Басы » Технология » Бекітпе бұйымдар

Бекітпе бұйымдар

 Қызылорда  құрылыс  және  бизнес  колледжі

Сабақтың  тақырыбы: Бекітпе  бұйымдар.

 Арнаулы  пән  оқытушысы:    Мауленова Батес

Сабақтың тақырыбы: : Бекітпе  бұйымдар

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   Бекітіп  тұратын  бұйымдар   туралы түсінік  қалыптастыра отырып, түрлерімен  және олардың  жылу  саласында  кеңінен  қолданылуы  туралы  мағұлмат  беру.  Бекітіп  тұратын  бұранда , гайка, шпилька,  сымдар    жайлы  білімдерін  жүйелеп  тереңдету.Слесарь   жұмысы  туралы   білім  беру.

Тәрбиелік Логикалық  терең  ойлауға, адамгершілікке, шапшаңдыққа,     тез шешім қабылдауға  үйрету.  Оқушыларды  қайырымдылыққа, еңбекті  сүюге    тәрбиелеу  және  жақсы  істерді  бағалай  білуге  ұмтылдыру.

Дамытушылық:  Оқушыларды  өз  бетінше  ізденуге  жұмылдыру, ойлау қабілеттерін  дамыта отырып, дүниетанымын  кеңейту. Жалпы өндірістегі технологиялық  процесс  туралы  ой  өрісін  дамыту.

 

Түрі:   Аралас сабақ

 

Көрнекілігі:   Интерактивті  тақта,  тірек-сызбалар,  плакаттар,  видео.

 

Әдісі:        Сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденушілік.

 

Пәнаралық байланыс:   Химия,  материалтану .

 

                                Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың  сабаққа  қатысуын  тексеру.                                                                    -Сабақ  тақырыбы мен  мақсатын    хабарлау.                                         .Оқушылардың  сабаққа  дайындықтарын  қадағалау.

 

 

 

 

 

  1. Жан-жақты білімін тексеру. Жылу Электр Орталығынан жас  маманның  келуі.

 

 

 

                    I – тапсырма. «Ой  қозғау» . Сұрақтар

 

1.Металдар  қанша топқа бөлінеді. (қара  және түсті) металдар.

2.Машина жасау өнеркәсібінде қолданылатын негізгі  металл. (болат)

3.Шойын өндіретін пеш. (домна)

4.Болат өндіреті пеш. (мартен, конвертор).

5.Шапқы мен  балғаны пайдаланып металды өңдеу операциясы (Метал кесу).

6.Слесарлық қыспақтың бөліктерін ата. (жылжымайтын  еріндік тұрық, жылжымалы еріндік, қыспақ бұранда, сабы бар жылжымалы еріндік)

7.Егеудің негізгі қызметін ата. (метал бетін тегістеу)

8.Металдың  бетіне  белгі салу  үшін  қолданылатын  құрал. (кернер).

9.Жұқа қаңылтырды  кесіп  қиюға  арналған  құрал (қайшы)

10.Металды  ұруға майыстырып  түзеуге арналған  құрал (балға).

11.Металды  қысып  ұстауға  бұрауға  майыстыруға  арналған  құрал (кемпірауыз.)

12.Метал бұйымдарын  тесуге арналған  құрал. ( қадаубас).

13.Бұрғылау станогындағы қауіпсіздік  ережесі.

14Темір кескендегі қауіпсіздік  ережесі

15.Темір аралағандағы қауіпсіздік  ережесі.

16.Оқу шеберханасындағы  қауіпсіздік  ережесі.

 

 

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

 

1.Бөлшектерді  қосу  үшін сымдарды болттарды гайкалы винттерді,   гайкалы шпилькаларды   қолданады.

Сымдардың қосылыстың артықшылығы:  қарапайым және арзан, себебі қосылатын бөлшектерге бұранда кесуді қажет етпейді. Қалыңдығы шамалы бөлшектерді және, сонымен қатар материалы бұранданың беріктігін қамтамасыз етпейтін бөлшектерді қосу үшін қолданылады.

2.Бекітіп  тұратын  сымдар қосылыстың кемшілігі: екі қосылатын бөлшектер гайка мен винт қалпақшасы орналасатын орын болуы керек; гайканы бұрағанда винт қалпақшасын бұралып кетпуі үшін ұстап тұру керек; бұйымның массасын өсіреді және сыртқы келбетін бүлдіреді.

3.Винттер мен шпилькаларды болтты қою мүмкін емес немесе тиімді емес болған жағдайларда қолданады. Мысалы, гайка орналасатын орын болмағанда, бөлшек қалыңдығы үлкен және т.б.

4.Егер бөлшек жиі бұралып кіретін және жиі бұралып алынатын болса, онда оны болттар мен немесе шпилькалармен бекіту керек, себебі, винттер бөлшектегі бұранданы бүлдіруі мүмкін.

5.Металл құбыр ішіне резеңке изоляциялы шірімейтін құрам сіңдіріліп мақта орауышпен оралған мыс не алюминий сымдарды тартады. Электр желісі үшін пайда ланылатын резеңке изоляциялық болат сым не түтікшелі қабықшаға оралған мыс сым механикалық әсерге төзімді болады

Бұранда – бөлшектерді бірін-бірімен қосып біріктіру, қосындыны нығыздау немесе бөлшектердің бір-біріне қатысты қозғалысын қамтамасыз ету үшін арналған , айналыс денелері бетінде бұранда сызығы бойында бірінен кейін бірі орналасқан шоқылар мен ойымдар.

Гайкалар-бұранда,  шпилька немесе  винт  бүрандаларына  бұралып  кигізетін  деталь.

  Тығырық -шайбалар — гайкалар  мен  болттар  бүркеншектерінің  астына төсем ретінде, тетіктер біліктерінің бойымен жылжуын болдырмауға, подшипникті  шаң-тозаңнан, балшықтопырақтан т.т. қорғауға пайдаланылатын  сақина  немесе  делегей  тәрізді  тетік.

 

Жаңа сабақты видео фрагмент арқылы толықтыру.

 

  1. Жаңа  сабаққа   қорытынды   жасалады.

 

                  Сөзжұмбақты  шешу:  «ШАЙБАЛАР»

 

 

            1    2       3      4       5       6      7    8

Ш А Й Б А Л А Р
               
               
               
               

  1. Сабақты бекіту.

Сұрақтарға жауап беру.

 

  1. Сабақты қорытындылау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

 

  1. 7. Үйге тапсырма.

1)  Бекіту  бұйымдары

2)  Конспекті  жазу

3 )  Реферат  жазу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *