Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсариннің « Қазақ хрестоматиясы»
Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын пысықтау. «Қазақ хрестоматиясы» туралы жан-жақты түсінік беру.
Күтілетін нәтиже :
1. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» байланысты түрлі мәліметтермен танысады.
2. Жағдаят туғызатын тасырмаларды орындай отырып сын тұрғысынан ойлауға қалыптасады.
3. Топтық тапсырмаларды орындай отырып бірігіп жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабаққа керек құралдар: Интербелсенді тақта, жар қағаздар (плакаттар), маркерлер, стикерлер, ғаламтордан алынған мәліметтер, газет-журнал материалдары
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Жауапқа сұрақ», « Топтастыру», «Суреттер сөйлейді», «Дұрысын тап», «Сәйкестендіру», « Адасқан сөздер», «Ыстық орындық», топтық жұмыстар, БББ, кері байланыс.
Сабақта қолданылатын модульдер:
1. Оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3. Дарынды және талантты балалармен жұмыс
4. Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
5. Оқу үшін және оқыту үшін бағалау
6. Оқушыларды жас ерекшелігіне қарай оқыту
7. Оқуды басқару және көшбасшы
Сабақ барысы:
Уақыты Сабақты ұйымдастыру
формасы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
3 мин
мин Ұйымдастыру
Топқа бөлу Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Таңғы тілек» айдарын жүргізу.
Топқа бөлу Оқушылар үлкен және кіші шеңберге тұрып бір-біріне жақсы бір теңеу бір тілек айтады.
Тақтадағы жеміс ағашынан алма пішінді стикерлерді алып, түстеріне сйкес топтасады
8 мин Үй жұмысын сұрау Үй жұмысы бойынша «Ия» неме «Жоққа» сұрақ сауап алмастыру Ыбырау өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақ-жауап алмасады.
5 мин
8 мин Жаңа тақырыпты ашу
Жаңа сабақты түсіндіру
Оқулықпен және дәптермен жұмыс Тақтадағы «Қазақ хрестоматиясы» кітабының суреті жасырынған сұрақтарға жауап ала отырып тақырыпты ашу тақырыптан түсінік беру
Алдын-ала дайындап келген материалдарды таратып «Джигсо» әдісі бойынша мәтін талдату, әр топтан түйінді ой жаздыру Сұраққа жауап бере отырып тақырыпты ашады
Топ ішінде 1,2,3-ке санап 1-лер бір топқа, 2-лер бір топқа, 3-тер бір топқа жиналып өздеріне тиесІлі мәтінді талдайды. Болған соң бастапқы орындарына қайта барып өз тақырыптарын топта талдайды
2 мин Сергіту сәті Математикалық есептеу Дұрыс жауапты қоса отырып есептің шешімін табады.
5 мин Жаңа сабақты пысықтау Топтық тапсырмалады таратып алдымен жұпта, сосын топта талдату. Тапсырманы орындайды: І топ «Адасқан сөздер», ІІ топ «Дұрысын тап», ІІІ топ Сәйкестендір.
5 мин Жаңа сабақты қорытындылау «Ыстық орындық» әдісі бойынша әр топтан көшбасшыны шығарып, тақырып бойынша түйінді ойларын сұрау, қосымша сұрақтарға жауап алу Оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап алмасады.
2 мин Кері баланыс «БББ» әдісі бойынша оқушылардан бұған дейін не білгетіндерін, бұл сабақтан не білгендерін, келесі сабақта не білгісі келетіндерін сұрау Оқушылар өз ойларымен еркін жауап береді
2 мин Үйге тапсырма «Қазақ хрестоматиясы – тәрбие бастауы» тақырыбына эссе жазу
Тапырманы күнделіктеріне жазып аладыс
3 мин Бағалау Мазайка арқылы бағалау. Әр жауапқа бір сурет бөлігін беріп отыру. Алған оқушыға сол суретке атын жазып қоюды тапсыру. Әр топ жинаған сурет бөліктерінің санына қарай бағаланады. Ал жеке оқушы сол топтағы суреттеі неше рет алғанына қарай бағаланыды.