Басы » Бастауыш сыныптар » Адамның нашар мінезі. Шәкәрім Құдайбердиев

Адамның нашар мінезі. Шәкәрім Құдайбердиев

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы

«Григорьев мектеп — балабақша кешені» КММ

Кустанаева Гулжан Абзаловна

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Адамның  нашар мінезі.
Шәкәрім Құдайбердиев
Сабақтың міндеті: Оқушыларды  Ш.Құдайбердиевтің өмірімен және   шығармашылығымен таныстыру.
Сабақтың мақсаты:

  1. Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын дұрыс тануына жол салу.
    2.     Сөйлеу тілдерін дамыту.
    3.     Адами қасиеттерді бойына жинау, қоршаған ортасына деген көзқарасын қалыптастыру, үлкенді, ата-ананы сыйлау керектігін ұғындыру

 Күтілетін нәтиже: Ш.Құдайбердиевтің өмірімен және   шығармашылығымен таныстыру, адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын дұрыс тануына жол салу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
1.     Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшіден оқушылар туралы мәлімет алу

  1. Ортаға шеңбер құрып, бүгінгі сабақта бір-біріне сәттілік тілеу.

Топқа бөлу: Оқушыларды топқа бөлініп отырғызу.
1.Топ “Болашақ”
2.Топ”Бәйтерек”
Балалардан  көңіл-күйлерін сұрау.

-Олай болса, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады?

  Үй тапсырмасын тексеру.

-Жақсы.Олай болса, үй тапсырмасына  бәріміз  әзірміз бе?

Балалардан  өлең шумақтарын сұрау.

1 шумағын бір оқушы айтса, келесі 2 шумағын екінші оқушыдан сұрау.

Сұрақтарға жауап беру, бекіту.
1. Өлеңде айтылған баланың арманы ма, өтініші ме, серті ме?
2. Өлеңде ақын бірнеше рет айтқан надандық деген не?

  1. Өлеңнің авторы кім?
  2. Жанрдың қай түрі?
    5. С.Торайғыров туралы не білесің?

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Түптеп келгенде, туған халқына қызмет ету. Сол себепті де ол халқының аспанындағы айы да, күні де болуды армандайды. Бұл жеке бастың арманы емес, одан әлдеқайда биік тұрған нысана, биік мұрат. Бұған ақынның осы тақырыптағы «Шығамын тірі болсам адам больш» деген шағын өлеңі нақты дәлел бола алады.
Өлең бір қарағанда жеке адамның көкейіндегі ойды баяндап тұрғандай сезіледі.
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып, — деп басталатын өлең жолдарындағы ішкі қуат бірте-бірте күшейе түседі, Бұдан кейінгі:
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып, — деген жолдар ақынның өзіне-өзі берген өмірлік серті іспетті. Ешкімге пайдаң тиместей надан болып өмір сүруден өлімді артық көреді ақын.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес, — деп, мақсатына беріктігін баяндай келіп, ақын өз басындағы мұндай құлшыныстың сыры неде екенін бір шумақпен түйіндейді.
Қызығушылықты ояту. Бүгінгі сабақты Абай атаның отыз сегізінші қара сөзімен бастайық.(Сөзді оқу).

Абайдың қара сөзінен үзіндімен танысып,мағынасын ашу.
Күллі адам баласын  қор қылатын үш нәрсе бар: Сонан қашпақ керек; әуелі надандық, екіншісі- еріншектік, үшіншісі-залымдық деп білесің.

Надандық- білім ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені біліп болмайды.

Білімсіздік-Хайуандық болады

Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны

Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бәрі осыдан шығады.

Залымдық-адамның баласының дұшпаны, Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.

-Балалар,адамның жаман мінез-қасиеттер туралы не білесіздер?
Енді адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді еске түсірейік.
 Жағымды: әдепті, ізетті, адал, сыпайы, инабатты, еңбекқор, алғыр
Жағымсыз: өтірікші, дөрекі, ызақор, надандық, ашуланшақ, еріншек, жалқау
Жағымсыз қасиеттердің ең нашары не деп ойлайсыңдар? (Ызақорлық және еріншектік.) Одан аулақ болуымыз керек.
Мағынаны тану. Олай болса, балалар, біз бүгін Ш. Құдайбердиевтің осы тақырыптағы «Ызақор», «Еріншек» өлеңдерін оқимыз. Шәкәрім суреті интерактивті тақтада көрініп тұрады. Автор туралы мағлұмат беру.
Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 11- шілдеде Семей облысы, Абай ауданында туған. Шәкәрім Орта жүз, Арғын руы, Тобықты. Ол төрт рет қажылыққа барып, «қажы» атанған. Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, философ, тарихшы, аудармашы, сазгер.
4. Оқулықпен жұмыс.
«Ызақор» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау. Өлең кімге арналған? Өлеңдегі негізгі ойды анықтайтын шумақты тап.

5.Түртіп алу стратегиясы.
Шәкәрімнің “Еріншек”өлеңін хормен оқимыз жаңа сөз кездессе түртіп алыңыздар,түсінік беру. ”Харекет”деген сөзге түсінік беру.

Харакет-әрекет.(мағынасын ашу)  Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді.
*Сұрақ-жауап.
*Әр топ өлеңнің мазмұнын қара сөзбен баяндау.
*Сөздік жұмыс.
5. Сергіту сәті. «Кім шапшаң ойлайды?» Қане, кім ашу ызаға, еріншектікке байланысты мақалдар айтады? Еріншектік дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. Топтастыру.

     Еріншек: Надан    Олақ             Ойсыз       Ұйқышыл   Жалқау
7.  Оқулықтағы берілген мақал-мәтелдердердің оқу
           Ашу –дұшпан ақыл- дос,
          Ақылыңа ақыл қос.       
          Елгезек екі айтқызбайды.
Жақсы балаға айтсаң-білер,
          Жаман балаға айтсаң-күлер.
8. Ой толғау. Қазір осы оқылған, өлеңдер, айтылған мақал- мәтелдер негізінде шығармашылық тапсырмалар орындайық.

Топтық жұмыс.
1) Ітоп:«Жағымды бала» ІІ топ:«Жағымсыз бала» суретін бейнелеу,таныстыру.

Салған суреттер «Оқушы шығармашылығы» ретінде тақтаға ілінеді. Осындай балаларға ұқсағымыз келе ме? Ендеше, қандай бала болуымыз керек?
Талапты     Талантты     Еңбекқор     Ақылды     Оқуда озат

Шығармашылық жұмыс. Өлеңнің ұйқасын тап.
Ітоп: … баламын,
… талабым.
… аламын,
… боламын.
ІІ топ: Біздер- … баламыз,
… ой — санамыз.
Достықты біз , …

-Балалар сендерге  бүгінгі  сабағымыз  ұнады ма?

Сабақ сендерге ұнаған болса, несімен ұнады және қандай қорытындыға келдің, өз пікіріңді айтып жаза қой.

…. баламыз.
 9.Бекіту: 1.Кіммен таныстық?
               2.Қандай өлеңдерімен таныстық.
 10.Рефлексия:  Өткен өлеңдерден баланың  қандай  болу керектігін түсіндік?
Балалар біздер әдепті болуымыз керек екен. Осының барлығы өз қолымызда.

2-топтың жұмысымен  қорытындылап  кету

11.Үйге тапсырма.Мәнерлеп,түсініп оқу, 1 өлеңді жатқа айту, “Жаман” мінезден қалай арылуға болады /эссе жазу/.
 12.Бағалау. Оқушылардың білімін топ басшылары бағалайды.

 

 

 

 

Бағалау парағы

Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырмасы

 

 

 

 

 

1 балл

Оқулықпен жұмыс

/өлеңді оқып, талдау/

 

 

 

 

 

1 балл

Шығармашылық

тапсырма

өлеңді

 

 

 

 

 

2 балл

Топтық жұмыс

/жағымды, жағымсыз баланы бейнелеу, таныстыру/

 

1 балл

Білдім?

Үйрендім?

Не түйдім?

 

 

1 балл

 

Қорытынды Баға

5-6 балл – «5»

3-4 балл – «4»

1-2 балл – «3»

 

 

 

 

Бағалау парағы

Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырмасы

 

 

 

 

 

1 балл

Оқулықпен жұмыс

/өлеңді оқып, талдау/

 

 

 

 

 

1 балл

Шығармашылық

тапсырма

өлеңді

 

 

 

 

 

2 балл

Топтық жұмыс

/жағымды, жағымсыз баланы бейнелеу, таныстыру/

 

1 балл

Білдім?

Үйрендім?

Не түйдім?

 

 

1 балл

 

Қорытынды Баға

5-6 балл – «5»

3-4 балл – «4»

1-2 балл – «3»

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *