жауар. (Елек)
5. Аяғы жоқ – жүрмейді, Үй бағады – үрмейді. (Құлып)
2-топтың жанкүйерлеріне берілетін жұмбақтар
1. Әжем сақтар тапқанын, қоймасы бар шап-шағын. (Сандық)
2. Күзетем деп үйді, жұдырығын түйді. (Құлып)
3. Пеш түбінде құмған, екі көзін жұмған. (Мысық)
4. Бар ма, жоқ па — білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (Ауа)
5. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (Су)
3-топтың жанкүйерлеріне берілеттін жұмбақтар
1. Тақиям толы сөк, Ерте тұрсам, дым да жоқ. (Жұлдыз)
2. Қарап тұрсаң өзіне, Сурет түсер көзіңе. Ол суретің ұқсайды, Дәл қазіргі өзіңе. (Айна)
3. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (Қолғап)
4. Жаздай інге тығылып жатқан қызыл түлкіні. Құйрығынансуырып әкелді әжем бір күні (Сәбіз)
5. Аяғы жоқ жүреді, сылқ-сылқ күледі. (Өзен)
Алтыншы бөлім: Келесі сайысымыз өлең құрастыру. Ана тақырыбында құрастырған өлеңдерін оқу.
Жетінші бөлім: Бүгінгі сайыстың соңғы шарты бойынша оқушыларға алдлын-ала үйге тапсырма берілген болатын. Шарт бойынша оқушылар шешендік сөздерден көрініс қояды. Сол көріністерді көріністерді бірге тамашалайық! (Оқукшылар өздері дайындаған көріністерін көрермен назарына ұсынады. Қазылар алқасы өз ұпайларын айтып, сайыста жеңіске жеткен топты марапаттайды.
Құрметті оқушылар, қазылар алқасының бағасы дайын болғанша ортаға жас өнерпаздарымызды шақырайық.—————————————————————————-
Сайыс қорытындысымен таныстыру үшін сөз кезегін ———————————————————————————————————————————————————————
Балалар, біз сайыс барысында білім-біліктерімізді, өнерімізді сарапқа салдық. Жеңіске жеткені бар, жеңілгені бар, қалай болғанда да, асыл сөздерімізді ұмытпағандарыммыз абзал. Тіл – әр ұлттың қайталанбас байлығы, қазынасы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік, сондықтан оны қадірлеп, бағалау керек. Қатысқандарыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *