Басы » Баяндамалар » Қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту

Қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту

Қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту

Семей қаласы. Қосалқы мектеп-интернатының дефектолог — мұғалім

Бекбосынова Балжан Мухаметкалиевна

                                                                                «Бала кемістігінің даму деңгейі

неғұрлым төмен болса,соғұрлым

мұғалімнің білім деңгейі жоғары

болуы керек.»

П.Шуман

Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаладың қалыптасуына, айығуына, мүмкіндіктеріне қарай білім беру, медициналық педагогикалық қажетті жағдайлар туғызу ҚР 2002ж 11-шілдеде қабылданған №343 «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық, психологиялық, педагогикалық қолдау арқылы түзету» Заңы бойынша жүзеге асып келеді. Үйден оқытатын педагогтың іскерлігі баланың білімге деген қызығушылығын ояту мен тиянақты білім алуына бағытталады. Педагог мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын балалармен жұмыс істеу барысында, алдымен олардың өзіндік ауруларының ерекшеліктері мен психикалық процестің  (қабылдау, ойлау, есте сақтау және сөйлеуін) мүмкіншіліктерін анықтау қажет. Диагностикалық тексеруден кейін баланы оқыту арнайы типтік бағдарламаға сүйене отырып, жеке бағдарлама жасалады.

Үйде оқу себептері – омыртқаның кеуде қуысының «S» тәрізді сколиозы, тірек қимыл қозғалысының бұзылуы ДЦП, көңіл — күй эмоциясының тәртіптің бұзылуы, эписиндромы т.б. диагноздар. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып,көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Үйден оқытатын педагогтың мақсаты-ата-аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруды және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындық кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпау керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемділігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды. Баланың шаршауын алдыг алу және қызығушылығын әрі қарай бекіту мақсатында міндетті түрде жеке тіл табысуды қолдаңыз.Ұсақ моториканы дамыту жаттығуларын жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары, саусақ ойые тренингі, массаждар. Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минуттан бірге орындауда құиналса онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтауға болады. Жүйелі жүргізілген жаттығу нәтижесінде баланың саусақ қимылдары иілгіш келеді.Ойын қимылдары әрдайым қызықты да тартымды болуы шарт, баланыи мезі қылмауы керек. Бір өткізгенде 2-3 жаттығу түрін ғана қолданады. Саусақ жаттығулары жазу, математика сабақтарында орындатамыз. Алғашында үстелге немесе басқа затқа сүйеніп саусақ гимнастикасын жасау ұсынылады.

Саусақ жаттығулары қарапайымна күрделіге қарай ойысады. Ол екіге бөлінеді:

  1. Отырып ойнайтын саусақ ойындары. (саусақ ұштарымен қимылдатамыз);
  2. Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып орындалады.

Пассивті жаттығу- ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға жалғасады. Бұл жерде массажды әрекеттер баланың жеке бас диагнозына байланысты жүргізіледі. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасның даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтармен айтылады.

Барлық  жаттығулар  3 топқа бөлінеді:

1-топ Қолдың білектеріне арналған жаттығулар:

  • еліктеу қабілетін дамытады;
  • бұлшық еттерді жиыруға бірнеше уақытқа дейін сақтау білігін дамытады.
  • бір қозғалыстан екінші қозғалысқа ауысуға үйретеді.

2-топ  Саусақтарға арналған шартты статикалық жаттығулар:

Бұрын алынған дағдыларды жоғары деңгейде жүзеге асырады және неғұрлым нақты қозғалысты талап етеді.

3-топ  Саусақтарға арналған динамикалық жаттығулар;

  • қозғалыстың нақты координациясын дамытады;
  • қол саусақтарын бүгуге және жазуға үйретеді;
  • бас бармақты басқа саусақтарға қарама-қарсы қоюға үйретеді.

Саусақ жаттығуларын орындауда:

  1. Алдымен барлық жаттығулар баяу орындалады. Баланың жаттығуды дұрыс қайталауын және білектердің саусақтардың қалпын дұрыс сақтауын және бір қозғалыстан екіншісіне дұрыс ауысуын қадағалау керек. Балаға бірге жасап көмектесу керек.
  2. Жаттығула ралдымен бір қолмен орындалады (егер де жаттығу екі қолдың бірге қатысуымен қарастармаса), содан кейін екінші қолмен, сосын екі қолмен бір уақытта.
  3. Кейбір жаттығулар бірнеше түрде берілген. Бірінші ең жеңілі орындалады.
  4. Әр жапттығуға көру бейнесін қалыптастыру үшін өзінің суреттері сәйкес келеді. Алдымен балаға түрлі-түсті суретті көрсетесіз және жаттығудың қалай орындалуын түсіндіріп, одан кейін бірге жасап үйретесіз. Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланытынымыз белгілі.Сонымен қатар ертеден келе жатқан «Қуырмаш» ойынынан с аусақ атауларын бала тәрбиелеуге,оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Тауықтарғы тары шаш.

Балапанға бидай шаш,

Балаларға тәтті шаш.- дей келе, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:

Сен түйеңе бар,

Сен жылқыға бар.

Сен сиырға бар,

Сен қойыңа бар.

Сен үйде отырып

Шешеңе көмектес,- деп әр саусаққа тапсырма беріледі.Одан соң әр саусақтың басынан ұстап тұрып, «қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар» деп әртүрлі астың атын атай келіп, қолтыққа жеткенде «қуырмаш», «қуырмаш» деп қытықтайды. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйретеді. Сондай-ақ төрт түлік малды таныстырып, оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескерт іп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болытынын уағыздайды. Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қалай қолдануына қарай саусақтарға ат қойған. 1- саусақ «Басбармақ»,2- саусақ «Балаң үйрек», 3-саусақ «Ортан терек» 4-саусақ «Шылдыр шүмек» 5-саусақ «Кішкентай бөбек»

Зиятында ауытқуы болған қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, бала бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын жақсы қабылдайды. Қабылдау мүмкіндігіне байланысты балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болуы мүмкін. Ақыл-ой деңгейіне байланысты балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады. Саусақ жаттығуларын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығулар, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері үстінде үнемі жүйелі пайдаланудың нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамиды.

 

 

2 комментария

  1. Өте жақсы рахмет көп осындай сайттар көп болсын! Жұмыстарына жеміс тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *