Басы » Биология » Бөлме өсімдіктері

Бөлме өсімдіктері

Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейін  шағын

орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

   биология-география пәнінің мұғалімі Рысбаева.Г.Б.

  Панфилов ауданы.

Сабақтың тақырыбы: «bbБөлме өсімдіктері».

 

Сабақтың мақсаты: Бөлме өсімдіктердің түрлері мен маңызын  таныстыру.

Білімдік мәні: : Бөлме өсімдіктер жөніндегі теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc- жүзінде қолдануға үйрету.

Дамытушылық мәні: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз-қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Бөлме өсімдіктер білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнеклік құралдар: Бөлме өсімдіктері. Инструктивті карточкалар, мәтіндер, дәптер, қалам, тақта.

Сабақтың түрі:Аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементері, модульдік тех-ң элементтері, танымжорық, әңгімелесу.

Сабақтың құрылымы:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақ.

  1. Сабақты бекіту.
  2. Қорытынды
  3. Үй тапсырмасын беру.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Кезекшілікті тағайындау.

№10 Техника қауіпсіз ережелерін қайталау.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге дәрілік өсімдіктердің түрлері атты реферат жазып келу берілген.

Ортаға шығып әрбір оқушы рефератын қорғайды.

3.Жаңа сабақ.

А)Қызығушылықты ойяту Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты, ол басқа жаққа кетсе, қатты сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді.

Онда балалар біздің жаңа сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктері болмақ.

ә)Ой-толғаныс:

Сұрақ қойылады:

Бөлме өсімдіктері дегеніміз не?

Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреміз?

Білетін бөлме өсідіктерін ата:

Дұрыс балалар! Әрбір отбасы өзінің алтын шаңырағы – пәтерін, жеке үйін сәндегенді, көріктендіргенді қалайды. Содан біреулер үй ішіне қылқалам шеберлерінің туындыларын, қолөнер бұйымдарын ілсе, өзгелер бөлмелерді қымбат жиһаздарға толтырады. Басқа отбасылар бөлмелерінде темір тор ішінде тотықұстарды ұстауды немесе аквариумдарда алтын түстес, өзге де түр, тұлғадағы балықтарды өсіріп, көбейткенді ұнатады. Тіпті, біздер бөлмелерінің қабырғаларына қару-жарақтарды іліп қойған отбасылардың да үйінде болған едік. Әйтеуір, әркім өз талғамы, таным-түсінігіне сәйкес пәтерін, үйін әрқилы әдемілеуге әуес. Тек, солардың қай-қайсы да үй өсімдіктерін өсіруге, онымен бөлмелерді көркейтуге қарсы емес. Бұл қай халықта да қазір үй өсімдіктерін өсірудің тұрмыстық салт-дәстүрге айналғанының жарқын көрінісі болса керек.

Б)Баяндама оқу.

Өсімдіктер тарихы.

Интерьерді көгалдандыру үшін 3000 астам өсімдік түрі қолданылады. Олардың көбі субтропиктік белдеуден әкелінген. Бөлме өсімдіктерінің 19% Оңтүстік Америкадан әкелінген тропиктік өсімдіктерден құралады. Олар: бегония, монстера, юкка, пастифлора. Өсімдіктердің 17,6% Оңтүстік Африкадан шыққан түрлер құрайды. Олар пеларгония, хлорафитум, Орталық Америка, Мексика, Вест-Индия, бөлме өсімдіктерінің 13,8% берді. Олар ;кактус, пуансеттия, кейбір суккулентті өсімдіктер. Барлық өсімдіктердің 13,5% тропиктік Азиядан(Үндістан, Үндіқытай). Олар: патша бегониясы, каучукті фикус, кодеум, архидея. Жерорта теңізі маңынан шыққан өсімдіктер 9,8%-ды құрайды. Олар: гранат, қоңыраубас, лавр,хамеропс пальмасы, т.б. Оңтүстік Американың субтропиктік белдеуі 5,8%-ды құрайды. Солтүстік Мексика 5,5% құрайды: традесканция, руэллия. Африканың тропиктік өсімдіктері 5,1%-құрайды: кофе ағашы, драцена, сансевирия. Шығыс Азиядан таралған 3,2%-ды құрайды: адалия, аспидистрия, аукуба, камелия, фатсия. Австрия мен Жаңа Зеландия 3,1%-ды құрайды: араукария, корделина. Орта Азия мен Канар аралдары 3,6%-құрайды: фикус немесе инжир, канар құрмасы

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.

Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипа-лық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.

В)Модульдік жүйе.Мәтінмен жұмыс

Барлық өсімдіктер морфологиялық, экологиялық ерекшеліктеріне байланысты мына топтарға бөлінеді

Сыныпты 5 топқа бөліп, әрқайсысына мәтін таратамыз.Тапсырма:мәтінді оқып көрші топқа мазмұнда, келесі топ дәптерге түсіріп отырады

1-топ мәтін:: 1) Гүлдері әсем өсімдіктер. Мұндай өсімдіктердің гүлдеуі ұзақ уақыт немесе қысқа мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ уақыт гүлдейтін өсімдіктер: архидея, пеларгония, синполия. Қысқа мерзімді: гиппеаструм, кренум, кливия. Өсімдіктердің гүлдеу уақыты да әртүрлі. Қыста гүлдейтін өсімдіктер: хрезентема, цикломен, пуансеттия, камелия. Көктемде және жазда гүлдейтін өсімдіктер: азалия, пелоргония, глоксиния.

2-топ мәтін:. Лианалар дұрыс өсу үшін тірек керек. лианалар көбінесе вертикальды көгалдандыру үшін решеткалар құрылады немесе шпагат жіптер тартылады. Лианалар түрлері: аспарагус, циссус, филодендрон, плющ.

3-топ  мәтін : Ампельдік өсімдіктер Оларды ампель өсімдіктері деп те атайды. Өйткені бұлар ампельдерде, яғни, аспалы вазалар мен құмыраларда өсіріледі. Олардың сабақтары жайылып, төмен түсіп тұра-ды немесе өрмелеп өсіп, жан-жағына көрік береді. Аспалы өсімдіктер үнемі жа- сыл, көпжылдық, сәнді жапы- рақ жаятын, әдемі гүл шаш- атындар. Оны терезе алдына, қабырғаға бекіті-лген тіреуіштермен сәндік құмыраларда, ағаш, тоқы- ма кәрзеңкелерде өсіріп, іліп қояды. Ампельдік өсімдіктер: традесканция, сеткреазия, нефралепис, офиопогон, хлорофитум. Ампельдік өсімдіктер қысқы бақтарда өсіру өте қолайлы.

4-топ  мәтін : Сукуленттер – өз бойына нәр жинайтын өсімдіктер тобы. Олар ылғал қорын бұтақтары мен жапырақтарында жинайды. Түрлері: кактус, агава, алоэ, тольстянка, очиток, гастерма, сүттіген

.5-топ мәтін: Эпифиттер ағаш бұтақтары мен діңіне жабысып өсетін өсімдіктер. Эпифиттерді көбінесе қысқы бақтарда өсіріледі. Оларға бромелия, платицериум, асплениум жатады.

Г) Әңгіме құру.Мұғалім:Барлық аталған топтар ішкі интерьерді безендіретін негізгі өсімдіктерден құралады.Енді балалар біз бөлмедегі гұлдер дұрыс орналасып тұр ма. Бөлме өсімдіктерінің үш талабын білуіміз керек.Бөлме  өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар: 1. Оларды іріктеп алу; 2. Өсіру; 3. Баптап күту. Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп алуда олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын-ала оқып, біліп, сұрап, онымен танысып алған жөн. Үй өсімдіктерінің қай түріне қаншалықты жарық, температура, ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып, түрлі ауруларға ұшырап шіріп кетуі мүмкін. Үй өсімдіктерінің ішінде жарықты сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да бар. Біз енді соған тоқталсақ.Д)

«Кім жылдам» ойыны. Тақтамен жұмыс:Тақтаға 3 оқушы шығады. Тапсырма:Әр оқушы партадағы 3 гүлдің біреуін тандайды.әр гүлдің ішінде  өсімдіктер атаулары болады.1-оқушы Жарық сүйгіш өсімдіктер теріп жазады. 2-оқушы Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер теріп жазады. 3-оқушы Жылылықты сүйетін өсімдіктер теріп жазады.Яғн дұрыс толтыру керек

Дұрыс жауаптарЖарық сүйгіш өсімдіктер

Олардың көбісі шөл дала мен таулы жерлерде өсетіндер. Оның негізгі түрлері: кактустар, сабақтарында ылғал сақтайтындар (суккуленттер) – сүттіген, сенецио, стапелия, литопса, фаукария, толстянка, каланхоэ, очитка, агава, сансевиерия, зониум және тағы да басқалар. Қараңғыда және көлеңкеде өңін жоғалтатын теңбіл жапырақты өсімдіктер: колеус, кротон, сеткреазия, кордилина, стробилантес.

Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктерҮй өсімдіктерінің ішінде жарықтың мол, аз түскенін ғана емес, шашырап түскенін де қалайтындары кездеседі. Гүл өсірушілердің айтуынша, олар мыналар: аспарагус, бегония, глоксиния, севполия, фуксия, зухарис, пенеромия және т.б.

Жылылықты сүйетін өсімдіктер

Бұларға тропиктік өсімдік-тер жатады. Олардың ішінде кең тараған түрлері: бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аг-лаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, дроцендер, бромелия, геснерия тұқымдастар. Бұлар қыста 200С температурада жақсы өсіп, өнеді. Кактус тәрізді субтропиктік өсімдіктер үшін қыста температура 60С-тан 120С аралығында болуға тиіс. Егерде үй өсімдіктері тұрған бөлмелердегі температура режимі бұзылатын болса, өсімдіктер сарғайып, жапырақтары түсіп қалады. Үйде өсетін өсімдіктер аспалы өсімдіктер, сәнді жапырақ жаятындар, әдемі гүл шашатындар болып сан алуан түрге бөлінеді.

  1. Сабақты бекіту.Топпен жұмыс:5топқа бөлменің суреті беріледі.

Өсімдіктерді дұрыс берілген (парақта) бөлмеде дұрыс орналастыру.

5 қорытынды.

  1. Үйге тапсырма. Бөлме өсімдіктердің түрлерін терең оқып келу.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *