Алматы облысы,
Панфилов ауданы,
«Көктал орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен »
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі Г.Қ.Қабылбекова
Еріндік және езулік дауыстылар
Сабақтың мақсаты. а) Еріндік және езулік дауыстылардың жасалу жолдарын меңгерту.
ә) Сабақ мазмұны, дидактикалық матриалдар арқылы оқушыларға ақыл-ой тәрбиесін беру.
б) Оқушыларды сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: плакатқа салынған киіз үй суреті, кеспе әріптер, сабақ мазмұнына сай плакатта жазылған кестелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, валеология.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру бөлімі (сынып даярлығын, қатысымын тексеру).
ІІ.Үй тапсырма сұрау.
а)Ашық және қысаң дауыстылар
ә) 245-жаттығу
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Өткен сабақтарға шолу жасап, оқушыларға сұрақтар беріп, бүгін дауыстылардың келесі еріндік және езулік дауыстыларымен танысатындарын хабарладым. Бүгінгі тақырып жазылғаннан кейін, тақтаға киіз үйдің суретін ілдім. Бұдан әрі мына түрде (а-о; ә-ө; ы-ұ; і-ү; и-у; е-э;) жазылған дауысты дыбыс әріптерін көрсетіп, дауыстылардың ерін мен езудің қалпына қарай еріндік, езулік болып бөлінетінін, еріндік даыстылардың еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы, ал езулік дауыстылардың езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалатынын түсіндірдім. Оқушыларға тәжірибе жасата отырып, суреттегі киіз үй белдеуінің оң жақ қапталына еріндіктерді, сол жақ қапталында езуліктерді орналастырдық.
Бұдан әрі оқулықпен ұмыс жүргіздік: 247- жаттығу
Берілген жұмбақты шешіп, шешуіндегі дыбысты талдау
Құмайда бар,
Суда жоқ.
Тұманда бар,
Буда жоқ.
Ұ-тілдің қатысына қарай жуан, жақтың қатысына қарай қысаң, еріннің қатысына қарай еріндік дауысты дыбыс.
Биікте бар,
Ойда жоқ.
Киікте бар,
Қойда жоқ
І-тілдің қатысына қарай жіңішке, жақтың қатысына қарай қысаң еріннің қатысына қарай езулік дауысты дыбыс.
249-жаттығу Дәрігер бізге не айтты?
Мәтінді оқып, мазмұнын ашу. Мәтін авторы Ахмет Байтұрсынұлы туралы қысқаша мәлімет. Мәтін түйіні «Тазалық –денсаулық кепілі» екенін айтып өттім.
Мәтіннен дауысты дыбыстарды теріп жазып, алдын ала даярланған кестеге тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай жіктеп орналастырдық.
Сергіту. «Поэзия минуты». Сөзжұмбақ шешіп, ерекше төркөзден есім шығатын ақынның бір өлеңін жатқа оқу.
- Ел ордасы қай қала?
- Тіл білімінде атын тура атауға тыйым салынған сөздер қалай аталады?
- Көне сөзінің антонимі.
- Қазақ әліпбиіндегі 13-әріп
Өз беттерінше жұмыс
Қай жағынан оқысаңдар да белгілі бір мағына білдіретін 10 сөз тауып жазыңдар.
Үлгі: мыс-сым, шақ-қаш,…
(Оқушылар түгел орындап шықты).
Дауысты дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталатын республика қалаларын атаңдар.
Астана, Алматы, Ақтөбе, Алға.
Сөздерден езулік дауыстыларды табыңдар.
ІV. Сабақты бекіту.
Дауыстылар еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
Алдын ала плакатқа жазылған жұмбақты оқытып, шешуін таптырдым.
Берілген жұмбақтан еріндік дуаыстылардың астын екі рет қарындашпен сызып шығу үшін бір оқушыны тақтаға шақырдым.
Есек құлақтас,
Ит сирақтас,
Түйе еріндес,
Жапалақ көздес,
Бұта түбі-кеуегі,
Кеуегінде көжегі.
(Қоян).
- Үй тапсырмасын беру
а) Еріндік және езулік дауыстылар
ә) 248-жаттығу. (Жаттығудың орындалу жолын түсіндірдім)
VІ. Оқушы білімін бағалау